Адамгершілік құндылықтары: М. Сүндетовтың Қасқалдақ әңгімесі, 1986 жылғы желтоқсан және Мұхаммед хадистері

Жанкелшдин атындағы

орта мектебі

Сынып сағаты

Сынып жетекшісі:

Жантілеуова Бақыт.

Адамгершілік құндылықтар.

Мақсаты: Адамгершілік құндылықтарды бойына жинақтаған, өзіндік көзқарасы

бар ұрпақ тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мағзом Сүндетовтың «Қасқалдақ» әңгімесі. Нақыл сөздер.

Мұхаммед пайғамбардың хадистері. Адамгершілік туралы оқушы

шығармалары, өлеңдер, салған суреттері. Интерактивті тақта. Слайд.

Сынып сағатының түрі : конференция сабақ «Кітап оқушылар конференциясы»

Сынып сағатының әдісі : баяндау, пікірлесу, талдау.

Сынып сағатының барысы :

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. М. Сүндетовтың «Қасқалдақ» әңгімесінен адамгершілік

құндылықтар туралы баяндау. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен

байланыстыру

3. Адамгершілік балалар көзімен . . . (шығармашылық тапсырмамен жұмыс)

4. Мұхаммед пайғамбар хадистеріндегі адамгершілік құндылықтар туралы.

5. Қорытынды:

Көрермендердің адамгершілік құндылықтары туралы пікірлерін тыңдау

І-бөлім.

М. Сүндетовтың «Қасқалдақ» әңгімесінің мазмұнын айту.

Оқушылармен пікірлесу арқылы әңгімеден адамгершілік қасиеттерді табу, талдау.

Слайдта көрсетілген жетекші сұрақтар:

1) «Қасқалдақ» әңгімесінде не туралы айтылған?

2) Ана-қасқалдақтың балапандарына деген сүйіспеншілігі, мейірім, қамқорлығы, өнегесі

әңгіменің қай жерлерінен көруге болады?

3) Балапандардың қылықтарына қарап біз не аңғарамыз? Ақ мойын балапан несімен

ерекшелінеді?

4) «Отты таяғы барлар» кімдер? Сендердің ойларыңызша қара мұртты қандай адам,

аңсары Бектас ше?

5) Әңгімеде қандай адамгершілік құндылықтар келтірілген?

Әңгімеде кездескен адамгершілік қасиеттерді слайдтан көрсетіп мағынасын түсіну

(Сабырлық, қанағатшылдық, мейірімділік, қамқорлық, имандылық, парасаттылық, сүйіспеншілік, рақымшылық, еңбекқорлық т. б.

Мұғалім сөзі:

«Қасқалдақ» әңгімесін 1986 жылғы желтоқсан оқиғасымен байланыстыру.

«Қасқалдақтың қанындай» деген халық сөзінің төркіні кең. Қазақ қимас нәрсесін қасқалдақтың қанына теңеген. Қасқалдақ кішкентай сұр құс. Өзі кішілігіне қарамастан азат өмірге құштар.

ІІ-Бөлім.

Адамгершілік балалар көзімен . . .

  1. Оқушы шығармасы
  2. Өлеңдер оқу.
  3. Сурет салу.

ІІІ-Бөлім

Мұхаммед хадистерінде адамгершілік құндылықтар туралы.

83, 44, 142 хадистерді слайдта көрсетіп, оқу.

83 - хадис

  • Қолыңнан келсе адамдарға жақсылық етіп, іштей қуаныш ет. Жаман ісіне қайғырып, алладан қайырымдылық сұра. Бұл имандылық белгісі.

44 - хадис

  • Алла -тағала еңбек еткендерді, егін егіп, бау - бақша өсіргендерді жақсы көреді. Оны адамға еткен ізгілік деп есептейді.

142 - хадис

  • Өзіңе кездескен жасы үлкендерге сәлем беріп амандас. Оны тану- танымау шарт емес. Ол достықты арттырады. Әрі адамдығыңды анықтайды. Адамдардың айуаннан айырмашылығы осында.

Ислам діні және басқада дүние жүзінде өмір сүретін діндерде адамгершілік құндылықты уағыздайды. Адамдық, имандылыққа қарсы экстеремизмге жол жоқ дей отырып, оқушыларды салауатты өмірге шақыру.

ІҮ - бөлім

Қорытынды :

Көрермендердің адамгершілік құндылықтары туралы пікірлерін тыңдау


Ұқсас жұмыстар
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы және оның тәуелсіздікке әсері
1986 жылғы Желтоқсан: жастық ұлтжандылықтың тарихи бастауы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының ақиқаты: себептері, құрбандары және тарихи маңызы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: тарихы, құрбандары және тәуелсіздік маңызы
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің тарихи-тәрбие сағаты
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: себептері, барысы және тарихи маңызы
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: тәуелсіздік бастауы
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі және Тәуелсіздік: патриоттық тәрбие сағаты
1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі: себептері, оқиғалары және құрбандары
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: 9-сынып тарих сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz