Етістіктің шақтары. Болжалды келер шақ

Сабақтың тақырыбы: Болжалды келер шақ
Сабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, үлкенді сыйлай білуге, жалқаулық пен жамандықтан аулақ болуғу тәрбиелеу .
Білімділік: Оқушыларға келер шақ және оның түрлері туралы түсінік беру. Болжалды келер шақ туралы түсіндіре отырып, оны сөйлем ішінде ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық біліктері мен дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, байланыстырып сөйлеу қабілеті мен тіл байлығын молайту.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздендіру,
Көрнекілігі , : интерактивті тақта-Activ Board, Activ Out тестілеу құрылғысы, презентациялық слайдтар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Сәлемдесу, түгендеу, оқушы назарын сабаққа аудару )
Олай болса, балалар, сабағымызды Ы. Алтынсарин атамыздың мына өлең жолымен бастағым келіп отыр. (дыбысталған өлең жолдары Activ Board-тан көрінеді)
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күлетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенімше.
Ендеше үйде күткен анамызды бүгінгі алған «5» бағамызбен қуантайық дей отырып, сендерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- 130 - жаттығу
- Шығармашылық жұмыс
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Activ Out тестілеу құрылғысы арқылы өтілген сабақтың сұрақтарына жауап алып, сыныптың сабақты қалай меңгергенін диаграмма арқылы анықтаймын. 10 сұрақ ұсынылады. )
ІҮ. Жаңа сабақ
Ой шақыру . (1-слайд)
Етістіктің шақтарын еске түсіру, интерактивті тақтадан кезекпен шыққан өлең, жаңылтпаш, мақалдардағы етістіктің шақтарын ажырата отырып, орнын табады.
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
(Жамбыл)
Щілікті шаптым,
Жілікті астым
Щілікті жақтым
Жілікті шақтым
Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын, мақсатын хабарлау . 2-слайд (дәптерлеріне күн ретін, сабақтың тақырыбын жаздыру)
3-слайд
Атадан жақсы туған ұл
Атаның есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман туған ұл
Атаның төрдегі басын есікке апарар.
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Қаралы болғанда білерсің.
Жанашырдың қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
1) Оқушылардың өзіне оқыта отырып, тақтаға етістіктерді тауып, жаздырамын, құрамына ажыратқызамын.
Апарар (алып бар+ар) - апар +ар
Білерсің - біл +ер + сің
2) Осы етістіктерден болымсыз етістік жасату
Апар (алып бар+ма+с+пын) - алып бар + ма + с + пын
Біл - біл + ме + с + пін
3) Ескі бише отырман бос мақұлдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Отыр+ман - отыр + ма + с + пын
Тұр+ман - тұр +ма +с + пын
Ескерту: Б. К. Ш. І ж. Жіктік жалғауында -пын, -пін ықшамдалып, -н түрінде ғана жұмсалады. Мұндай тұлғадағы етістіктер поэзияда жиі кездеседі.
4) Оқушылардың өзіне тұжырым жасатамын. Ережесін шығарту, жасалу жолдарын айтқызу.
Ү. Жаңа білімді алғашқы тексеру және пайдалану кезеңі
( 133-жаттығуды ауызша орындау)
134-жаттығу Өздік жұмыс
1-деңгей Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеу
2-деңгей Жасалу жолына талдау жасау
3-деңгей Осы сөздерді қолдана отырып, өлең немесе мәтін құрастыр.
135-жаттығу Тақтада орындалады.
Етістіктерді тауып, қалай жасалып тұрғанын түсіндір.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Түсіндірме диктанты
- Берілген сөздерден есім сөздерді бөлек, етістікті бөлек бағанға жаз.
Ойна, бақша, арала, ойын, шындық, таныс, ақыл, қызық, кел, үрле, он шақты, аш, азақ, жатыр, күл, әсемпаз.
- Етістікті болжалды келер шақ түріне айналдыр.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz