Тапқыр информатиктер: 2013 жылы өткізілген 7-сынып оқушылары арасындағы сыныптан тыс сайыс

Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы

Ж. Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы:

«Тапқыр информатиктер»

Мұғалімі: Икаева Ұлболсын

Сыныбы: 7

2013 жыл

Сабақтың тақырыбы: Тапқыр информатиктер
Сабақтың мақсаты:

А) Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәнінен білімін саралау;

Ә) Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге және ойларын ашық жеткізе алуға тәрбиелеу;

Б) Оқушыларды информатика ғылымына бойлату, ой-өрісін, зейінін, сайысқа қатысу ынтасын арттыру;
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютер, тапсырмалар.
Қатысушылар: 7 сынып оқушылары.
Мұғалім: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Тапқыр информатиктер» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызбен танысайық. 2 сынып қатысады, әр сынып 7 оқушыдан тұрады. . (Ойыншылар өздерін таныстырады. )

«Монитор» тобы: 7а

«Принтер» тобы: 7ә

Бүгінгі ойынымыз 5 турдан тұрады. Ойын барысымен таныстырамыз

1-тур. «Кім тапқыр?»
2-тур. «Шебер құрастырушылар»
3-тур. «Құпия алаң»
4-тур. «Ойлан, тап!»
5-тур. «Сөз зергерлері»

1 тур. «Кім тапқыр?»». Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт-сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал «Кім тапқыр?»» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ он сұрақ беріледі.
(Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. )

1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал ? (компьютер)

2. ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көз бен экранның арақашықтығы неше болу керек? (60-70см)

3. Дүниежүзілік компьютерлік желі. (интернет)
4. 1 Кбайтта не байт бар? 1024 байт

5. Компьютердің зиянды құрылғысы. (монитор)

6. ASC II коды неше жол, неше баған бар? (16 жол, 16 баған)

7. Компьютерді қосып, өшіретін құрылғысы. (жүйелік блок)
8. Alt+F4 пернелер қызметі қандай? (шығу)

2-тур. «Шебер құрастырушылар» Құрастыруға 1 минут, тез әрі дұрыс құрастырған топқа 10 ұпай.

3-тур. «Құпия алаң».
20. Есепшот Ресейге қашан келді? (16-17ғ. )

30. Қазіргі кезде нешінші буындағы компьютерлер қолданылуда? (4)

40. БЭСМ, МЭСМ электронды есептеуіш машиналарын жасаушы кім?

(С. А. Лебедев)

20. Аналитикалық машинаны кім ойлап тапты? (Бэббидж)

30. “Холлерит” фирмасының қазіргі атауы. (IBM)

40. Есептеуіш техника қай ғасырда қарқындап дамыды? (19ғ. )

20. Алгоритм сөзі қайдан шыққан? (Әл-Хорезми деген ғалым құрметіне)

30. Алгоритмнің қарапайым типтері қандай? (бүтін, нақты, символдық, байттық, логикалық, тіркестік)

40. Алгоритмнің қандай түрлері бар? (Сызықты, тармақталу, циклдік)

20. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар? (анықтылығы, жалпылығы, нәтижелілігі, формальдылығы, үзіктілігі)

30. Алгоритмді кескіндеудің неше тәсілі бар? (4)

40. Нақты тип Паскаль тілінде қалай айтылады? (real)

4 кезең “Ойлан, тап!”

Жасырылған суретте не бейнеленгенін табу.

5-тур. «Сөз зергерлері».
Берілген сөздің ішінен сөздер құрастыру. 1 мин дайындалуға беріледі. Әрбір тапқан сөз 1 ұпай.

Бүгінгі көріп тамашалаған «Тапқыр информатиктер» атты ойын өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімін күтеміз.

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
7-сынып оқушылары арасындағы Әлемді география арқылы таны атты сыныптан тыс географиялық сайыс
7-сыныпқа арналған информатикадан сыныптан тыс сайыс сабақ жоспары Тапқыр достар
3-сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс математикалық сайыс Тапқыр математик
Белқопа орта мектебінің 7-сынып оқушылары арасында өткізілген Үздік математик сайысының сценарийі (2013-2014 оқу жылы)
Ойлан тап - 6-8 сынып өзге ұлт оқушылары арасындағы қазақ тілі, тарихы және мәдениеті бойынша сыныптан тыс сайыс
Өскемен қаласы №33 орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген математикадан Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сайысы (2013-2014 оқу жылы)
Жүйрік информатиктер: 7-сыныпқа арналған сайыс сабақ жоспары
№15 орта мектепте қалалық семинарда өткізілген математика пәнінен сыныптан тыс жұмыс (5, 8, 9 сыныптар, 2009-2010 оқу жылы)
№6 орта мектептің 7-сыныптары арасындағы математикадан сыныптан тыс сабақ-сайысы (2009-2010 оқу жылы)
Биологиялық мейрамхана: 7-8 сыныптар үшін сыныптан тыс сайыс сабақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz