Топтардың лагерь жабылуына дайындығы

Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Сағыз селосы
№9 орта мектеп
Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыратын тәрбиешілерге арналған әдістемелік жұмыстар мен іс-шаралар жинағы
Нұрбек Бекбауов Сембайұлы
2011жыл
Аннотация
Қазіргі қоғамымыз мектепте жаңа технологиялар арқылы оқыту мен тәрбиелеуді талап етіп отырғандықтан, осы әдістемелік құралда инновациялық жаңа әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылған тәрбиелік шаралар, ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатындағы дайындалған. Мектеп жанындағы лагерь тәрбиешіліріне әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынамын.
П і к і р
Осы пікір Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы № 9 орта мектептің мұғалімі, сынып жетекші, әрі мектеп жанында 3жыл лагерь тәлімгері болған Бекбауов Нұрбекке беріледі. Аталған мұғалім қазіргі таңдағы бәсекеге мейлінше қабілетті ұрпақ тәрбиелеудегі жаңашыл тәлімгер, мұғалім екенін айтуға болады. Оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім берудегі жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдаланудағы ізденімпаз ұстаз. Жас өскелең ұрпаққа жан-жақты дамыған, мәдени-саяси өмірге араласудағы шынайы өмірден көрінер орны бар тәрбие берудегі шығармашыл мұғалім. Мектеп жанындағы лагерь тәлімгері, сынып жетекші, мұғалім Бекбауов Нұрбек «Ауыл мұғалімі-2006»ІІ-ор, «Жас маман-2007»І-ор, «Тәрбие саласы бойынша аудандық пед. оқу-2008» ІІ-ор, Облыстық пед. оқудан «Алғыс хатпен», «Ауылдың үздік мұғалімі -2008» номинациясының иегері, 2008жылы обл. білім беру ж/е салалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет грамотасы» мараптталған. 2010 жылғы аудандық “Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру” тақырыбындағы мектеп директорлары орынбасарларының семинарында ерекше жұмыстарымен танылғаны үшін Алғыс хатпен т. б. мақтау қағаздарымен марапатталған. Нұрбек Бекбауовтың жаңа технологиялық әдістерді қолданып өткізген төмендегі тәрбиелік шараларын тәрбие саласы бойынша жоғары деңгейде ұйымдастырылған жұмыстар ретінде бағалануда. Мектеп жанындағы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын жаңа әдістемелік тұрғыдан құра білген деп есптеймін. Осы бағытағы барлық құрлымды шаралары лагерь тәрбиеленушілерінің жас еркшелігіне арналғанын байқадым, мектеп жанындағы ларгерь тәрбиешілеріне арналған әдістемелік жұмыстар мен іс-шаралар тақырбындағы жинағын жоғары деп бағаладым.
Мектеп директоры: Ж. Қамысбаев
Қ. Р. Білім беру ісінің үздігі,
директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары: З. Ә. Жиенбет
Бекбауов Нұрбек Сембайұлы 1983 жылы Сағыз селосында дүниеге келген. 2005 жылы Атырау қаласындағы Х. Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетті дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітіріп, қазіргі уақытта Сағыз селосындағы №9 орта мектепте өз мамандығы бойынша еңбек етеді. «Болашақ» оқушылар кеңесінің жетекшісі, сынып жетекші, бірлестік жетекшісі, «Журналис»қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. 2006-2007, 2008-2009 жылдары мектеп жанындығы «Жасұлан»жазғы демалыс лагерінің тәлімгері. 2011жылы «Үздік идеялар» сайысының
лауреатты. 2011 жылғы «Ең үздік сабақ» аудандық сайысының І орын иегері. 2009 жылы сынып жетекшілік іс-тәжірибем мектепішілік таратылып, 2010 жылы сынып жетекшілік іс-тәжірибем облысқа ұсынылып, авторлық құқық алуда жұмысым саралануда. Ғаламтордың ашық сабақтар сайтындағы тәрбие бөліміне «Жан қазынасы- адамгершілік негізі»атты тәрбие сағатым жарияланды.
ЖАЗ АЙЛАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ
Жаз айлары- мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс - мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана - сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән - тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызыметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу - шындалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер:
- балалардың жас еркшелігін;
- психологиялық ерекшелігін;
- денсаулығын;
- ұлттық ерекшелігін;
- аймақтық ерекшелігін;
- діл (менталитеттік) ерекшелігін;
- жыныстық ерекшелігін;
- қабілет-мүмкіндігін, т. с. с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет.
Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:
- өз денсаулығы мен өзінің өсіп-жетілуіне мән беруге;
- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;
- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т. б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға;
- туған жердің табиғатынның және экологиялық маңызына мән беруге;
- азаматтық-елжандылық сананы қалыптастыруға;
- ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт-дәстүр, және т. б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру - тәрбиеші-ұстаздың басты міндеті.
2
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үрдісінде оны орындау және түзетуді бақылау - жоспардың нақтылығы.
Нақты педагогикалық міндеттерді анықтау:
- лагерь орналасқан жердің, елдің даму перспиктивасы;
- қазіргі заманғы балалар қозғалысы мен ұйымдары қызыметінің негізгі бағыттары;
- лагерь жұмысының күнтізбелік және перспективалық жоспарынан;
- лагердің әлеуметтік кеңесінің ұсыныстары арқылы жолға қойылады;
Лагердің топ жұмыстары дегеніміз, бұл:
- ауысымда жүретін жалпы лагерлік жұмыстардың бағыттылығы, сипаты, ауысымдарының өзгешелігі;
- лагердің дәстүрлігі;
- лагердің профилдері (жас тілщілір, туристер, спортшылар т. б. ) ;
- мұғалім-ұймдастырушылардың жеке қызығушылықтары;
- тәрбие үрдісінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі;
- лагердің барлық бөлімшелерінің өзара іс-әрекеті.
Жазғы мектеп лагеріндегі тәрбиешілер жұмысты ұйымдастырудың төмендегіше ретін ескеруге міндетті:
а) күнделікті жоспарды құру;
ә) топтың күнделігін жүргізу;
б) ұйқыдан тұрғанға дейінгі 15-20 минуттық тәрбиешілер лездемесіне қатысу.
Топ аттары, ұрандары
Топтардың аттары мен ұрандары, ұрандық сөйлесімдері балалардың жас ерекшіліктеріне сай іріктеліп алынады.
Топтардың аттары «Жұлдызша», «Балдырған», «Ақ көгершін», «Қарлығаш», «Жалын», «Қыран», «Болашақ», «Мұрагер», «Балдәурен», «Жас толқын» т. б. деп атауға болады.
Топ ұрандарының үлгілік нұсқалары:
- Біз кішкентай «Жұлдызбыз»,
Өнегелі ұл-қызбыз.
- «Балдырғанбыз»- балдаймыз,
Бақытты өмір таңдаймыз.
Шаттық-думан көңілді,
Болашаққа жалғаймыз. 3
- «Ақ көгершін»- бейбітшілік ұланбыз,
- Жақсылық, жақсы үнге ұранбыз. т. б. с.
Ұрандық сөйлесімдер:
- Қандаймыз? - Ән айтуға қалаймыз?
- Жараймыз! - Бастаушыға қараймыз.
- Қалаймыз?
- Санаймыз: бір, екі, үш! - Біздің топ қандай?
Жолға бастап түс. Татулығы балдай!
Шарықтатып, талмай. . .
-Ән айтамыз қалмай!
Лагерде балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Жазғы маусымдық лагерлерде балалармен жүргізілетін жұмыс алуан түрлі болуы мүмкін. Олар:
- Спорттық, ұлттық, танымдық және жергілікті ойындар;
- Алғырлық, зерделік, тілдік шоу-сайыстары;
- Ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт-дәстүрге байланысты сын-байқаулар;
- Ұлттық дәстүрлер мерекесі;
- Өнер байқаулары;
- Әдеби викториналар;
- Сурет көрмесі, плакаттар байқауы;
- Пікірталас, пікір-сайыстар, интерактивті тапсырмалар;
- Көңілді тапқырлар клубы (КВН) ;
- Сөздік сайыстар, саяхаттар;
- Поэзия кештері;
- Ән-күй кештері;
- Концерттік кештер;
- Би кештері, т. б.
Іс-шаралардың тақырыптық үлгілері
Жазғы демалыс лагерінде демалуға келген балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өткізуге мүмкін іс-шаралар тақырыптары:
- «Менің елімнің нышандары» әңгіме;
- «Қазақстандық елжандылық-бұл. . . . » пікірталастар,
- «Әнім сенсің, Туған жер!» ән-кеші;
- «Қазақстанның ұлы адамдары» шығарма;
- «Тілге құрмет-елге құрмет» КВН
- «Менің елім, менің ауылым» жобалар сайысы;
- «Лагерь аруы»қыздар арасындағы сайыстар;
- «Қандай көркем, туған өлкем» табиғат аясына саяхат;
- «Ұлтымның ұланымын» ер балалар арасындағы сайыс;
- «Лагерь жетістіктері» баспасөзге мақала беру;
4
Лагерь жұмысын жоспарлауға ескерілетін
даталы күндер
1 маусым-Халықаралық балаларды қоғау күні.
5 маусым-Дүние жүзілік қоршаған ортаны қорғау күні.
17 маусым- Дүниежүзілік ашаршылық пен құрғақшылыққа күрес күні.
26 масуым- Халықаралық есірткі пайдаланушылар мен таратушылар, сатушылармен күрес күні.
Мектеп жанындығы лагерь жұмыстары төмендегі ретпен
құрылуы керек
- Жол жүруге дайындық.
- Лагерь аймағына келу.
1-күн
Лагерге келгеннен кейін:
а) балаларды орналастыру;
ә) лагерь өмірінің жағдайымен, күн тәртібімен таныстыру;
2-күн
Таңертең: дене шынықтыру. (үнемі)
Күндіз топтарға бөліну, тапсырмаларды бөліп алу. Лагердің ашылуына дайындық.
Түстен кейін: «Біз лагерде қалай тұрамыз?» шара
3-күн
Таңертең: «Ұлтымның ұланымын» атты ер балалар арасындағы сайысқа дайындық.
Күндіз: Дене шынықтыру сабағы. «Ең мықты жүргізуші» сайысы.
Түстен кейін: «Негеш» клубында кездесу. Танымдық сырына саяхат.
4-күн
Таңертең: «Денсаулығың жақсы болса, жаттығуға алғыс айт» сайысы.
Күндіз: «Дастархан басында өзін мәдениетті ұстау» әңгіме.
Түстен кейін: «Мамандыққа саяхат» топтық әңгіме.
5-күн
Таңертең: «Қазақстан қыздар»атты сайысқа дайындық.
Күндіз: «Біздің лагерь» атты сурет сайысы.
Түстен кейін: «Мақалдап сөйлеу-шешенге тән» сайысы.
5
6-күн
Таңертең: Туған жер, Отан туралы әндер үйрену.
Күндіз: Жергілікті жерлердің ойындары. Ұлттық ойын сайысы.
Түстен кейін: Ер балалар арасындағы сайыс.
7-күн
Таңертең:Даладағы серуен. «Өзіңе зиян келтірмей, күнмен қалай
достасуға болады?» атты дәрігермен кездесу.
Күндіз:Музыкалық сабақтар. «Біз қай ертегіденбіз?»атты викторина.
Түстен кейін: Табиғи материалдардан жасап, «Орман кереметі»
сайысы.
8-күн
Таңертең: Тазалық күні.
Күндіз: «Көп оқыған, көп біледі»атты әдеби ойын.
Түстен кейін: Тыныш ойындар. Негешпен кездесу.
Тыйымдар сырына саяхат.
9-күн
Таңертең: «Күшті, алғыр, қырағы ойындар бізді дамытады»
Күндіз: Фестиваль туралы әңгіме.
Түстен кейін: «Ең әдемі құмнан жасалған қалалар, аулдар» сайысы.
10-күн
Танертең: Ата-аналармен кездесу.
Күндіз: Ойын-саяхат.
Түстен кейін: «Достық оты». Достық туралы әндер мен өлеңдер.
11-күн
Таңертең: «Жаңылтпаш жалықпаймыз»
Күндіз: Дене шынықтыру сабақтары. Көрмені безендіру.
Түстен кейін: Әлем халықтарының билері.
12-күн
Таңертең: Суреттер сайысы
Күндіз:Дене шынықтыру сайыстары. «Қара жорға» буын биінен.
Түстен кейін: Балшық пен ермексаздан мүсіндеу сайысы.
13-күн
Таңертең: Таза ауада әңгіме. «Әдептілік әліппесі».
Күндіз: Ұлттық ойындар.
Түстен кейін: Достық оты.
6
14-күн
Таңертең: «жұмбақ-жұмып бақ. . . . »Ауыз әдебиетіне саяхат.
Күндіз: «Су патшалығы» күні ойынына дайындық.
Түстен кейін: Би кеші.
15-күн
Таңертең: Көңілді ойындар күні
Күндіз: «Менің өмірімдегі ең қызықты күн» топ жиындары.
Түстен кейін: «Туған өлкем жайнай бер» әңгіме.
16-күн
Таңертең: Жергілік жердегі ойындар.
Күндіз: «Елімнің ертеңімін» әңімелесу.
Түстен кейін: Мергендер сайысы.
17-күн
Танертен: «Ең тапқыр»сайысы.
Күндіз: Музыкалық сабақтар.
Түстен кейін:мергендер сайысы.
18-күн
Топтардың лагерь жабылуына дайындығы.
Қоштасу концерті.
19-күн
Лагердің жабылуының салтанатты мерекесі.
Сап түзеу, топтардың рапорты.
Лагерлік бал-маскарад.
(Лагерге қабылданған күнің ішіндегі жиырма күні берілген)
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІ-
ЫНТЫМАҚ ПЕН ДОСТЫҚ КЕПІЛІ.
Еліміздік көпұлтты мемлекет екенін ескере келіп, белгілі мерзімде аз уақытқа бас қосатын қазақ балалары мен сан ұлт өкілдері ұрпағының бір-бірімен ынтымақты, достық қарым-қатынаста болуына, туған ел, өскен жерге, жергілікті ұлт өкілдеріне, халықтың ұлттық мәдениетіне деген шынайы сезімінің үйлесуіне ас көңіл бөлу керек.
7
Қазақстандық елжандылық дегеніміз-бұл туған елін жақсы көріп, сүю, ардақтау, жалпыхалықтық істерге белсене араласу. Азаматтылық - бұл әлеуметтендірілген жеке тұлғаның белсенділік қасиеті, ол өзі ретінде қоғам мен мемлекет дамуының әр түрлі сатыларында саяси құқықтық белсенділіктің объектісі мен субъектісі бола алады. Қазақстандық елжандылық рухта тәрбиеленген, азаматтылық қаситеттері қалыптасқан тұлға бойында:
- Мемлекеттік тілді білу;
- Отанына деген сүйіспеншілік;
- Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімі;
- Отан мүддесіне қызымет ету қабілеті мен дайындығы;
- Қазақстандағы басқа ұлт өкілдерінің құқықтарын сыйлау.
- Қалыптасқан өзіндік адамгершілік сезім;
- Өзіндік тәртіпке айналған ішкі еркіндік;
- Билік жүргізу шеберлігіне ие болуға деген құштарлық сезімдер мен ішкі дайындық болуы тиіс.
Ұлтжандылық дегеніміз - өз ұлттын сүю және өз халықы үшін аянбай еңбек ету, ұлттық мүддені қорғау, қайда жүрседе өз ұлттының баласы екендігін ұмытпау, соымен қатар басқа ұлттың өкілдеріне құрметпен қарап, өз халыққының мүддесіне сай саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени мәселелерді шешуге атсалысу. Осындай асыл сезімдерді балалар бойына дарыту үшін ел мен жер, туған Отан және ұлттымыз туралы аңыз - әңгімелер оқып, талдатып, әндер мен өлең - жырлар жаттатып, орындату өте үлкен ықпал етері сөзсіз.
Туған жер туралы әңгіме
Қазақ халқының ұғымында туған жерден қаситеті еш нәрсе жоқ. Сондықтан да жауға қарсы жорыққа аттанарда немесе ел басына күн туып, уақытша қоныс аударған кезде, кіндік қаны тамған туған жердің бір уыс топырағын ата-бабамыз әрқашан өзімен бірге алып жүрген. Сондай-ақ шет өлкеде қайтыс болған кісінің сүйегін туған жеріне әкеліп жерлейтін болған.
Ұлтарақтай болса да,
Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,
Туып өскен ел қымбат, -деп олар туған жерін қорғауды қасиетті санаған.
Қазақ халқы туған жердің табиғатын сақтауға да үлкен мән берген.
«Ұлтымның ұланымын»
атты ер балалар арасындағы өтетін сайыс
Лагерде әдетте балалар араласып жүргендіктен, олардың достығын нығайту барысында, әр ұлттың да мақтанарлық мәдениеті бар екенін көрсеткен жөн.
Лагерде өтетін бұл шараға топтардан әр ұлтт өкілдерін қатыстрады. Ескертетін бір жайт: балалардың қабілет ерекшілігіне сай, номинация түрін көбейткен дұрыс. Сайыстыру арқылы балаларды бір-біріне жауластырмай, достастырудың бір түрі - берілетін атақ түрлерін көбірек таңдау керек.
8
Сайыстың мақсаты:
- лагердегі балалардың тіл табысуы, ер балалар беделінің арттуы, топтардың ұжымдық сипат алып, қалыптасуы;
- елімізде тұратын ұлт өкілдерінің өз ұлттының тілі мен өнерін, мәдениетін құрметтеп қана қоймай, мемлекттік тіл мен туған, өскен жерге, жергілікті халыққа деген құрмет сезімін нығайту;
- балалардың өз өнерін еркін көрсету арқылы болшақ өмірінде жетістікке жету жолына сүрлеу салу.
- «Көргенді елдің баласы».2-3минут. Бұл - өзін-өзі таныстыру. Сайыскер-ұлан өзін және өзінің ата - тегін-ұлтын, шыққан жерін-өскен қаласын, туған жерін тақпақтап немесе әнге қосып, тіпті қара сөзбен де әсерлі баяндауына болады.
- «Тілге құрмет - елге құрмет»1-2минут. Балалрдың қазақ тіліне деген құрметін бағалау мақсатында балалардың жас ерекшілігіне сай сұрақтар дайындаға болады. Тәрбиеші балар мүмкіндіктеріне орай, жұмбақ, жаңылытпаш, мақал-мәтел, тақпақ, ән т. с. с. талаптарды таңдағаны дұрыс. Оны билет сұрақтарын дайындағандай тапсырма ретінде беруге болады.
- «Күш атасын танымас»(жаттықтырушылар белгіленген уақытпен) ұландардың күшін, ептілігін, қырағылығын сарапқа салатын кезең. Ол бірнеше шағын күш сынайтын ойындардан тұруы мүмкін:
- білек күрестіру
- асық ату
- мергендік сайысы т. с. с көпке ортақ спорттық сайыстарды қосуға болады.
Сайыс барысында қиындық туғызардай болса, спорттық күш-сайыстарын алдын ала өткізіп, ұпайын жазып әкеліп, хабарлауға болады.
- «Азаматтық айнасы».Сұрақ-жауап түрінде білімділігін байқау. Билетке жазылған немесе шардың ішінде жасырынған сұрақтарды алып, оқып дереу жауап беруі тиіс. Бұл шамамен сұрақтар шамамен төмендегіше болғаны жөн:
- Қазақстан Республикасы Әнұранының авторларын атаңыз?
- Елтаңба авторлары кімдер? Оның мағыналық бейнесін түсіндіріп беріңіз.
- «Халық қаһармандарын атаңыз»?
- Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
- Қазақстан қандай мемлекеттермен көрші?
- «Өнерпаз болсаң, арқалан»(2-3 минут) Атынан белгілі болып тұрғандай, ұландар сайыстың бұл түрінде өз өнерлерін ортаға салады. Сахнада көрсетуге лайық өнер түрлері:
- Ән айту:
- Би билеу:
- Шығыс жекпе-жегі өнері:
- Сурет өнері:
- Ролдерде орындаушылық өнер:
- Көркем сөз оқу: т. с. с.
9
Сайыстың барлық түрі орындалып біткен соң, әділ қазылар алқасы өзара ақылдаса отырып, ешқандай баланы ескерусіз қалдырмағаны дұрыс. Әр қайсысына сай атақ беріп, марапаттағаны дұрыс.
Ұландарға лайық атақ-номинация түрлері:
«Ұлт ұланы»
«Мақтаулы азамат»
«Маусым жұлдызы»
«Лагердің абзал ұланы»
«Өнерімен көпке жаққан»
«Көрермендер көзайымы»
«Болашақ спорт жұлдызы»
«Әдепті жігіт»
Жарыс мемлекеттік тілде өтуі тиіс. Мрапттау барысында жазулы лента тағып немесе мақтау қағазын ұсынған жөн.
«Лагерь аруы»
атты қыз сыны байқауы
Байқаудың мақсаты:
- қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту.
- қыз деген нәзік жаратылыстың өзіне тән ерекшелігін, өмірдегі алатын орнын сезіндіру.
Байқау талаптары:
- «Қыздар сұлу көрінер сәлемімен»(1-2 минут) .
Сәлемдесу салты. Сайыстың бұл бөлімінде қыздар өздерін таныстырады. Таныстыру барысында аты-жөні, ата-тегі, оқыған, өскен жері, туған Отаны туралы өлеңдетңп, әнге қосып, тақпақтатыпта, қарасөзбен айтуға болады.
- «Білімді қыз сүйкімді». Қазақ елі тақырыбына сұрақтар билетке жазылып, билет алу барысында жауап беруге тиіс.
Сұрақтарды төмендегіше беруге болады:
- Қандай тыйым сөздерді білесіз? Оның мағынасы неде?
- Қазақ батырларын атаңыз?
- Қазақстанның өнер жұлдызы атанған қыздар кімдер?
- «Бармағынан бал тамған».(5 минут) . Қыздар өздерінің қолынан келетін ұлттық тағамын жасап, оны қанша уақыта, қалай жасалатынын айтыуына мүмкіндік беріледі.
- «Он саусағы майысқан»(2 минут) . Осы уақыт ішінде қыздар өз халқынның ою-өрнегі немесе қолданбалы қол өнеріне қатысты тез жасалатын затты қағазбен немесе матамен жасап көрсетуіне болады.
- «Тал бойына жарасып. . . . »(1-2 минут) . Қыздар ұлттық немесе сән үлгісі киімдерін киіп көрсетіп, кербез жүрізімен, әдемімен, сән- салтанатын сахнада байқатады.
10
- «Өнерлі өрге жүзер»(2-3минут) . Қыздар өнердің сан қырын меңгеруі арқылы байқауда өнердегі өз мүмкіндіктерін көрсете алады.
Қыздарды марапаттауға арналған номинациялар:
«Лагерь ару»-бас жүлдегер
«Ең сүйкімді»-1орын
«Парасатты ару»-2орын
«Өнерлі ару»-3орын
«Зерделі ару»
«Бесаспап ару» т. с. с.
«Тілге құрмет - елге құрмет»
көңілді тапқырлар клубының байқауы
Мақсаты: лагердегі демалушылардың көңілді әзіл-қалжың арқылы қазақ тіліне деген ықылас туғызу.
Байқаудың талаптары:
- Сәлемдесу, таныстыру.«Біз кімбіз?».(1-2минут)
- Әзір жауап сәті.«Тілге құрмет. . . »
Әр топтың басшысы бір-біріне осы тақырып аясында сұрақ қояды немесе ойынды жүргізуші әр топ басына түрлендіріп сауал тастайды.
- Топ басшылары монологы: «Менің тілге деген құрметім» (2минут) .
- Үй тапсырмасы: «Тіл-көңіл кілті» (3минут) .
- Музыкалық сәлем. «Тілім, тілім, тілім менің. . . . »( 3минут) .
(Лагердегі сайыс кезінде)
11
Күні:
Тақырыбы: «Сағыздық спорт майталмандары ортамызда»
Лагерь демалушылары
Түрі: Кеш қалмаңыз бағдарламасы желісінде шоу, кездесу кеші.
Мақсаты:
- Лагер демалушыларына Сағыздық спорт майталмандарын таныстыра отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
- Салауатты өмір салтына насихаттай отырып, спорттан алған түрлі жеңістерді насихаттау.
Көрнекілігі, пайдаланған құралдыр: Мультимедиялық тақта, олимпиада роликтері, фото суреттер. т. б.
Ұйымдастыру кезеңі:
Жүрісі: Тәлімгер: Н. Бекбауов құрметті ұстаздар, оқушылар және кеш қонақтары, бүгінгі шарамыздың тақырыбы «Сағыздық спорт майталмандары ортамызда» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер! Кешімізді бастамас бұрын ортаға мектебіміздің «Айданай» бишілер тобының орындауындағы «Айгөлек» биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: «Балдәурен» тобының демалушысы: Достан Сымбат сөз алады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz