9-сынып алгебрасы: арифметикалық және геометриялық прогрессиялар бойынша жалпылау сабағының ақпараттық картасы

Алгебра- 9 сынып
Мұғалім : Жаменкенова Назгуль Зайнуллиновна
Тақырыбы: Прогрессиялар
Сабақтың ақпараттық картасы:
- Мақсаты:Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар жайлы есептер шығару барысында білімдерін кеңейту, тереңдету және жалпылау.
- Іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуын тексеру;
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамыту, пәнді терең ұғынуларына жағдай туғызу, жеке және топтық, ұжымдық жұмыс жасау дағыдларын күшейту.
- Өзара достық және өзара көмек сезімдерін тәрбиелеу
Типі: Жалпылау сабағы
Сабақ түрі: жаттықтыру- практикум
Технолгия: Деңгейлік дифференциалдық, сыни тұрғысынан ойлау /тарихи мәлімет, жеке тұлғаға бағытталған және тестік бақылау технологиясының элементтері
Әдісі: ізденушілік, зерттеу, практикалық, және өзіндік жұмыс
Бақылау түрі; өзіндік және өзара, мұғалім тұрғысынан бақылау
Көрнекі құрал : Интерактивті құрылғы
Түсінік хат
-9-сыныпқа арналған алгебра сабағы
- Сабақ жалпы білім берітін мектеп оқушыларына арналып құрылған
Оқу материалының мазмұнын таңдау қағидасы: оқу мазмұны оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап алынған
Сабақтың материалдық техникалық базасы:
- компьютер
- микрофон
интерактивті тақта ActivBoard, флипчарт беттері, деңгейлік тапсырмалар, білім өлшеуіштері/ тестер құралы/, интернет рессурстары
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі- 3мин
ІІ. Прогрессияның, формулаларының есептерді шығаруда қажетті анықтамалар мен формулаларды қолданудағы білім мен біліктің практикада қажеттілігін сезіну, сабақтың тақырыбы, мақсаты, міндеттерімен таныстыру. Сабақта одан әрі жұмыс істеудегі оқушылардың белсенділіктерін арттыру - 10 мин
ІІІ. Берілетін тапсырмаларды орындауда мазмұны мен жүйенің бірізділігі- 16 мин
ІV. Мұғалімнің бақылауымен өзіндік жеке тапсырмаларды орындатуы- тест/ 8 мин
- Орындалған тапсырмаларды жалпылау және жүйелеу-3 мин
- Сабақты қорытындылау және үй жұмысына нұсқау беру-5 мин
Резерв тапсырмалары
Сабақтың моделі/барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Уақыт аралығы 3 мин
- Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік
- Мотивация/ /
Сабақты қорытындылайды
Үйге тапсырма беру. Бағалау