Сыныптағы формативті бағалау: Кембридж бағдарламасы тәжірибесі және критериалды балдық жүйені енгізу

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы «Шорнақ» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

БАҒАЛАУ - ТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛ ЕМЕС

Мен үшін биылғы жыл өзгерістер мен жаңалықтарға толы болды. Сындарлы оқытуды негізге алған Кембридж бағдарламасы бойынша үш ай іс-тәжірибем мен білімімді жетілдірдім. Оқу барысында 7 модульді оқып, ойыма түйгенім көп болды. Осы жеті модульдің ішінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін оқи отырып, бағалау туралы пікірім түбегейлі өзгерді. Александердің мына сөзі ерекше әсер етті: «Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында объективті немесе объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады». [1]

Шынында да бағалаудың артында баланың ынта- жігері, қабілет-қарымы, оқуға деген қызығушылығын арттыруға болатынын тәжірибеде көз жеткіздім. Дәстүрлі оқыту жүйесінде баланы бағалауда тек мұғалімнің ғана ықпалы болатын және көбіне баланың жауап беру стиліне қарап салыстырмалы немесе ынталандыру бағасы қойылатын. Ал бұл бағдарламада баланың білімін формативті бағалау арқылы жақсартуға болады. Оқыту үшін бағалауды қолдану «қара жәшік» ішіндегі жұмысты жүйелі орындаса бағалау сәтті болмақ және өз нәтижесін береді. Олар:

1. Сұрақтың дұрыс қойылуы

2. Сыныптасын және өзін-өзі бағалау

3. Оқушылармен бірге критерийлерді талдау

4. Кері байланысты қамтамасыз ету

Сұрақ дұрыс қойылғанда, дұрыс жауап алынады, сұрақ қою арқылы баланың ойлау қабілеті артады. Сұрақ қоюдың техникаларын пайдалану кезінде баланың білімін анықтауға және алға қарай жетелеуге болады.

Балалардың өз білімін өзі бағалауы және сыныптасын бағалауы маңызды деп ойлаймын. Әрі қарай өзін қалай дамыту керек екенін, нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін оқушылар өздері шешу керек және одан арғы қызметті өздері белгілеулері қажет. Мысалы оқушыларға өзін-өзі бағалау кестесін берген кезде оқушылар өзінің білімінің қандай деңгейде тұрғанын бағалай алды және алдағы уақытта нені білу керектігін анықтай алады. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, бағалайды. Әділдік пен шыншылдықты үйренеді.

Өзін-өзі бағалау мен топ басшысының бағалауы кезінде бірнеше критерийлер қойылып, сабақ басталарда оны түсіндіріп өту тиімді және сабақ соңында талдау жасалса бағалау шынайы болмақ. Критерийлерді оқушының өзіне қойғызуға болады. 10 немесе 12 балға негізделген критериалды жүйе қолдану тиімді секілді. Себебі 12 балдық жүйе оқушылардың теориялық жетістіктерін барынша объективті бағалауға мүмкіндік береді. «1» мен «12» балдың арасындағы көрсеткіш оқушылардың деңгейін бірден айшықтап береді. Бір ғасырға таяу уақыттан бері 5 балдық жүйеге желімдей жабысып алғанбыз. Қазір Белоруссия, Грузия, Молдова сынды елдер-10 балдық, Украинада 12 балдық оқушының білімін бағалау жүйесіне ауысып кеткен. «5» балдық жүйе жастарды ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүруге итермелеуде. Сондықтан критериалды балдық жүйені қолдану баланың білім деңгейінің нақты көрсеткіштерін айқындайды.

Қара жәшік ішіндегі төртінші жұмыс кері байланыстың болуы. Мен бағалауды бағдаршам, пошта парағы, инсерт әдісі арқылы кері байланысты қамтамасыз ету нәтижесінде қолданған ыңғайлы деп таптым. Мысалы: Әр оқушыда үш түс болады. Мұғалім оқушының түсінгенін, не түсінбегенін осы түстермен көрсетуді сұрайды. Түсіндім-жасыл, сенімді емеспін - сары, түсінбедім - қызыл белгілерімен көрсетіледі. Осыдан оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінбеген оқушылардан «сендерге не түсініксіз болды? Енді оны қалай түсініп аласың?»- деп жетелеу сұрақтарын қою арқылы оқушылардың алға қарай жылжуына ықпал жасауға болады.

Бағалаудың ең басты мақсаты, білім игерудегі жетістіктерді анықтау, үйренушінің өсу және даму қарқынын анықтау, белсенділендіру, ынталандыру, баланың өсіп жетілуін анықтап, әр баланың тәжірибесінің табысты болуына себін тигізу. [2]


Ұқсас жұмыстар
Шебер сынып: Оқушылар білімін бағалау - формативті, суммативті және критериалды тәсілдер
Мұғалімдерге арналған оқытудағы критериалды бағалау жүйесін енгізу және қолдану
Критериалды бағалау жүйесі арқылы бастауыш сыныптағы білім сапасын арттыру
Кембридж бағдарламасы негізіндегі жаңа әдіс-тәсілдерді математика оқытуда енгізу: 6-сынып сабақтарының жоспарлары мен әдістемелік тәжірибесі
Жаңашыл сабақ тәжірибесі: сыни ойлау, топтық жұмыс және формативті бағалау
Кембридж бағдарламасы негізінде сыни және диалогтық оқыту әдістері: мектеп математикасы тәжірибесі
Коучинг пен менторинг арқылы бірінші деңгей мұғалімінің формативті бағалау негізінде мектепте өзгеріс енгізу әдістері
Топтық жұмыс арқылы оқыту үшін бағалау мен критериалды бағалауды енгізу және сыни ойлауды дамыту
Критериалды бағалау: мұғалімдерге арналған практикалық-әдістемелік семинар
Кембридж жобасы негізіндегі оқыту әдістерін ауыл мектебінде енгізу: бастауыш сынып мұғалімінің тәжірибесі мен кәсіби дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz