Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Бал көжеден татыңдар, Көктем Наурыз тойында
№5 «Айгөлек» МКҚК
«Наурыз-көктем,
жыр-думан»
Өткізген: Бисенова
Ж.
2011-2012 оқу жылы
Мақсаты:
- наурыз мейрамының қазақтың жаңа жылы екендігін түсіндіру, наурыз туралы
мағлұмат беру;
- балаларды халқымыздың дәстүріне, ұлағатты сөздерінің мәніне қарай
жақсылық пен ақ ниетке толы бабалар жолын жалғастыруға баулу;
- балаларды елін, Отанын сүюге, жерін қорғауға, қазақтың ұлттық тағамдарын
құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұлыстың ұлы күніне арналған плакаттар, киіз үй, ұлттық
тағамдар.
Барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Әні мен сәні жарасқан «Наурыз-
көктем, жыр-думанға» қош келдіңіздер! Көктем - табиғаттың жаршысы секілді.
Ол-бәрімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын тамаша мезгіл.
Наурыз тойы – мерекесі ұлтымның,
Берекесі ырысы мен құтымның.
Тәуелсіздік думанымен бір келген,
Ұлы күні, ұлыс күні жұртымның,- дей отырып, сіздерді 22-наурыз
«Ұлыстың ұлы күнімен» құттықтаймыз!
Құттықтау сөз кезегі балабақша меңгерушісі Меденова Жаңагүл
апайға беріледі.
Жүргізуші:
Көргенде қуанасың таза ауаны,
Құлаққа естілгендей жаз әуені
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,
Наурызың құтты болсын, Қазақ елі!, - Наурыз мерекесіне арналған өлең
жолдарына кезек береміз.
Нұрай:
Көктем, көктем, көктемде
Құстар келіп жеткенде.
Қуанып біз қаламыз,
Әнімен қарсы аламыз.
Салтымызды жаңғыртып
Наурыз тойын тойлаймыз.
Санжар:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы - жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Айымжан:
Қош келдің, Наурызым, ардақты.
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе берсін жаңарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Диас:
Тақпақ айтам атасы
Құлақ салып тыңдашы.
Бар балаға өзіңдей,
Тыныш өмір сыйлашы.
Нұрқанат:
Қарды ерітіп жылғасы,
Наурыз келді жыл басы.
Шуақ төкті жарық күн,
Мейрамына халықтың.
Инабат:
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салайық бәріміз,
Би билейік бәріміз.
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп жер бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Қазақтың ұлттық биі «Қамажай».
Жүргізуші:
Әнші, биші, ақынбыз,
Елім тапқан жарасым.
Думандатып жатырмыз
Қазағымның даласын.
Ән: «Наурыз»
Жүргізуші: Қазақ халқының бұрыннан келе жатқан саалт-дәстүрі бар.
Солардың бірі «Бесікке салу». (Әжеміз бесікке салуды көрсетеді).
Жүргізуші:
Наурыз – шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз,
Би билейміз бәріміз,- деп, тобымыздың биші жігіттерін «Қара жорға» биімен
ортаға шықырамыз.
Жүргізуші:
Ау, жараңдар, жараңдар
Қызыққа мына қараңдар.
Ұлыс күні жаңаша
Болыпты бір тамаша.
Көрініс: «Алдар Көсе»
Бір күні Алдар Көсе жаяу келе жатса, алдынан салт атты адам шығыпты.
Амандық, саулық сұрасқаннан кейін:
- Атың кім?
- Атым Алдар.
- Әй, сен әлгі алдайтын Алдармысың? Қане, мені алдашы!
- Ойбай, алдайтын ала таяғым үйде қалып қойыпты. Атыңды бере тұршы алып
келейін.
Әлгі адам Алдарға атын береді. Алдар атқа шыға бере:
- Алдаған деген осы болады, қош бол!- деп шаба жөнеледі.
Әлгі адам алданғанын сонда ғана біліп, санын бір-
ақ соғады.
Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»
Шарты: Балалар 2 топқа бөлінеді. Сызық бойына арқан тасталады. «Үш» деген
кезде 2 топ ойыншылары өз жағына тартады. Қарсыласын сызықтан асырғанша
тартқан топ жеңеді.
Әже: (қолында тостағаны бар)
Ау, апалар, даналар!
Айналайын балалар!
Тоя ішсін деп тамсанып,
Тоғыз түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім
Бал көжеден татыңдар,
Көктем Наурыз тойында.
Дидар: (Бата береді)
Дастарханға береке берсін!
Бастарыңы мереке берсін!
Астарыңа адалдық берсін!
Дендеріңе саулық берсін!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz