Қыз Жібек тобы

Пәні: Сынып сағаты
Сынып жетекшісі: Толеуова М. М.
Тақырыбы: « Балғын ару »
Сабақ түрі: сайыс сабақ.
Мақсаты: 1) Қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптей отырып, біздің сыныптың қыздарының бойында қазақ қызына тән қандай қасиеттер барын анықтау;
2) Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту;
3) Көпшілік алдында өзін - өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Кіріспе.
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар, « Балғын ару » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
- Бұл сайыстың мақсаты қазақ халқының ұлттық өнерін, салт - дәстүрін дәріптей отырып, біздің сыныптың қыздарының бойында қазақ қызына тән қандай қасиеттер барын анықтау
1- жүргізуші: « Асыл тастан, өнер жастан
шығады» деп дарынды
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашанда нанымды.
Сол өнердің жолын қуған
Сынып сұлтандарының атынан,
Қабылдаңыз шын жүректен
Мерекелік құттықтауды.
- Назарларыңызға қазақ биін ұсынамыз.
2- жүргізуші: Ақын боп әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өсем.
Әдеп пен инабатты сақтап өскен
Қазақтың аруларын мақтан етем.
Ақын мен әнші деген - ел еркесі,
Қазақтың тарқамасын берекесі.
8- наурыз күні құтты болсын, -
Аналар мен арулар мерекесі! - деп ұлдардың құттықтау өлеңдерін тыңдайық.
- Ұлжансен қандайсың?
Арайлап атқан таңдайсың.
Әдемі, ашық, айдайсың
Ата - ана үмітін ақтайсың.
- Гүлсаядайқыз табылмас,
Өзі әдемі, сыпайы
Қазақ қыздан аумайды
Сегіз қырлы бір сырлы.
- СыныптасымАяжан
Сабақты жақсы оқиды.
Ылғи бестік алады,
Әдепті қыз болады.
- Айтайын мен сіздерге, әдемі наз -
Оқиды менімен көктем мен жаз!
Ай менен Күн секілді егіз қыздар
Мереке құтты болсын Айназ, Елназ !
- СымбаттысынАяулым,
Талаптанып оқисын.
Мақсат қойсаң алдыңа
Жетерсің талай мұратқа.
- Томирисбіздің өнерлі,
Шашы ұзын, келбетті.
Нәзік, тәтті сөзімен
Баурап алар бар жұртты.
- Аңқылдаған ақ көңілмен,
Гүлдей жайнап жүреді.
Озайын деп нық сеніммен,
Махаббат көзге түседі.
- Алма жүздіДильназ
Күлімдеген жүзің мәз.
Саған сірә тең келер,
Жер жапанда қыз аз.
- Аяулым, аяулысың, ардақтысың
Жүресін әрдайым сен салмақтысың.
Тілеймін саған тек жақсылық
Тілеймін зор денсаулық, мол байлық.
- Ұстазын анасындай құрметтеген
Жаны мөлдір, ісі жоқ басқаменен.
Нұржамал ұстазының айнасы ғой
Сегіз қырлы, бір сырлы болсам деген.
- Сыпайы оның мінезі,
Күліп жүрер ақырын
Қыз сынына кеп қапты
Біздің әсем Айтолқын !
- жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар мен аяулы арулар! Бүгінгі «Балғын ару » байқауына қош келдіңіздер! Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңізден інжу - маржан шашылсын!
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, бүлдіршін қыздар. Сіздерді көктемнің ең алғашқы мерекесімен -8- наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
- жүргізуші:Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
«Балғын ару» сайысын
Рұқсат болса бастайық.
Мұғалім: Бүгінгі біздің сайысымызды тамашалап, бағалайтын әділқазылар: Майра Берикболовна, т. б.
Кімдер жүйрік, өнерпаз, білейікші
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға тек сәттілік тілейікші!
1 жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып
Келеді міне ортаға толқып тасып.
Аруларын сыйлаған, халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
- Негізгі бөлім.
Мұғалім: Бүгінгі сайыста қыздар 3- топқа бөлініп өз өнерлерін көрсетеді.
( слайд)
2- жүргізуш і: Көркіне сай ақылы бар,
Ақжүністей арулар
Ақылың көрсек несі бар?
« Ақжүніс» тобын қарсы ал!
1- жүргізуші: Ақ маңдайы айдай боп,
Шытырма көйлек үстінде.
Сұлу Жібектей бұралып,
Қыздар тұрса несі айып?
« Қыз Жібек » тобын қарсы алыңдар!
2-жүргізуш і: Ақылды да, әдемі де ару жан!
Бар қасиет бір бойынан табылған.
Әсем әнмен, шешен сөзбен, биімен
Таңғалдырған талай жұртты әсем Баян!
« Баян Сұлу » тобын қарсы алайық.
Мұғалім: « Балғын ару » сайысы 5- бөлімнен тұрады.
- Бөлім: « Таныстыру»
- Бөлім: « Таңғалмаңыз»
- Бөлім: « Ұзын шаштың формуласы»
- Бөлім: « Ою ойғанның ойы ұшқыр»
- Бөлім: « Білім - ақылдың көркі»
1- жүргізуші: Қыз емес қыздың аты - қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес
Халықтың сақтай білген ізгі салтын.
Мұғалім: Сайысымыздың 1- кезеңі б/ша ендігі сөзді топ жетекшілеріне береміз.
Бұл сынақта топ жетекшілерінің инабаттылығы, сәлем беру рәсімі, тіл шеберлігін көріп тамашалаймыз.
1 Сайыс: « Таныстыру»
Топ жетекшілерін ортаға шақырайық.
« Ақжүніс» тобы
Үлгі алып өткен күннен
Жүріп келе жатырмыз сара жолмен
« Болмасақ та ұқсап бақ » деген сөз бар,
Өнеге аламыз Ақжүністен.
Солардай болу - біздің арманымыз,
Әрқашан да керек -ақ қой ибалы қыз.
Ақылшы бола білейік өмірде
Сол себепті « Ақжүніс» топ аталамыз.
« Қыз Жібек » тобы
Қыр гүліндей нәзік және шырайлы
Күн көзіндей әсем неткен ажарлы.
Ару қыздар - қазағымның мақтанышы,
Соның бірі айтар едік Жібек қызды.
Әсем сұлу көркімен даңқы жетті,
Сол себепті « Қыз Жібек » біздің топтың аты.
« Баян сұлу» тобы
Әсемдік, сұлулықты жиған бойға,
Қыздар ғой көрік берген кең далаға.
Қыздар - гүл, қыздар нәзік бұл әлемде.
Қыздар ол - болашақта асыл ана.
Сұлу қыздар қалған талай тарихтан,
Баянсұлу еді соның бірі қазақта.
Біздерге өнегелі із қалдырған,
« Баян сұлу» атадық сол себепті топтың атын.
- Қыздарымызға рахмет. Ендігі кезек әділқазылардың бағалауы.
2 Сайыс : « Таңғалмаңыз!»
2-жүргізуші: Өнері өрге жүзер, таңғалмаңыз!
Таланты талмай ұшар, таңғалмаңыз!
Таңғажайып әлемі - өнер аты,
Шарпып өтсін лебімен, таңғалмаңыз!
1- жүргізуші: « Таңғалмаңыз!» сайысы.
Қыздарымыз жоқтан барды жасаса, таңғалмаңыз!
Бардан жоқты жасаса, тағы да таңғалмаңыз!
Мұғалім: бұл сайыстың тапсырмасы: дайын тағамның құрамынан берілген үлгі б/ша тағам түрін жасау.
- Жұмысымызды бастайық. Іске сәт!
- Қыздарымыздың тағамдары дайын болғанға дейін, сыныбымыздың « сегіз қырлы, бір сырлы » ұлдарының бірі Нұртілекті, Сыйланды, Арманды қарсы алайық. Әр топтан 1-1 қыздан шықсың. Тапсырмасы: бұрым өру. Аяқтағаннан кейін әділқазылар алқасына барып көрсетеді. Ұпай саны қыздың тобына беріледі. ( қазақша өлең)
- Қыздардың жасаған тағамдарын тамашалайық.
- Ендігі кезек әділқазылардың бағалауы.
3 Сайыс: « Ұзын шаштың формуласы»
2-жүргізуші: Сұлу қызға жарасқан,
Өрілген қос бұрымы.
Ұзын бұрым кескенің
Қазақтың жаман ырымы.
- жүргізуші:Бұрымды қыз сайысы
Тәрбиелі, мәнді де
Шашты күтіп өсіру
Қыз баланың сәні де.
Мұғалім: Бұл сайыста аруларымыз ұзын шаштың формуласымен таныстырып, сусабындарына жарнама жасайды.
« Ақжүніс» тобы ның жарнамасын тамашалайық.
Бұрымды қыз - сұлу қыз,
Әлбетте сіз сұлусыз.
Әрленсін десең шашыңыз,
« Тимотей» жуыңыз.
Өте жақсы шашыңызды күте білген,
Әр талын таза ұстаңыз лас, кірден.
Қиялдағы арудай күйге енесіз,
Әрдайым « Тимотей» бірге жүрсеңіз.
« Қыз Жібек » тобы ның жарнамасын тамашалайық.
Қайратты да, сұлу шаш
Арманыңда жүре ма?
Арманыңа жеткізер
Сусабыны « Нивея»
Тыңдаңыздар, босқа қарап тұрмаңыздар!
«Нивея» сусабының акцияменен сатып алыңыздар!
« Баян сұлу» тобы ның жарнамасы.
Бағасы сапасы сай,
« Сиос» сусабыны заманға сай.
« Сиос» - ертегіде жүргендей,
« Сиос» - күй кешесін сұлулықты көргендей.
Қою шашын толқып тұрса әрқашан
Таңдағаның дұрыс болар еш өкінбей.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz