№5 орта мектептің 7-сыныптар арасындағы КВН: Ас - адамның арқауы

№ 5 орта мектеп

КВН

Тақарыбы: «Ас адамның арқауы»

Өтілу түрі: Жарыс, топпен жұмыс

Қатысқан класстар: 7 «в», 7 «г»

Өткізген: технология пәнінің мұғалімі Ж. Н. Арзықұл

Шалқар қаласы

2012 жыл

Тақырыбы: «Ас - адамның арқауы».

Мақсаты, білімділік:

  • Оқушыларға тағам туралы мағулмат беру.

Тәрбиелік:

  • Шеберлікке, іскерлікке баулу.

Дамытушылық:

  • Алған білімді одан әрі жетілдіру.

Өтілу түрі:

  • Сабақтан тыс ісшара.

Мұғалім сөзі:

Оқушылар бүгін 7в, 7г сыныптары аралығында «Ас - адамның арқауы» атты КВН ойының өткізгелі тұрмыз. Бұл ойында сендер өздеріңнің тағам туралы білгендеріңді, үйренгендеріңді ортаға саласыңдар. Бұл ойынды жюри мүшелері етіп, технология пәнінің мұғалімдерін сайлап қояйық. Әр топта 6 оқушыдан қатысып тұр. Сайысымыз 7 шарттан тұрады.

Енді шарттарымызды бастайық:

І. Шарт «Сәлем - сөздің атасы» - деп аталады.

Екі топ мүшелері өздерінің аталарымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырады.

ІІ. Шарт «Таза мінсіз асыл сөз ой түбінде жатады» - деп аталады.

Сұрақ - жауап сайысы.

Сұрақтар:

  1. Қазақтың дәстүрлі ұн тағамдарын ата?
  2. Қазақтың дәстүрлі сүт тағамдарын ата?
  3. Қазақтың дәстүрлі ет тағамдарын ата?
  4. Қамыр илеуге қосылатын негізгі шикізаттарды ата?
  5. Қамыр илеуге қосымша шикізаттарды ата?
  6. Қандай көкөніс барлық аурудың алдын алады?
  7. Үлілмелі қамырдан қандай тағамдар пісіріледі?
  8. Ашытқы қамырдан, қандай тағамдар пісіріледі?
  9. Сұйық тағамдарға қандай тағамдар жатады?
  10. Қаймақ - қалай жасалады?

ІІІ. Шарт - салат жасау.

Әр топтан 2 оқушыдан шығып салатты дайындап, оның жасалу жолын, пайдалылығы туралы мәлімет айтады.

ІV. Шарт «Өзіңді - өзін емдей біл» пайдалы кеңестер айту.

V. Шарт «Ой толғау».

Тағам туралы мақал - мәтел ребусын шешу.

VІ. Шарт «Мен саған - сен маған» - деп аталады.

Екі топ мүшелері де салатқа немесе тағамға қосылатын азық - түлектер жиынтығын айтады. Келесі топ оның қандай тағам немесе салат екенін табу керек.

VІІ. Шарт «Кім - шапшаң» - деп аталады.

Екі топ мүшесі де қағазға кез - келген бір оюдың суретін салып, қиып алып көрсету керек. Ал осымен оқушылар шарттарымыз аяқталды.

Ендігі сөзді жюри мүшелеріне береміз. Жеңген топқа грамотамыз бар. Жарысқа атсалысып қатысқандарыңа көп рахмет.


Ұқсас жұмыстар
Ас - адамның арқауы: дұрыс тамақтанудың денсаулықтағы рөлі
Ас - адамның арқауы: 7-сынып қазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспары
7-сынып қазақ тілі сабағы: Ас - адамның арқауы, дұрыс тамақтану мен оқыту әдістері
3-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Ас адамның арқауы - нанды қадірлеуге тәрбиелеу
Ас - адамның арқауы: дәрумендер, тамақтану гигиенасы және салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Әділеттілік - адамның рухани арқауы: сабақ жоспары
С. Мұқанов атындағы мектептің 6-сыныптар арасындағы Жас тарихшы және 7-сыныптар арасындағы Жас географ зияткерлік сайыстары: бағдарламасы мен сұрақтары
Әй осы математика: 5-7 сыныптар арасындағы интеллектуалдық математикалық ойын-сайыс
М. Әбдіхалықов атындағы орта мектептің 2014-2015 оқу жылы 6-9 сыныптар арасындағы Әлем тілдері сөйлейді сайысы
№6 орта мектептің 7-сыныптары арасындағы математикадан сыныптан тыс сабақ-сайысы (2009-2010 оқу жылы)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz