XXI ғасырдың жас математигі және физигі: мектепішілік математика мен физика пәндері бойынша сайыс сабағы

Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылы

М. Б. Ықсанов атындағы орта жалпы

білім беретін мектеп- балабақша

Зубайров Алмабек Жасталапұлы

Математика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасырдың жас математигі әрі физигі»

Сабақтың мақсаты : Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға

ұмтылуын дамыту. Білімді дарынды, озық.

болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жарыс сабақ

Жабдықталуы : тест, конверттер; қалақшалар.

Барысы:

І. «Ойлан, тап»

ІІ. «Орыңдарың тап»

ІІІ. «Зеректер бекеті»

IV . «Ғажайып үштік»

V. «Көкпар»

VI. Асу.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Баршаңызда бүгінгі кешке қош келдіңіздер.

Ғылымдардың патшасы атанғансыз,

Евклид, Фалес, Пифагорды бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән- математика атанғансың, - дей келе ортаға бүгінгі

«ХХІ ғасырдың жас математигі әрі физигі» атты ойынға қатысушыларды шақырамыз.

Мәңгі бақи есте қалар

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәікрт озар

Сұрақтары қиын болсын- дей отырып, ойынымызға қатысушылармен таныс болыңыздар.

7 ә - класс оқушысы Қаратаев Арданат

7 а - класс оқушысы Тлебалив Асылжан

7 ә - класс оқушысы Ахмашева Сымбат

7 а - класс оқушысы Салимова Айымгүл

7 ә - класс оқушысы Шұғаев Сұлтанбек

7 а - класс оқушысы Жангерейқызы Жайнагүл

7 ә - класс оқушысы Ахметқалиева Самал

7 а - класс оқушысы Есенова Еркегүл

Кешімізді бастамас бұрын ойыншының білімін дұрыс бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әр әділқазының алдына дайындалып қойылған.

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Қатты білім, терең ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

  1. «Зерде» әдістемелік бірлесігінің жетекшісі: Жапалақова С. А.
  2. Физика пәнінің мұғалімі: Атошева Л. Ғ.
  3. Информатика пәнінің мұғалімі: Қарабалиева Э. М.

Ал бүгінгі сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар,

Сұрағыма жауап бер, қымсынбай- ақ.

Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар. - дей келе сайысымызды бастаймыз.

Ойынның І бөлімі «Ойлан, тап» деп аталады. Бұл бөлімнің шарты бойынша алдарыңызда жатқан түрлі түсті конверттерді таңдау арқылы ішіндегі сұрақтарға жауап берсеңдер. 10 ұпайға ие боласыңдар. Ең аз ұпай жинаған

екі ойыншы ойыннан кетеді

  1. Тең әсерлі күшті түсіндіретін ұлттық ойын түрі.

(арқан тартыс)

2. 36 км/ сек неше м/ сек бар? (36000 м/с)

3. Бірлік ауданға түсірілген күш (қысым) \

4. тепе- теңдікті көрсетіп тұрған таразының екі табақшасына екі шар салынады. Біреуі пластмасс, екіншісі болат. Таразы тепе- теңдік қалыпты көрсетті. Шарлардың массалары туралы не айтуға болады? (Шарлардың массалары бірдей)

5. Құттықтаймыз. Сіздің жолыңызды болды. 10 ұпай сізге сыйға тартылады.

6. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады? (Энерция)

7. Бірмүше дегеніміз не?

8. Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі не деп аталады?

9. (а-в) (а+в) = ары қарай жікте.

І бөлімді қортындылау үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер- дей келе, «Орыңдарың тап» атты ІІ бөлімді бастаймыз. Бұл бөлімнің шарты бойынша ойыншыларға латын әріптері мен символдар беріледі. Сол әріптерден 3 минут ішінде физикалық немесе математикалық формула құрастыру керек. Уақытында құрастырылмаған ойыншы ойыннан кетеді.

1) (а + в) 2 2) а 2 - в 2

ІІІ бөлім «Зеректер бекеті» деп аталады.

Мұнда қазір экраннан тест сұрақтары шығады. Сұрақтар екі жауаптан тұратын тест түрінде болады. (Иә немесе жоқ) Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді, ең аз ұпай жинаған 1 ойыншы ойыннан шығады.

Заттың үш күйі бар ма? (Иә)

  1. Температураны өлшейтін құрал динамомерт ме? (Жоқ)
  2. Қысымның өлшем бірлігі Ньютон ба? (Жоқ)
  3. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал барометр ме?(Иә)
  4. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең бе? (Иә)
  5. Жазыңқы бұрыш 1600- қа тең бе? (Жоқ)
  6. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800- қа тең бе? (Иә)
  7. (а+в) 2= а2+ ав+в2екі өрнектің қосындысының квадратының формуласы ма? (Иә)

Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп- қисап, сан цифр термек үшін.

Көрсетіп есептеудің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін- деп

ойынымыздың «Ғажайып үштік» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Тақтадағы түрлі түсті фигураны бірінші болып, ұпайы көп оқушы таңдайды. Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.

1 оқушы ойыннан шығады.

  1. 125 л сұйықтың массасы 100 кг оның тығыздығын табыңдар. (Физикадан)

Бөлім «Көкпар» деп аталады. Бөл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір ойыншы өзіне ұнаған 1 тақырыпты таңдайды. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

1 тақырып 2 тақырып

Логикалық есептер Формулалар

3 тақырып 4 тақырып

Ғалымдар Мектеп

Логикалық есептер

1. Үш пар ат 30 км- ге шапса, әр ат қанша км- ге шапқан? (30 Км)

2. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минцут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (Екеуі тең)

3. Бір тонна мақта аур ма, бір тонна темір ауыр ма? (Бірдей)

4. 4 пен 5- тің арасына қандай таңба қойылғанда төрттен артық, 5- тен кем сан шығады. (үтір) .

5. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (бес)

Ғалымдар


Ұқсас жұмыстар
Ғажайыптар елінде - математика, информатика және физика пәндері бойынша мектепішілік саяхат сабағы
XXI ғасырдың жас математигі: ойын-жарыс арқылы оқушылардың математикалық ойлауын және есеп дағдыларын дамыту
Жұлдызды сағат: физика және информатика пәндері бойынша мектепішілік интеллектуалдық сайыс
Білгірлер тапқырлар: информатика, математика және физика пәндері бойынша мектепішілік білім сайысының бағдарламасы
Білім тарландары: математика мен физика пәндері бойынша оқушыларға арналған интеллектуалдық-шығармашылық сайыс
Физика мен математика пәндері бойынша мектептік кештің сценарийі
7-10 сыныптардағы МИФ (математика, информатика, физика) пәндері бойынша мейрамхана-тематикалық топтық сайыс сағаты
Бұлдырты орта мектебіндегі Озық ойлы дарындылар математика және физика пәндері бойынша интеллектуалдық турнирі
8-10 сынып оқушылары арасында өткізілетін ХХІ ғасырдың жас математигі интеллектуалдық ойыны - аудандық олимпиадаға дайындық
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіндегі Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар танымдық ойыны: математика, физика және информатика пәндері бойынша сайыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz