Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушы саны

Ақпараттық мәдениет негіздері 4 сынып
Оқушы саны: 15
Тақырыбы: Компьютер бөліктерін қайталау.
Мақсаты:
1. Компьютер құрамы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтіп, еңгiзу және
шығару құрылғыларымен жұмыс жасауды қалыптастырады.

Табыс критерийлері:
• Оқушылар компьютер бөліктерін: жүйелі қорап, монитор, пернетақта,
тышқан және қосымша бөліктерін біледі;
• Еңгізу және шығару құрылғыларын ажырата алады;
• Ақпаратты тасымалдау құрылғыларын ZIP –дискеті, CD- дискілері, FLASH
-карталарды орынды қолдануды біледі.
Ресурстар: электронды презентация, жұмыс дәптерлері , постерлер, сурет-
сызбалар, интерактивті тақта, ноутбуктер, стикерлер және маркерлер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин)
Сабақтың тақырыбы, мақсаты және табыс критерийлерімен таныстыру (1мин)
Топтық жұмысты ұйымдастыру (13 мин)
А) Оқушыларды түрлі түсті кәмпиттер арқылы топқа бөлу. (2 мин)
Б) Топ мүшелерінің міндеттерімен таныстыру (1 мин)
В) Топ ережесін бірлесе отырып құру, постер жасау (5 мин)
Г) Әр топ өз жұмыстарын қорғайды. (5 мин)
ІІ. Өткен материалды қайталау:
Техника қауіпсіздігінің негізгі ережелерін қайталау; (1 мин) Сыныппен
жұмыс.
ІІІ. Жаңа материал бойынша жұмыс: (12 мин)
Топтық жұмыс:
Компьютерді модельдеу (7-мин); (С, Қ, А) және (М)
Моделді қорғау (5 мин). Оқушы сұрақтарына жауап беру.
(С, Қ, А) және (М)

Тапсырмалар: Жұппен жұмыс (3 мин) Слайдтағы құрылғылардың суреттері бойынша
еңгізу, шығару және ақпаратты тасмалдаушы құрылғыларды ажырату. Кестені
толтыру.
1. Енгiзу құрылғылары - Пернетақта, микрофон, дискжетек, фотоаппарат,
бейнекамера, джойстик, тышқан, сканер.
2. Шығару құрылғылары - Монитор, колонкалар, баспа құрылғылары
(принтер), дискжетек.
3. Ақпаратты тасылмалдаушылар – 3,5’дискеті, ZIP діскеті, CD, CD+R, DVD
дискілері, FLASH картасы, т.б.
Топ басшысына бағалау парағы беріледі.
Бағалау парағы: Әр талап 1 баллмен бағаланады.

|Топ |1 оқушы |2 оқушы |3 оқушы |4 оқушы |5 оқушы |
|білімділігі | | | | | |
|белсенділігі | | | | | |
|тәртібі | | | | | |
|Қорытынды | | | | | |

Сергіту сәті: «Cute Froggy Dance» сыныппен жұмыс (1 мин)
Логикалық тапсырмалар: жұптық жұмыс ( 3 мин) (С, Қ, А) және (М)
1. Дөңгелекте 8 әрiп, ал шаршыда 4 әрiп болатындай етiп, кез келген 9
әрiптi жазып шық.
2. Дөңгелекте 7 сан, ал шаршыда 4 сан болатындай етiп, кез келген 9 сан
жазып шық.

ІV. Практикалық тапсырма:
Компьютерде жеке жұмыс орындау: (5 мин) Тапсырмаларды орындап,
нәтижесін флеш картаға көшіру. (мұғалімге көрсету) (С, Қ, А) және (М)
V. Бекіту. Соңғы 5 минут. (С, Қ, А) және (М)
VІ. Үй жұмысы: (2 мин) 1. Еңгізу және шығару құрылғылары туралы қосымша
материалдан оқып келу.
2. Компьютердің соңғы шықан құрылғылары туралы эссе жазып келу.
(С, Қ, А) және (М)
VІІ. Бағалау.
Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды жасаған жұмыстары бойынша
бағалайды, бағалау парағын толтырады, ал мұғалім топ басшысының есебін
ескере отырып, оқушыларға баға қояды және әр оқушыға рефлексивтік қағаз
береді.
Кері байланыс (2 мин) (С, Қ, А) және (М)

Тегі, аты-жөні: __________________________________________

Сабақ соңы.
Сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Жартылай жетім балалар саны
Мектеп спорт алаңы
Тапқырлар сайысы жайлы ақпарат
Сандар сырының құпиялары
9-ға және 3-ке бөлінгіштік белгелері
Өзін-өзі танудағы мониторингтің жүйесі
"Компьютерлік ойындардың зияны"
Бастауыш шағын жинақты мектеп
Педагог-психолог, 2013-2014 жылдық есеп
Ең үлкен ортақ бөлгіш тақырыбына есептер шығару
Пәндер