9-11 сыныптарға арналған МАБ пен ҰБТ-ға тест парақшалары: мониторинг, талдау және қатемен жұмыс

Сіздерге ұсынып отырған кестелерімді 9, 11 сыныптардағы оқушыларды МАБ пен ҰБТ-ға дайындау барысында қолданылатын тестілеу парақшаларым. Бұл парақшалардың тиімділігі оқушы тест жұмыстарының мерзімін, тест нөмірін белгілеп, орындағаннан кейін мұғалімнің көмегімен оны тексереді, жалпы ұпай санын шығарып, қатемен жұмыс жасап, тест қорытындылары бойынша өз еңбегіне талдау жасап, кестенің төменгі жағына мониторингін жасай алады. Оқушы тек орындаушы емес сонымен бірге өз еңбегінің жемісін бақылап қорытынды жасай алады. Ал оның өзі мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді. Сонымен тест жұмыстарының нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, қандай тест сұрақтарынан қателіктер жібергенін бақылап отыруға ыңғайлы. Жіберілген қателіктеріне екінші рет оралып қайта қарап шығуға болады. Оқушы тест сұрақтарына жауап беру барысында «қате» белгіленген сұрақ болмауы керек.

Ал мұғалім өз кезегінде жалпы сыныптың үлгеріміне, білім сапасына қортынды мониторингін жасайды.

Тест жұмыстарын алу, орындау барысында оқушылар арасында қолданатын және бір әдіс -«жарыс». Білім деңгейіне қарай оқушыларды жұппен немесе топпен көп ұпай жинауға жарыстыру. Оның өзі оқушылардың белсенділігін арттырады.

Бұндай парақшаларды үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізгенде де қолдануға болады.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, А. С. Пушкин атындағы №1 экологиялық мектеп-гимназиясының қазақ тілі пән мұғалімі Сейданова Рита Садуахасқызы.


Ұқсас жұмыстар
Орыс мектептеріне арналған қазақ тілінен МАБ пен ҰБТ-ға дайындық: әдістемелік құрал
Қазақстан тарихы: 5-11 сыныптарға арналған тестілік жинақ (ҰБТ-ға дайындық)
Негізгі мектептің 9-сынып геометрия курсын қайталауға арналған тест тапсырмалары (ҰБТ-ға дайындық)
Мұхит атындағы орта мектептің математика пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық жұмыс жоспары
Алғашқы функция және интеграл: 11-сыныпқа арналған ҰБТ-ға дайындық сабақ жоспары
Ерітінділер және сандық есептер: 11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың әдістемелік және ұйымдастырушылық негіздері
11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға психологиялық дайындау: сенімділік қалыптастыру және стресті басқару тренингі
Математика пәнінен ҰБТ-ға оқушыларды дайындаудың тиімді әдістемесі: деңгейлік топтау, қателерді талдау және уақытты басқару
Мұғалімнің әлеуетін дамыту арқылы оқушылардың ҰБТ-ға дайындық сапасын арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz