Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы: 59 - 62 - жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
а/ Оқушыларға « у » дыбысының бірде дауысты, бірде дауыссыз болып келуінің
себебін түсіндіру, алған білімдерін пысықтау.
ә/ Оқушыны сын тұрғысынан ойлауға, сауатты жазуға, көркем таза сөйлеуге
баулу.
б/ Шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: білімді бекіту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ойын ауызша, жазбаша.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
/ Оқушылардың назарын сабаққа аудару /
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызым мәңгі сені,
Болашағым бақытым - дара тілім.
Міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын - жазушыларымыздың тілі туған тіліміз қазір қазақ тілі сабағы екен.
Бүгінгі сабағымыз балалар күндегіден ерекше, себебі біздің сабағымыз 22 - қыркүйек «Тілдер» меркесіне орай өткізіліп отыр. Сабағымызға көп ұстаз қонақтарымыз және «Білім ағашы» қатысып отыр. «Сәлем- сөздің атасы » дегендей ең алдымен қонақтарымызбен амандасып алайық.
Оқушылар: Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
- Жақсы оқушылар «Білім ағашы» сіздерге мерекеге арнап өзінің алтын жапырақтарын сыйлап отыр. Осы қонақтарымызға өз білімдеріңізді көрсетеді деп сіздерге мен және «Білім ағашы » үлкен сенім артып отырмыз.
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе - бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Бәйгеге қатысып көріңдер- дей келе өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерімізді « Бәйге » ойыны арқылы тексереміз.
( Интерактивті тақтаға көрсету )
10 - дыбыс нешеге бөлінеді?
10 - дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
10 - дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
20 - дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
20 -тіл не үшін керек?
20-Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
30-(Не істеді? Не қылды? сұрақтары. Қимылды, іс-әрекетін білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
30-Заттың сынын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
30- Заттың санын білдіретін сөздеоге қандай сұрақтар қойылады?
3. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе әңгіме.
-Жақсы балалар енді оқулықтарымыздағы 59-жаттығуды қараймыз. Бұл жаттығуда Ескен Елубаевтың «Туған дала» өлеңі, туған жеріміз, даламыз туралы екен. Туған жеріміз туралы не айтар едіңіз? Оқушылар өз ойларын айтады.
- Туған жеріміз Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.
- Туған жеріміз батыс өңірінде орналасқан.
- Туған жеріміз мұнайға бай.
(Бір оқушыға өлеңді дауыстатып оқыту) .
- Енді балалар, өлеңнің соңғы жолын «Жауын жауды» деген сөйлеммен салыстырып көрейік. Оқушылардың ойын тыңдау.
2. -Жақсы балалар енді дәптерлерімізді ашып, күннің жадын жазамыз.
-Жақсы, енді оқулықтырымыздағы 60-жаттығуды қараймыз. (Берілгенін 1оқушыға оқыту, дауыстатып)
-Бұл жаттығуды «Сөзге әріп қос» ойыны арқылы орындаймыз.
(Интерактивті тақтадан) .
Қу
Жу
Бу
Сау
-Тақтада орындау, сөз мағынасындағы өзгерістер туралы айтып өту. Қосымша сұрақтар қою.
Қу-қуу, жу-жуу, бу-буу, сау-сауу.
3. Сергіту сәті. (Әліппе әуенінен) .
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау. 2рет
4. -Жақсы енді 61- жаттығуды қараймыз
(Берілгенін бір оқушыға оқыту)
- Балалар мен сіздерге қима жапырақтар үлестіремін ұнаған жапырақтарыңызда оқулықтағы сөздер жазылған. Топ болып сөйлем құрап, дайын топтан бір оқушы тақтаға жазады.
- Әр топ өздеріне тиісті сөйлемді ғана көшіреді.
( Тақтадағы оқушы «У» дыбысының дауысты ма, дауыссыз ба екенін айтып түсіндіреді. )
- - «У» дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуында алған білімдеріңізді тексеру мақсатында семантикалық картамен жеке жұмыс ұсынамын.
( орындап болған соң жинап алынады, бір топтан 1 -оқушыға оқыту, тексеру)
- жақсы оқушылар « Білім ағашының » алтын жапырағына «у» быбысы туралы өз ойларыңды жазып, « Білім ағашын » келесі күзге дейін шығарып саламыз.
(Әр оқушы өз ойларын жазып іледі)
- Өте жақсы балалар, бүгінгі сабағымызды өлеңмен бастап едім, енді өлеңмен аяқтаймын. Тек қана мен қолымды көтергенде «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деп айтасыңдар.
Өз тілінде сөйлеп шықты сан ұрпақ,
Қазақ тілі - өз жұлдызың көктегі.
Қазақ тілі - көгіндегі шамшырақ,
Қазақ тілі - өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі - тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі - болашаққа жетелеп,
Ұрапқтарын танытады әлемге!
- Балалар, қазақ тілін жақсы меңгеріп, әлемге танытатын сендер болатыныңызға мен сенімдімін.
5. Үйге тапсырма: 62 - жаттығу
6. Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz