Мектеп оқушыларын рухани адамгершілікке тәрбиелеу

«Мектеп оқушыларын рухани адамгершілікке тәрбиелеу»
Сисенова Күміс Бақытқызы
С. Меңдешев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі.
Адамгершілік тәрбиесі - адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Сондықтан да адамгершілікке жеке тұлғаны тәрбиелеуде мектептің алатын орны зор. Адамның адамгершілігі-оның жоғары қасиеті. «Адамгершілік» адамның санасындағы, оның ішкі дүниесіндегі асыл қасиеттердің жиынтығы немесе биік шыңы. Адам баласында адамгершілік қасиеті қараптан-қарап туындамайтын қасиет. Ол қасиет отбасында, ортада, мектепте, айналадағы адамдармен қарым-қатынасында қоғамдық тәрбиелермен қалыптасады. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деген мақал бар. Тәрбие болмаған жерде адамгершілік болуы мүмкін емес. Адамның адамгершілік қасиеттері ең алдымен дұрыс амандаса білу, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болу, өзара сыйласу, қарапайымдылық, кішіпейілділік, салмақты да сабырлы болу, үлкенге ізетті, кішіге қамқор болу жатады. Сондай-ақ өз қолыңнан келгенше көмегіңді аямау, біреудің жақсылығын бағалау, оны қанағат тұту. Қазақта «Айналаңда досың көп болуы үшін жақсы бол, арың таза болсын» деген сөз бар. Сондай-ақ «жамандық-жамандықпен аяқталады», -дейді. Қай жерде болса да біреуге жамандық жасасаң қашан да болса да өмірі алдыңнан шығады.
Адамгершілік қасиет қоғамның тарихына байланысты қалыптасып отырады. Заман өзгеріп отырған сайын, адам да өзгереді. Бірақ әркім өскен ортасында адамгершілік қасиетін берік ұстауы тиіс.
«Көргендінің қылығы, көңіл марқайтады», -деп қазақ халқымыз тегін айтпаған. Әр бала өзін мәдениетті ұстаса, өз ортамыздың көңілін марқайтады. Адамның бойындағы жақсы қасиеттер оның істеген қылығынан, сөйлеген сөзінен көрінеді. Ең бастысы-адамгершілікті бойға сіңіре білу. Осы мақсатта біздің С. Меңдешев атындағы жалпы білім беретін мектепте «Өзгені сыйлау үшін, әуелі өзіңді сыйлай біл», «Әдеп жолы әріден басталады»деген тақырыпта шығармашылық жұмыстар, «Көргендінің қылығы көңіл марқайтады» атты анкеталық сұрақтар, «Имандылық-инабаттылық мұраты», «Тәрбиелі-тәртіптің құлы» атты баяндамалар, «Сәлемдесе білесің бе?», «Ар-абыройыңды жасыңнан сақта» т. с. с өнеге сағаттар өткізу арқылы жас жеткіншек бойында адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға баулудамыз.
Мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді. Адам бойындағы жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал барлық жаман қасиеттер амалдың көрінісі. Адам денесі біреу болғанымен оның ішінде қарама-қарсы, яғни жақсы мен жаман екі күш болады. Ол екеуі үнемі күресте болады. Адамның жақсы не жаман болуының осыған байланысты екенін Ш. Құдайбердиевтің мына бір өлеңі айқындай түседі.
«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр, Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап тұр. Тағдырдың бір қиын, сырлы сиқырымен
Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр. »
Қазір адамдардың компьютер дәуірінде өмір сүріп жатқанын бәріміз білеміз. Бірақ рухани адамгершілік адамның бойынан толық көріне бермейді. Сондықтан да, білім берудің барлық кезеңдерінде рухани адамгершілік тағылымдарын негізге алған жөн. Сонда мінез-құлқы жетілген, саналы адам қалыптасады. Жетілген мінез-құлық үш нәрсенің: жүректің, ақылдың, қолдың келісімі. Бала өзінің жүрегін тыңдауға үйренсе, жүрегінің ғана айтқанын орындаса өмірден өз орнын таба алады деп сенемін. Мұндай тәрбие әуелі отбасында, мектепте, оқу пәндерінде, тәрбиелік іс-шараларда, ойындарда қойылымдар арқылы жүзеге асуы тиіс. Осыдан келіп адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі күші мұғалімнің үлесіне тиеді. Сабақ үстінде мұғаліммен және құрбыларымен үнемі қатынасып отыру нәтижесінде баланың адамгершілігі қалыптасып, өмір тәжірибесі байи түседі.
«Адамға ең керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі», -деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі категориясының бірі - тәрбие. Тәрбие түрлі болады. Адамгершілік тәрбиесі балаға жападан -жалғыз әсер етпейді. Барлық тәрбие біріге келіп, адамгершілік сапаларын және адамзат құндылығын арттырады. Төменгі сынып оқушысының жеке басын қалыптастырудағы міндеттердің бірі оған адамгершілік туралы ұғымдар, түсініктер байыту болып табылады. Мұғалім балаларға сыныптан тыс оқуға түрлі тапсырмалар береді. Қол еңбегі, суретті бейнелеу, сұрақтарға жауап беру, оқыған кітаптары туралы ойларын білуге, адамгершілік көзқарасын білуге болады. Мектеп жанындағы балаларға әр пән бойынша адамгершілікке тәрбиелеу үшін зор мүмкіндіктер бар. Еңбек сабағында өздері жасайтын бұйымдар балаларға тәрбиелік ықпал жасайды. Өздері істеген жұмысын көрсетуге ұялмайтындай болып істеуге ұмтылады. Ал бейнелеу пәнінде әлемді эстетикалық тұрғыдан ұғыну қажеттілігін тудырады. Баланың адамгершілік қасиеті ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынаста қалыптасады. Ол турасында «Менің жолдасым», «Біз мектеп ауласында ойнаймыз» деген тақырыпта әңгіме құрап, суретін бейнелесе де жеткілікті. Мектепке барған баланың негізгі әрекеті оқу болғанымен, ойын бұрынғысынша олардың өмірінде кең орын алады.
Ойнау кезінде «жолдастық ережені» білген жөн.
- Жолдасыңа көмектесу.
- Бар затыңды жолдастарыңмен бөлісу.
- Дос жолдасың жамандық істесе оны тоқтату.
- Жолдастарыңмен тату болу. Олардың ескертпелерін ала білу.
Адал ойын мен жарыс ережесі.
- Жарыста арамдық жолмен алға шығуға ұмтылмау керек.
- Басқалар жеңіліп қалса да табаламау
- Ұтылсаң еңсеңді түсірмеу.
- Әрқашан сыпайы болу. Кездескенге сәлемдес, кетерің қоштасуды ұмытпау.
- Үлкенге ізетті, кішіге қамқор болу.
- Ешқашан кешікпей жүру. Сертіңе тұру.
- Қыңырлық жасамау.
- Адамдарға немқұрайлы қарамау, топшыл болуға үйрету.
Мұғалімнің адамгершілікке тәрбиелеуінің арқасында оқушы өз бойындағы жақсы жаман қасиеттерін ажырата біледі. Өзінің қалыптасуына айналадағы ортаның әсері мол екенін, өз ойын еркін жеткізе білуге, ойлап сөйлеуге үйренеді. Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде жас ерекшелігін ескере отырып, мына факторларды есте ұстаған жөн деп есептеймін.
Тәрбиелеу
Елбасы Н. Назарбаев «Оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық қасиеттерді сіңіре білсек, тәрбиелесек, сонда біз рухы дамыған Отанымыздың гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз»- деген болатын. Білім өзінің шынайы міндетіне жауап беруі үшін балаларды жас кезінен бастап ең маңызды адамдық саналарды - адамгершілікті, жанашырлықты және басқа да асыл қасиеттерді дамыту керек. Қазіргі жағдайда бұл талаптарды жүзеге асырудың мынандай мүмкіндіктері бар:
- Рухани адамгершілік құндылықтарды кез-келген пәнді оқытудың мазмұнына енгізу.
- Сыныптан тыс сабақтарды баланың адамдық асыл қасиеттерді игеруіне ықпал ететіндей бағытта ұйымдастыру.
3. Жеке пән ретінде жүргізілетін сабақтардың бағдарламасына енгізу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz