Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға арналған қорытындылау сабағы

№20 жалпы орта білім беретін мектеп

Тақырыбы:

«ХХІ ғасырдың жас математигі»

БҚО педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларына берілген

Өткізген: Кажигалиева Н. С.

Тақырыбы: “Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселігін табуға есптер шығару”

Мақсаты:

1. Оқушылардың алған білімдерін жинақтау, ойлау, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыту.

2. Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқуға, ізденуге тәрбиелеу

3. Теориялық білімін практикада ұштастыра отырып ойлау қабілеттерін, танымын, пәнге қызығушылығын арттыру.

Түрі: қорытындылау қайталау сабағы.

Сабақтың оқыту әдістері: сұрақ, жауап, есептер шығару, тест тапсырмалар, ауызша есептер.

Көрнекіліктер: интерактивтік тақта, тест тапсырмалар, “балық» аквариумы.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезең.

а) Оқушылардың сабаққа дайындағын тексеру.

б) Оқушыларға сабақтың мақсатын айту.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Сұрақ-жауап.

IV. “Сиқырлы балық әлемі”

V. Оқулықпен жұмыс.

VІ. Тест тапсырмалар.

VІІ. Ауызша есептер.

VІІІ. Бағалау, үйге тапсырма.

№ 376

2. Теңдеулерді шешіңдер:

( х + 16 ) * 5 = 95

( 7 - y ) * 6 = 12

( x + 11 ) : 3 = 6

( 19 - y ) : 7 = 2

3. сұрақ жауап арқылы өткенді қаиталап қорытындылау

1. Қандай санды берілген натурал санның бөлгіші деп аталады?

2. Қандай санды берілген натурал санға еселік деп атайды?

3. Қандай сандарды жай, құрама деп атаймыз?

4. Берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп қандай санды айтады?

5. Қандай сандар өзара жай сандар деп айтады?

6. Берілген натурал сандардың ең кіші ортақ еселігі деп қандай санды айтады?

7. Өзара жай сандардың ең кіші ортақ еселігі қалай табылады?

4. Сиқырлы балық әлемі ойынында оқушылар аквариумдағы балықтарды аулай отырып, артындағы есептерді шығарады. Бұл ойынның тапсырмалары.

1. 4, 5, 15, 24 және 35 сандарынан өзара жай сандар жұптарын құрастырыңдар.

2.

Бірінші сан
Екінші сан
ЕҮОБ
Бірінші сан:

12 = * * 3

16 =

21 =

Екінші сан:

8 = * * 2

30 =

28 =

ЕҮОБ: * = 4

3. 35 және 77 сандарының ең үлкен ортақ болгішін табыңдар.

4. 15, 56 және 132 сандардың ең үлкен ортақ еселіктерін табындар .

5. 45 және 36 сандарды жай көбейткіштерге жіктеп, ең кіші ортақ еселіктерін табыңдар.

6. 1, 3 және 6 цифрларынан неше үш таңбалы санды жазуға болады.

5. “Кітап - білім бұлағы”. Оқулықпен жұмыс №342, 343, 344, 345, 352, 354

6. Тест тапсырмалар.

1. 72 кәмпит бірдей бөлініп бірнеше ыдысқа салынды. Әр ыдыста қанша кәмпит болуы мүмкін. Жауабы болуы мүмкін жағдайды қоршап көрсет.

А (2; 3; 4; 6; 9; 12)

В (2; 4; 5; 7; 9)

С (2; 6; 10; 13; 19)

2. Санның барлық бөлгіштерін қоршап көрсет.

12
25
12:

А (1; 2; 6)

В (1; 2; 3)

С (1; 2; 3; 4; 6; 12)

25:

А (1; 5; 25)

В (1; 3; 5)

С (1; 4; 5)

3. 8 санының еселігі болатын екі таңбалы барлық сандарды қоршап көрсетіңдер:

А (18; 80)

В (24; 32; 48; 40)

С (16; 24; 32; 40; 48; 56; 64; 72; 80; 88)

4. Сандардың қайсысы 9-ға бөлінеді?

А 1175

В 5228

С 68835

5. Егер а = 2*2*3*5, b = 3*5*5*7 болса, онда а және b санадарының ең кіші ортақ еселігін табыңдар:

А 2*3*5*7

В 2*2*3*5*5*7

С 5*5*7*7

6. Өзара жай сандар жұбын көрсетіңдер:

А 14 пен 75

В 5 пен 25

С 20 мен 6

7. Ауызша есептер арқылы қорытындылау.

  1. Асқар 15 сәбізді неше қоянға тең бөліп бере алады? Есептің неше шешуі бар?
  2. Орамдағы сымды 2 метрден және 7 метрден қалдықсыз бөлу үшін орамда кемінде неше метр сым болу керек?
  3. 30-ға бөлгіш және 5-ке еселік сандарды табыңдар.
  4. Сыныпта 25 оқушы. Дене шынықтыру сабағында оларды әрбір қатардағы оқушы саны бірдей, неше қатарға тұрғызуға болады?

8. Қорытындылау, бағалау.

Үйге тапсырма: 2-ші тарау. №347, 348, 358


Ұқсас жұмыстар
Сабақ жоспары: Ең үлкен ортақ бөлгішті табуға арналған мысалдар
Ең үлкен ортақ бөлгіш: сандарды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы табу
Екі және одан көп сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші (ЕҮОБ) мен ең кіші ортақ еселігін (ЕКОЕ) табуға арналған сабақ (Модуль 4, 5 сағат)
Ең үлкен ортақ бөлгіш және өзара жай сандар: сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған математика сабағы: Ең кіші ортақ еселік
5-сынып: Ең үлкен ортақ бөлгішті табуға арналған сабақ жоспары мен есептер
Ең кіші ортақ еселікке есептер шығару: бекіту сабағы
5-сынып математикасы: Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ) бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспары
5-сынып математика сабағы: Блум таксономиясы мен сындарлы оқыту арқылы ең кіші ортақ еселік
Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру: 5-сынып практикалық сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz