Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қыпшақ хандығы

Ашық сабақ 22.12 2011ж.

Қазақстан тарихы 7- сынып
Пән мұғалімі: Жантілеуова Б

Сабақтың тақырыбы: Қыпшақ хандығы

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қыпшақ хандығының қоныстанған жерлері, этникалық құрамы,
саяси
жағдайы мен қоғамдық құрлысы, шаруашылығы туралы
түсіндіру.
Дамытушылығы: Оқушылырдың ойлау қабілетін, қызығушылығын, белсенділігін
арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, алғырлыққа, ұжым намысын жоғары қоюға
тәрбилеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Тірек сызбамен сатылап түсіндіру, дамыту ойындары

Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалы слайдтар, карта: «Дүние жүзінің саяси
картасы»,
«Қазақстанның саяси картасы»

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа тақырып
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Жоспары:
1.Қыпшақтардың қоныстанған жерлері және этникалық құрамы.
2.Қоғамдық құрлысы.
3.Қыпшақ хандығының саяси жағдайы.
4.Шаруашылығы.

1. Қыпшақтардың этникалық құрамы:

| Ру аты | Таңбасы | Ұраны | Исі жүзі |
| Қыпшақ | | Ойырбас, | Орта жүз |
| | |Ойбас | |
| | |(Уайс) | |

2. ХІ ғасырда Қыпшақ хандығының аумағы:

Балқаш көлі
Жоңғар Алатау

Оңтүстік

Алтай Ертіс Шығыс Дешті қыпшақ даласы Батыс Оң. Орал Еділ

Солтүстік

Құланды даласы

3. Көшіп қонған жерлері : Есіл Тобыл

Маңғыстау,Үстірт
(қыстау)
Нұра

Жем Қыпшақ
хандығы Сарысу

Сағыз
Жайық
Ойыл
Қобда
(жайлау)
4. Қыпшақтың этникалық құрамы ҮІІ – ҮІІІ ғ. ғ. қалыптасты :

Батыс бірлестігі
Шығыс бірлестігі

11 тайпадан тұрады 16
тайпадан тұрады

елбөрілі - ең беделдісі(хан сайлаған) 8 негізгі топ
ұсақ тайпа
тоқсоба - 9тайпа
дурут - 4 тайпа
йетиоба -7 тайпа
5. ХІІ ғ. Қыпшақ бірлестігіне кіретін түркі тілдес тайпалар:
Қимақ
Оғыз

Қаңлы Қыпшақ бірлестігіне Ежелгі
башқұрт

Қарлұқ
Жікіл

6. Қоғамдық құрылысы : Орда (хандық биліктің орталығы)

Әскери басқару жұйесі
Оң қанат
Сол қанат

Сарайшық
Сығанақ
(Жайық)
(Сырдария)

7. Қыпшақ хандығының әлеуметтік- экономикалық тегі :
Хандар Туған-туысы
Тархан

Байлар Ақсүйек-шонжарлар
Басқақтар

Бектер Ру – тайпа
көсемдері
Қарапайым халық - кедейлер , жатақтар және құлдар (М. Қашқари:
“ялангук”)

8. Саяси жағдайы : Картамен жұмыс.
ХІ ғ. бастап Қазақстанның Жетісудан басқа жерлердің барлығына қыпшақтар ие
болды.
Хғ. аяғы – ХІғ. басында Оғыз хандығының жағдайы нашарлай бастайды.
Оғыздарға Солтүстік және Солтүстік Шығысынан басып кіріп қыпшақтар оңтүстік
батыста өздерінің шекарасын Сырдарияның орталық ағысынан Арал теңізіне
дейін кеңейтеді. Батыста Еділ өзеніне дейінгі жерлерді иемденеді. Оңтүстік
орыс далаларын, Кавказ, Қырым жерлерін алып, шекараларын Донға дейін
кеңейтеді.
Орыс деректерінде – қыпшақтарды – половшылар(далалықтар)
Дунайдағы қыпшақтарды венгрлер -Кундар немесе командар деп атаған.
ХІІІ ғ. Сыр бойындағы қалалар үшін Хорезм шахы Мұхаммед пен Қыпшақ хандары
арасында шайқаста қыпшақтар өз ішіндегі алауыздықтың кесірінен жеңіліп
солтүстікке шегінеді.
1133 жылы Хорезм билеушісі Атсыздың шабуылынан кейін қыпшақтар екіге
бөлінді.
1195 жылы Хорезм билеушісі Текеш Сығанақ билеушісі Қадыр- Буке ханға қарсы
шығады. Текеш Отрар билеушісі Алып- Дерекпен одақтасып қаланы басып
алады.
Билік үшін бәсеке тек моңғолдар екі елді де басып алғаннан кейін ғана
біржола тоқтайды.
Қыпшақтар- қазақ халқының басты этникалық құрамының біріне айналды.

9. Шаруашылығы:
1. Мал шаруашылығы: төрт түлік малдың барлық түрін өсірген
Жылқы - байлық өлшемі - Ауған - Ирак - Египетке

100-500 динар
Саяхатшылар:П. Карпини, В. Рубрук, Ибн Батута ХІІІ ғ.
2. Егін шаруашылығы - тары-күріш- бидай-арпа

көп аз
өсірген
Саяхатшы әл- Омари ХІҮ ғ.
3. Кәсіп түрлері:
- Аң аулау- жылы киім үшін - садақпен (Еврей саяхатшысы Петахья )
- Тұрмыстық кәсіп : темір ұсталық - ағаш ұсталық - зергерлік

10. Жаңа сабақты бекіту.

Дамыту ойыны “Домино”.
Шарты: Сөйлемдердегі ортақ сөзді тап. Әрбір сөйлемдегі ойды аяқта.

1. Қыпшақ хандығының аумағы”Дешті қыпшақ деп аталады.”
2. Хандықтың этникалық құрамы ҮІІ-ҮІІІ ғ.ғ. қалыптасты.
3. ХІІ ғ. Қыпшақ хандығына түркі тілдес тайпалар кірді.
4. Қыпшақ хандығында биліктің орталығы “Орда”деп аталады.
5. Қыпшақ хандығының әлеуметтік-экономикалық тегі таптық құрлысы болады.
6. Қыпшақ хандығы құлағанымен, оның халқы мүлде жойылып кеткен жоқ.

«Қыпшақ хандығына саяхат» Картамен жұмыс
1. Қыпшақ хандығының алғашқы аумағын көрсет?
2. ХІ ғасырдан кейін оның шекарасы қай жерлерге дейін кеңейді?
3. Қыпшақтарды половшылар деп атағандар кімдер?
4. Қыпшақтарды қай ел кундар, командар деп атаған?

Мына сөзді кім айтты?
1. «қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен»
Ж: Плано
Карпини
2. «қыпшақ тілінде құл- яланкуг»
Ж: Махмұд
Қашқари
3. Қыпшақтар жері мал өсіруге қолайлы. Малдың көптігі соншалық, ондай
мал ешбір елде жоқ
Ж: Ибн
Баттута
4. «Қыпшақтардың арба үстіне тігілген үйлерін 10 немесе 22 өгіз тартады»
Ж: Г.
Рубрук

11.Оқушылырды бағалау.

12 .Үй тапсырма: Қыпшақ хандығы. Сөзжұмбақ, ребус жасау.

Ұқсас жұмыстар
Қыпшақ хандығы 7-сынып
Хандық биліктің орталығы
Орта ғасырлардағы Қазақстан
«ежелгі дәуір әдебиеті» факультативтік курсының бағдарламасы
Қазақстанның Ресейге қосылуы
Казак отрядына
Қазақ хандығының құрылуы. 7 сынып. Қазақстан тарихы
Қазақ халқының қалыптасу негіздері
Қайталау Қазақ хандығының 16-17ғ дамуы Қазақ хандығына саяхат
Қазақ хандығының құрылуы жайлы ақпарат
Пәндер