9-сыныпқа арналған Бақытты сәт сайыс-ойын сабақ жоспары: ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени мұраны пысықтау

Бақытты сәт

«Cалтын сүймеген, халқын сүйіп жарытпас»

Сабақтың мақсаты:1. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін

пысықтап, білім деңгейін кеңейту.

2. Сұрақтарды дұрыс түсініп, толық жауап беру дағды-

ларын қалыптастыру. Логикалық, ойлау қабілетін дамы-

ту, танымдық деңгейін көтеру.

3. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын

арттыру, Отанын, елін сүюге, халық дәстүрлерін

сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: сайыс-ойын сабағы

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, елтану, музыка

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлік презентация, бейнематериал, бағалау парағы

Шараның барысы:

Мұғалімнің сөзі:

- Құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы! Сіздер 9 сынып оқушыларының қатысуымен өткізілетін «Бақытты сәт» сайысын көріп тамашалайсыздар.

Бұл сайысты өткізудегі мақсатымыз - өткен сегіз модульдің тақырыптары бойынша білімімізді пысықтау.

-Ойынымызды бастайық!

-Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік

І топ 9-А сынып оқушылары.

ІІ топ 9-Б сынып оқушылары.

- Командаларымызбен таныстық, ал енді әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер

1 . . .

2 . . .

3 . . .

Ойын 5 геймнен тұрады. Олар:

1-гейм «Бой сергіту»

2-гейм «Сен-маған, мен- саған»

3-гейм « Бөшкеден шыққан бас қатырғылар »

4-гейм «Жұмбақтас »

5-гейм « Көсемдікке ұмтылу »

-Ойынымыздың 1 -геймі «Бой сергіту»

- Интерактивті тақтада көрсетілген 5 тақырып бойынша cұрақтарға жауап беру

Ұлттық тағамдар:

1. Қазақтың ұлттық дастарқанының негізгі тамақ түрлері қандай?

2. Қымызды неден жасайды?

3. Наурызкөже дегеніміз не?

4. Асты сызылған сөздің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз:

Қазақ халқы дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп есептейді.

5. Мақалды толықтырыңыз

Еңбектің . . . тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Киіз үй:

6. Қазақ халқының ертеден келе жатқан баспанасы қалай аталады?

7. Киіз үйдің ағаш қаңқасы қандай бөліктерден тұрады?

8. Шаңырақ дегеніміз не?

9. Асты сызылған сөздің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз

Сегіз қанат үйдің ішінде қызылды- жасылды жиһаз жоқ.

10. Киіз үйдің ішкі жасауларына нелер жатады?

Қазақтың салт- дәстүрлері:

11. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін атаңыздар.

12. Бата дегеніміз не? Оны кім береді?

13. Суретте бейнеленген дәстүр қалай аталады?

14. Асты сызылған сөздің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз

Қазіргі заманда жастардың үйлену тойы, негізінен, жүйелі бір тәртіппен өтеді.

15. Құрмалас сөйлемнің түрін ажыратыңыз

Шілдехана думанды болса, сәби қызықты өмір сүреді деген сенім бар.

Ұлттық киімдер:

16. Ұлттық киімдерге нелер жатады?

17. Ұлттық аяқ киім түрлерін атаңыздар.

18. Қалындықтың бас киімі қалай аталады?

19. Ұлттық киім атаулары қатысқан тұрақты сөз тіркестерін айтыңыздар

20. «Сильно радоваться» тіркесінің ұлттық киімге байланысты ауыспалы мағыналы баламасын табыңыз.

Ұлттық аспаптар:

21. Ұлттық аспаптарды атаңыздар.

22. Қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабын атаңыздар.

23. Жеті ішектен тұратын музыкалық аспапты атаңыз.

24. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз.

Шаңқобыз-қазақтың көне музыкалық аспабы.

25. “Әсемқоңыр”, “Бұлбұл” күйлерінің авторы кім?

2-гейм «Сен-маған, мен- саған»

-Әр топтың қарсылас топқа үйден дайындап келген 2 сұрағы бар. Әрбір сұрақ пен жауап 10 балдық жүйе бойынша бағаланады. Бірінші кезекті «Білгірлер» тобына береміз.

3- гейм «Бөшкеден шыққан бас қатырғылар»

-Мұнда команда капитандары келіп кез келген бөшкеден 1 тапсырманы таңдап алады да, орындарына барып 3 минут ішінде жауап береді.

  • Көріністі толықтыру

Әже мен немерелері.

Бала даладан жүгіріп келеді:

-Әже, әже не істеп отырсыз?

Әжесі: Мен жүн иіріп, саған қолғап тоқып берейін деп отырмын.

Бала: Әжетай, сәби дүниеге келгенде қандай ырымдар жасалады?

Әжесі: . . .

  • Берілген сөздерден шағын өлең құрастыру

Отан

Қала

Туған жер

Кең далаң

Ыстық

Сүйемін

  • Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау, яғни мәтіннің мазмұнына байланысты мақал айту.

Жиренше мен хан

Бір күні хан Жиреншені үйіне шақырады. Ол дастархандағы қаздың етін көрсетіп, Жиреншеге:

«Мына қаздың етін өзіме, ханымға, екі балама және өзіне бөл. Біреуге кем немесе артық жібермей тең бөліп берсең»-деп бұйрық береді


Ұқсас жұмыстар
Қыз Жібек жырындағы ұлттық салт-дәстүрлер: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Бақытты сәт - математика пәнінен топтық ойын-сайыс сабақтың әдістемелік жоспары
Орта мектепте сөз таптарын қайталауға арналған Бақытты сәт ойын сабағы
Отбасылық сайыс: ата-ана мен баланың тәрбиесі және ұлттық салт-дәстүрлер
Сабақ жоспары: Қазақтың дастарханы - ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлер
7-сыныпқа арналған Наурыз тәрбие сағаты: ұлттық салт-дәстүрлер мен тәрбиелік мақсаттар
Өнегелі салтың бар, өсер ұрпақ: ұлттық салт-дәстүрлер мен қыз ұзату рәсімдерін насихаттауға арналған тәрбиелік-мәдени бағдарлама
Бастауыш сыныптарға арналған Наурыз ертеңгілігі: ұлттық салт-дәстүрлер мен ойындар
Әдебиеттік оқу: Ата-баба мұрасын құрметтеу - мәдени мұраны оқытуға арналған сабақ жоспары
Алтын сақа ертегісі негізіндегі ұлттық салт-дәстүрлер мен қолөнер сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz