Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері: 7-сынып геометрия сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік : Теңбүйірлі үшбұрыш, тең қабырғалы үшбұрыш анықтамаларын, қасиеттерін білуге, есептер шығаруда сол қасиеттерді пайдалануға баулу, үйрету;

2 ) Дамытушылық : Жылдам ой қорыту, тапқырлық, тиянақтылық қасиеттерін дамыту, есте сақтау қабілетттерін дамыту,

3) Тәрбиелік :Эстетикалық бағытта, яғни үшбұрыш сызбаларын дұрыс орындауға үйрету;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақтың әдісі : Сұрақ - жауап, түсіндіру, баяндау, «оқытудың үш өлшемді әдістемелік

жүйесі » технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі : Оқулық, тақта, слайд, флипчарт, модельдер, сызғыш.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. «К і м ж ы л д а м?»

Өткен оқу материалын қайталау, тірек тапсырмалары :

1. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 3см, 4см, 6см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

2. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бүйір қабырғасы 7см. Үшбұрыштың табанын тап.

3. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 39см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.

4. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 12см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

5. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бүйір қабырғасы табанынан 2 есе ұзын. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.

ІІІ. «О й қ о з ғ а у»

  1. «Үшбұрыштар еліне саяхат»ертегі түрінде баяндау.

Ертегі кейіпкерлері - үшбұрыштар. ( слайдта көрсетілген)

  1. Сұрақтар, тапсырмалар
  • Қандай фигураны үшбұрыш деп атайды? Элементтерін ата.
  • Қабырғаларының ұзындықтарына қарай үшбұрыштар қандай түрлерге бөлінеді?
  • Бұрыштарының шамасына қарай үшбұрыштар қалай аталады?
  • Cуретте АD кесіндісі қалай аталады?

  • Суретте ВК кесіндісі қалай аталады?

  • Суретте СН кесіндісі қалай аталады?

IV. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі

1) Екі қабырғасы өзара тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады

2) Үшбұрыштың табаны мен бүйір қабырғаларын ата:

3) 1 - теорема. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең.

4) Кері теорема

5) 2 - теорема . Тең бүйірлі үшбұрыштың табанына жүргізілген медиана осы үшбұрыштың әрі биссектрисасы, әрі биіктігі болады

6) Барлық қабырғалары өзара тең үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп аталады.

V. «О й т о л ғ а у» Бекіту тапсырмалары:

VІ. «Біліміңді байқап көр»

Деңгейлік тапсырмалар орындау. ( Оқулықпен жұмыс)

1 - деңгей

№51.

Е, D нүктелері АВС тең бүйірлі үшбұрышының АВ табанында жатыр. АЕ= DB . ACE және DCB үшбұрыштарының өзара тең болатынын дәлелдеңдер.

2 - деңгей

№62.

АВС үшбұрышының тең бүйірлі екенін

дәлелдеңдер.

VІІ. Үйге тапсырма

п. 4. 3. Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері. Кері теорема

№52 (І деңгей)

№58 (ІІ деңгей) .

VІІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.

Геометрия 7 - сынып.

Өткізген: Байназарова Кама.

Шетпе гимназиясы - 2013 ж.


Ұқсас жұмыстар
Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері және Paint графикалық редакторында геометриялық фигураларды салу
7-сынып математика сабақ жоспары: Теңбүйірлі үшбұрыш - қасиеттері және белгілері
7-сынып Геометрия: Үшбұрыштың анықтамасы, элементтері, түрлері және периметрі
7-сынып геометрия: Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы және оның дәлелі
7-сынып геометриясы: Үшбұрыштың түртері - сабақ жоспары
7-сынып геометриясы: Үшбұрыштың түрлері - сабақ жоспары
9-сынып геометрия: Ұқсастық түрлендіру мен гомотетияның қасиеттері - қысқа мерзімді сабақ жоспары
7-сынып: Үшбұрыштың биіктігі, медианасы және биссектрисасы
Үшбұрыш және оның түрлері: 7-сынып геометрия сабақ жоспары
7-сынып геометрия: Вертикаль бұрыштар сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz