Практикалық есептер шығару

Математика, 2-сынып.

Сабақтың тақырыбы: Берілгені бойынша бөлу. Практикалық есептер шығару.

Сабақтың мақсаты.

Білімділік мақсаты: оқушыларды бөлу амалының мән-мағынасын ашатын есептермен таныстыру, практикалық жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың танымдық қабілеттерін кеңейте отырып, ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: үйренген білімді өмірлік жағдайда пайдалануға, есеп шығаруға үйрету, көңілді тапсырмалар арқылы математика пәніне қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа біліммен таныстыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік, практикалық, сұрақ-жауап, ойын, тест.

Көрнекілігі: сиқырлы шаршылар жазылған плакат, есеп мазмұнына байланысты суреттер, жемістер суреті.

Жаңа технология: активстудио құралдарын пайдалану, флипчартпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: қызықты математика, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы .

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

Сабағымыз басталды,

Балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар,

Сабаққа зер салыңдар.

Үй тапсырмасын тексеру. №8. «Сиқырлы шаршылар».

Жаңа сабақ.

а) Жаңа материалмен таныстыру.

1. Практикалық іс-әрекет орындау арқылы бөлу жұмысын ұйымдастыру. Оқушылардан 12 дәптерді 2 оқушыға немесе 2 қорапқа бөліп салуды сұраймын.

1-тәсіл: барлығын таратып біткенше бір-бірден береді немесе салып отырады.

2-тәсіл: көз мөлшерімен екіге бөліп, содан кейін санайды.

Нәтиже: 12 дәптер тең екі бөлікке бөлінеді.

ә) Флипчартпен жұмыс (№1, №2 тапсырмалар орындалады) .

№1. Оқушылардың назарын тақтадағы суретке аударамын. Оқушылардан сурет бойынша бөлудің қалай орындалғанын түсіндіріп, жинақтап көрсету сұралады.

а) 6 алманы 2 тәрелкеге тең бөліп сал. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?

Оқушылар жауабы: әр тәрелкеде 3 алмадан.

ә) 6 алманы 3 тәрелкеге тең бөліп сал. Әр тәрелкеге неше алмадан салынады?

Оқушылар жауабы: әр тәрелкеде 2 алмадан.

Қорыту. 6 алма (немесе 6 саны) 2 бөлікке және 3 бөлікке тең бөлінеді.

Тапсырма №1.

Есепке сурет салып шығару арқылы практикалық жұмыс жүргізуге үйрету.

а) 8 шие 4 тәтті нанға тең бөлінді. Әр тәтті нанға неше шиеден қойылды?

Жауабы: 4 нанға 2 шиеден қойылды.

ә) Мектеп асханасында 10 тәтті тоқашты 2 ыдысқа тең бөліп салды. Әр ыдысқа неше

тоқаштан салынды?

Жауабы: 2 ыдысқа 5 тоқаштан салынды.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды алға созайық.

Бір отырып, бір тұрып

Демімізді алайық.

Есептер шығару.

№3. Тақтаға мысалдар жазылған плакат ілінеді. Мұндағы бос шаршыларға тиісті сандарды жазып «Балапанға көмектесейік» ойыны жүргізіледі.

5 жүзд. 3 онд. = □ 4 жүзд. 8 онд. = □ 74 онд. = □

2 жүзд. 8 бірл. = □ 3 жүзд. 2 бірл. = □ 8м 5 дм 4 см = □ см

5 м 2 дм = □ см 3 м 7 дм 1 см= □ см

№4. Амалдарды орында.

100- (32-25) (45+25) -12

(100-82) +23 24- (82-78)

25 + (90-23) 12 + (80-45)

Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

-Балалар, сабақ ұнады ма?

- Сабақтың қай кезеңі қызықты өтті?

-Қандай тапсырмаларға белсенділікпен қатыстыңдар?

Бағалау, мадақтау.

Үйге тапсырма: №5, 228 бет


Ұқсас жұмыстар
Электр құбылыстары
Логарифмдік теңдеулерді шешу әдістерін үйрету
5-сынып математика пәнінен орта мерзімді жоспар
5 сынып - Математика - жылдық жоспар
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
Физика практика-сараман
Логарифмдік теңдеулер тақырыбына есептер шығару
Квадрат үшмүше. 8-алгебра
Химиядан үйірме жоспары.8 сынып
Алгебралық теңдеулер жүйелерін шешуге берілген есептер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz