Физикаға кіріспе: табиғат пен адам, негізгі ұғымдар және физиканың техникамен байланысы

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Қаратөбе мектеп гимназиясының

Физика пәнінің мұғалімі Жұмабаева Жайнагүл Мұратжанқызы

Сабақ тақырыбы: § Кіріспе. Табиғат және адам. Физика-табиғат туралы ғылым. Физикалық ұғымдар. Физика және техника.

Сабақ мақсаты : оқушыларды жаңа пәннің ерекшелігімен, оқып білудің маңыздылығымен таныстыру, пәнге деген қызығушылығын ояту

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Сабақ әдісі : түсіндірмелі -көрнекілікті

Сабақ көрнекілігі : флипчарт, тапсырмалар.

Сабақ барысы:

І. Қызығыушылықты ояту.

Әдісі: Суретті болжау

ІІ. Мағынаны тану

Әдісі. Сұрақ-жауап (Оқулықтағы мәтінді пайдалану)

І. Сіздердің ойларыңызша физика нені зерттейді?

ІІ. Физика басқада жаратылыстану ғылымдарымен байланысты бола алама?

ІІІ. Қандай ғылымдармен байланысты болуы мүмкін?

ІҮ. Физика ғылымының пайда болуы неден басталды және нені дамытуға көмектесті.

Табиғат Физика Техника

Ү. Сонымен физикалық мақсаты не?

ҮІ. Физиканы толық біліп меңгеру үшін үнемі физикалық заңдылықтар мен теорияларды және теорияны оқып үйрену үшін қажетті терминдер мен ұғымдарды жадымызда сақтай білуіміз қажет.

Ең алғашқы физикалық ұғымдар материя, дене, зат.

Материя -бізді қоршаған әлемде не бар соның барлығы.

Дене-кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе, мысалы парта, доп, сырға, өшіргіш, қасық.

Зат- дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрі, мысалы ағаш, резеңке, алтын, резеңке, күміс.

Демонстрация

Стакандағы су, мұз кесегі, қайнаған судан шыққан бу. Бұл бір ғана заттан тұрады. Су тамшыларынан, бірақ үшеуі үш түрлі-сұйық, қатты, газ.

Сонымен бір заттың өзі үш күйде бола алады. Қатты, сұйық, газ.

ІІІ. Толғаныс.

1-тапсырма тест

2-тапсырма. Негізгі ой

  • Адам үшін физиканы білу не үшін қажет?
  • Табиғат құбылыстарына мысал келтір.
  • Қандай физикалық құбылыстарды білесің?
  • Физиканың мақсаты не?
  • Неліктен физика техниканың негізі болып саналады?

ІҮ. Үйге тапсырма.

Міндетті: §1- §3 оқып, 1, 2-тапсырма жазбаша

Мүмкіндік деңгейлі тапсырма: Мәтінде кездескен ғалымдар мен ғарышкерлер туралы мәліметтер жинақтау. Түрі: слайд, буклет, мәнжазба.


Ұқсас жұмыстар
Бізді қоршаған дүние: табиғат пен адам өмірінің байланысы
MS Excel-ге кіріспе: ұғымдар, жұмыс парақтары және негізгі операциялар
Физиканың негізгі ұғымдары, заңдары және формулалары
М.Әуезовтің Көксерек әңгімесін зерттеу: табиғат пен адам қатынасын талдау
М. Әуезовтің Көксерек әңгімесі: табиғат пен адам үндестігі
Дүниетану (2-сынып): Ауаның табиғат пен адам өміріндегі маңызы және оны қорғау
Сұлулық: табиғат, өнер және адам арасындағы үйлесім
Қоршаған дүниені танып-білу: табиғат пен адам арасындағы байланыс және экологиялық тәрбие
9-сыныптың Адам. Қоғам. Құқық пәні: кіріспе және адам мәселелері, қызметі, қабілеті мен өмір мәні
Бунақденелілер класының көптүрлілігі мен табиғат пен адам өміріндегі маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz