Құрғақ жеміс

1. Сабақтың тақырыбы . Жемістер
2. Сабақтың мақсаты:
а ) Білімділік : Оқушыларға жемістердің пайда болуы, жемістердің түрлері жайлы білім беру.
ә) Тәрбиелік: Оқушыларды жеміс ағаштарын және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
б ) Дамыту : Жемістердің түрлері бойынша оқушылардың ойын дамыту.
3 . Сабақтың өту әдісі : Сұрақ жауап, СТО топтастыру, пирамида, венн диаграммасы,
Сабақтың түрі: ИБО әдістемесі
4. Пән аралық байланыс: Биология, география.
5. Сабақтың көрнекілігі: Плакат, суреттер, жемістер
6. Сабақ жоспары:
а) Ұйымдастыру кезеңі
І. Қызығушылықты ояту «О й с е р г е к»
- Өздігінен тозаңдану
- Айқас тозаңдану
- Жел арқылы айқас тозаңдану
- Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану
І «Проблеманы айқындау кезеңі»
Сынып оқушыларын 2 топқа бөлу. 1. топ «Құрғақ жемістер» 2. топ «Шырынды жемістер»
Үй тапсырмасын тексеру
Біліміңді тексер
- 1. Жынысты көбеюге гүлдің қай бөлімдері қатынасады?
- 2. Тозаңдану деген не, оның қандай түрін білесіңдер?
- 3. Бунақденелілермен тозаңданатын өсімдіктердің негізгі ерекшеліктері қандай?
- 4. Өсімдіктер жел арқылы айқас тозаңдануға қалай бейімделген?
- 5. Ұрықтану қай кезде жүреді?
- 6. Ұрықтану жолын түсіндіріңдер.
Желмен және бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктерге тән
түсініктемелердегі белгілердің рет санын тиісті орнына жазыңдар
1. Желмен айқас тозаңданатын өсімдіктер:
2. Бунақденелілермен айқас тозаңданатын өсімдіктер:
1. Тозаңдары құрғақ, майда, жеңіл, өте көп. 2. Гүл күлтелері ашық реңді. 3. Аталық жіпшелері ұзын, төмен қарай иіліп сәл ғана қимылға тербеліп тұрады. 4. Гүлдері аңқыған хош иісті. 5. Гүлдері реңсіз. 6. Гүлдеріндегі шірнеліктерінен тәтті шірне бөледі. 7. Аналық аузы ірі, түкті. 8. Гүлдерінде иіс болмайды. 9. Тозаңдарының ең сыртқы қабығы қалың, тікенекті, ілмешекті, бүртікті, өсінділері болатындықтан тегіс емес. 10. Гүлдері көбінесе жай гүлсерікті. 11. Гүлдері қос гүлсерікті, пішіндері алуан түрі. 12. Гүлінде шірнеліктері болмайды.
ІІ. «Проблеманы шешу кезеңі» Мағынаны тану
Өсмдік гүлдеп болғаннан кейін аналық жатыны сақталып, ұрықтанып жеміске айналады. Қалған бөлімдері қурап түсіп қалады. Жеміс - көбею мүшелерінің соңғы даму сатысы. Ол - бір ғана гүлден дамиды. Жеміс ішінде тұқымы бар гүлді өсімдіктердің көбею мүшесі. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді.
Аталық пен аналық қосылып жеміс түзеді
Жеміс 2-ге бөлінеді Құрғақ және шырынды
Сүйек жеміс - Өрік, Шие, Алхоры, Шабдалы,
Мына жемістерді ажыратып атаңыздар
Әр топқа беріледі. Топ ішінде суреттегі жемістерді ажыратып, атап береді.
Қабырғамен жұмыс. 2 топ оқушыларымен ой дамыту жұмбағын жүргізу.
Жұмбақ
1. Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады (пияз)
2. Сабағы: қысқарған
3. Жапырағы - параллель жүйкелі
4. Тамыры - шашақ
5. Пайдасы - тамақ-тымау
Жұмбақ
1. Басым дене-денем бас
Мойным қысқа бұрылмас (орамжапырақ)
2. Сабағы - Қысқарған
3. Жапырағы - Ромб
4. Тамыры - Негізгі
5. Пайдасы - Тамақ, салат
Жұмбақ
1. Көп дөңгелек саларсың өрмелеп сен
Айың күнің біткенде терермін мен (Жүзім)
2. Сабағы - Өрмелегіш
3. Жапырағы - Ромб
4. Тамыры - Негізгі
5. Пайдасы - Тосап, Сусын
Жұмбақ
1. Ұзын мұртты сары бас
Қойынында наны бар (Бидай)
2. Сабағы - Тік
3. Жапырағы - Доға жүйкелі
4. Тамыры - Шашақ
5. Пайдасы - Ұн, нан, талқан
ІІІ. «Проблема шешімін қолдану кезеңі»
Пирамидамен жұмыс жүргізу
Барлық өсімдіктер гүлдейді. Аталық пен аналықтың қосылуы нәтижесінде жеміс пайда болады. Жеміс ағаштары көктемде гүлдейді. Жемістер құрғақ, шырынды болып екіге бөлінеді. Жемістер тез пісу үшін су керек.
2 топ оқушыларымен венн диограммасымен жұмыс жүргізу.
асбұршақорамжапырақ
шалқан
меңдуана
үйеңкі
қайың
бидай
жүгері
бақбақ
жаңғақ
гүлжеміс
ұрықтанады
тозаңданады
тамыр
пайдасы бар
витамин
тамақ
тұқым
жасуша
қызанақжүзім
картоп
мандарин
апельсин
лимон
өрік
шие
алхоры
шабдалы
пияз
Кестемен жұмыс жүргізу
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz