Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ақпарат түрлері. Сабақтың мақсаты
Күні: _________
Сабақтың тақырыбы: Информатика. Ақпарат.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты
мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік
дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта,
электронды оқул
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.
5.Сабақты бекіту.
6.Үйге тапсырма беру
Жаңа түсініктер:
Информатика
Адам өзінің ісінде ақпарат жиымдарын пайдалануын дамытып келеді.
Мысалы, егер 1940 жылдан 1950 жылға дейін ақпарат көлемі, 10 жылда екі есе
көбейсе, қазіргі кезде 2-3 жылда осындай екі еселену болады. Ақпаратпен
жұмыс істегенде, оны сақтаудың, жіберудің, іздеудің, өңдеудің қолайлы
тиімді түрімен байланысты көптеген мәселелерді шешуге тура келеді. Бұдан
ақпараттың қасиеттерін зерттеу керек. Мұнымен информатика ғылымы
шұғылданады.
Информатика - ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін
зерттеумен, қоғам өмірінің барлық саласына ақпараттық техника мен
технология жасау, ендіру және тиімді пайдалану мәселелерін шешумен
шұғылданатын ғылыми техникалық іс-әрекет саласы, ғылыми-техникалық
прогрестің басты бағыттарының бірі.
Информатика:
- ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен
құралдарын зерттеумен байланысты – техникалық;
- ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау
тілдерін зерттейтін – семантикалық;
- ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын – прагматикалық;
- ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлерін, оның ішінде
индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы
формальдау
және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты
синтактикалық мәселелер топтарын зерттейді.
Информатика сөзі 60 жылдардың басында француз тілінде (іпformаtіon –
ақпарат және automatigue – автоматика) ақпартты автоматты түрде өңдеуді
белгілеу үшін пайдаланылды.
Ғылым ретінде информатиканың құрылымына келесі салалар кіреді
1. алгоритмдік;
2. программалық;
3. техникалық.
Информатикаға жоғарғы қасиет, ғылыми-техникалық дамуға белсенді ықпал
етіп, компьютерлік техника негізінде жаңа ақпараттық технологиялар енгізу,
электрондық есептеуіш машинаны қолдану – тек ақпарат жинауға, сақтауға,
өңдеуге ғана емес, жаңа акпарат, жаңа білім алуға мүмкіндік беретін жаңа
ақпараттық технология жасауға негіз болады. Қазіргі компьютердің
ерекшелігі – олардың көпшілігі (мамандардың айтуынша 80 пайызға дейін) есеп
шығару үшін емес, ақпараттың түрлері мәтін өңдеу, графикалық жұмыс орындау,
әр түрлі дерек жинау мен оны жедел шығарып беру, компьютермен оқыту
процесінде ақпаратты программалық түрде ұсыну, білім сапасын
автоматтандырылған түрде бақылау және т.б.
Ақпарат
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды
білдіретін informatio cөзінен шыққан. Ақпарат - қоршаган орта мен онда
болып жатқан процестер туралы хабарлар мен мәліметтер. Қазіргі кезде
ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика,
математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз
жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат
” деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын
білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға
гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір
организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы
ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта
болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан
алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу
нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған
дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен
мағлұматтар деп түсіyнуге болады.
Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның
құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Ақпарат түрлері
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-
әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық,
физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);
2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;
3. басқарушы және мәлімет беруші;
4. объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік
(анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық,
нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан,
газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам
қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу
мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады.
Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан
тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде
қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс,
ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен
қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін
алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
6. Информатикаға анықтама бер?
7. Қазіргі кездегі компьютерлердің қолданылуының сипаты қандай?
Үйге тапсырма: Берілген лекцияны оқу, анықтамаларды жаттау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz