Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
Қ.И. Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі

7 «А» сыныбының
жетекшісі: Кожахметова

Кымбат Бодыковна

Жезқазған, 2010ж
1-жүргізуші: Уа халайық! Бүгін Ұлыстын ұлы күні.
Ақ түйенің қарыны жарылған күн. Наурыз мейрамы, Наурыз - парсы сөзі.
Наурыз жана ырыс, күн деген мағынаны білдіреді. Яғни, жана күн, жана жылдың
алғашқы күні! Наурыз күн мен түннің теңелер мезгілі. Қар еріп, жер жүзі
көктеп, көгеріп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасаратын шақ. Бұл аталарымыз
бен әжелеріміз үй -үйді аралап, Наурыз көжеден дәм тататын күн.
2- жүргізуші: Үлкен -кішілерге ақ баталарын беріп, ізгі тілек
тілесетін. Ғасырлар бойы атадан балаға мұра болып келе жатқан дәстүрлі осы
наурыз тойы бүгінгі есігімізді ашып отыр. Өткен жылға еш өкпеміз жоқ.....
Ендеше «Өткенге салауат, болашаққа - аманат» деген. Ата жолымен ескі
жылды шығарып саламыз.
1-жүргізуші: Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлттық мейрамы.
Наурыздың 22-де күн мен түн теңеледі, қыс өтіп көктем келеді.Тіршілік
басталады. Қазақ халқы үшін үлкен мейрам – Жаңа жыл Наурыз мерекесі.

2- жүргізуші: Кел,балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық..
Баянды боп мереке,
Қыр гүліндей жайнайық..-, демекші,
бүгінгі қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттауда «Наурыз
– жыл басы!» атты топтық сайысқа қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер
бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі –
«Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды.
1 – жүргізуші: Сондықтан біріншіден Наурыз тепе-теңдік мерекенің негізгі
арқауы, мәңгі деп есептелген.

Бірге: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

1 – жүргізуші: Бүгінгі қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын
насихаттауда «Наурыз – жыл басы!» атты топтық сайыста жетістіктеріңізді
бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
1.
________________________________________________________________________
__________________________________________________
2.
________________________________________________________________________
__________________________________________________
3.
________________________________________________________________________
__________________________________________________
4.
________________________________________________________________________
__________________________________________________

Бүгінгі топтық сайыс негізгі 3 кезеңнен тұрады:

1. Таныстыру / әр топ өздерін таныстырып өтеді/
2. Салт-дәстүр /әр сынып бір салт –дәстүр көрсетеді/
3. Топтама тапсырмалар /әр сыныпқа әртүрлі тапсырмалар беріледі/

2-жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан
дәстүрлі Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.
Сонымен, І кезең: Таныстыру кезеңін бастасақ!
/Әр сынып өздерің таныстырып өтсе/

Көп-көп рахмет!
/Таныстырып болғаннан кейін/

1- жүргізуші:
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар,-
халқымыз айтпақшы «Нағыз қазақ –қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!»
2- жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй», - деп Абай атамыз
айтпақшы ортаға күйші ______________________________ шақырамыз.
«_____________________ күйі».
Тамашалайық.

1 – жүргізуші: Ұлыстың ұлы күніне байланысты халықтың әдет-
ғұрыптары мен жол-жоралары, салт-дәстүрлері бар.
ІІ кезең: Салт-дәстүрге кезек берейік!
Әр сынып салт-дәстүр түрлерін көрсетеді.

Көп-көп рахмет!
/Салт-дәстүрлермен таныстырып болғаннан кейін/

2- жүргізуші:
Ән мен күйді төгілтіп,
Інжу – маржан шашайық.
Барлығын таң қалдырып,
Өнерден күмбез жасайық.
1- жүргізуші:
Саусағыңнан бал тамған,
Сан түрлі бүгін күйші бар.
Бұрала басып билейтін,
Буынсыз сұлу биші бар.

Би «___________________________________». Орындайтын Аружан
Қабыл алыңыздар!

1 – жүргізуші: Халайық, құтты болсын Наурыз тойын,
Ашылған риялықпен достық қойын.
Салтымен ата–баба жарасымды,
Серпілсін тауқыметтен ғазиз бойың.

2-жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен-тек жоймайық!
Сонымен, ІІІ кезең: Топтама тапсырмаларға кезек берейік!
/әр топ реттік номер бойынша тапсырма таңдайды/
І тапсырма:
Үй салу тәрізді үлкен күшті, көп адамды қажет ететін жұмыста
оны бастаушы көрші-көлем, туған-туыстарын жинап, іске кіріседі. Оған
қатысушылар ақы алмайды. Жұмыс иесі қатысушыларға мол дастарқан жаяды,
оларға ақ алғысын айтады. Бұл көмек қалай аталады?

/Бұл көмек – асар деп аталады/

ІІ тапсырма: Үш көзді ата:
1. Су анасы – бұлақ
2. Жол анасы – тұяқ
3. Сөз анасы -құлақ

ІІІ тапсырма:
Ұлыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланылады?
Жауап: Жеті қазынаның бірі — қара қазанның халқымыздың тұрмыс-
тіршілігінде атқарған қызметі аса терең де мәнді. Оған сиынған халықтық
наным-сенімдер желісінің елестері біздің дәуірімізге түрлі көмескіленген
аңыз-әңгімелер түрінде жетіп отыр.

ІҮ тапсырма: Әннің атын ата, әуенге салып айтып бер!

Наурыз – Думан!
1. Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді, бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.

Қайырмасы:
Наурыз, наурыз күн игі,
Күн игі – жердің түрі игі.
Бауыры жылып науат – қар,
Бабымен ғана жібиді.
Шашылып ырыс шапақтан
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі.

Ү тапсырма: Ойынның атауын тап.
Ойынға бірнеше бала қатысады. Балалар, шеңбер жасап отырады. Жүргізуші
шеңбердің сыртын айнала жүгіріп жүріп, біреулеріңнің артыңа білдіртпей
тақияны тастап кетеді. Егер сезіп қойса, жүргізушіні қуып жетулері керек.
Ал, жүргізуші қуған баланың орнына келіп тұра қалуға тырысады. Жүргізушіге
жете алмаған бала айыбын төлейді, өнер көрсетеді.

Ойын қалай аталады?

Көп-көп рахмет!
/барлық тапсырмалар орындалып болғаннан кейін/

2-жүргізуші: «Қонақ кәде» сіздердің алдарыңызда
6 «В» сынып оқушысы Көшербаев Абылайдың орындауында
«___________________________________» күйі.
Қабыл алыңыздар!
1 – жүргізуші: Наурыздың айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік,
сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен
таным-ұғымдарының үлгі түрлері көп. Оның бәрі әр адамды жоғары саналылыққа,
әдептілікке, өнегелілікке, бауырмалдыққа, көргенділікке, ізеттілік пен
білімділікке баулиды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса
керек.
2-жүргізуші:
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл
айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын.
Жыл басы - Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық
орындалады деп ырым ететін.

1-жүргізуші: Ендеше, «Аталы ел, баталы ел», – демекші, келесі кезекті
«Наурыз батаға» берейік.
(Бата беріледі)

1 – жүргізуші: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерлейік, қадіріңді білдік пе!
Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке!

Бірге: Жарқыраған жыл нұрды,
Жаса, Наурыз дәстүрлі!
2-жүргізуші: Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

_______________________________________________________________

1-жүргізуші: «Төрден орын дайын,
Саған, Наурыз, дәйім.
Бейбіт, табыс жылы боп,
Келе берші лайым!»

2-жүргізуші: Өтер күндер, өтер жылдар, ғасырлар,
Естен кетпес ақтаңдақ жыл тасыры.
Бірлігіңді өмірім деп ұғыңдар,
Жаса, мәңгі қазағымның дәстүрі.

Осымен, бүгінгі «Наурыз – жыл басы!» атты мейрамдық іс-шараны
тәмамдаймыз. Келіп, тамашалағандарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз!

Ұқсас жұмыстар
Мақалды толықтырып жаз
Армысың , әз наурыз. Оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату
Қазақ халқы наурызды қалай қарсы алған
Наурыз – жыл басы ( Тәрбие сағаты )
Наурыз тойы – дәстүрлі мереке
Наурыз-думан
Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрі. Наурыз – жыл басы
Видеобейне Наурыз көже
Наурыз-берекем, наурыз-мерекем!
Наурыз-жыл басы. Қош келдің, наурыз
Пәндер