Сабақта ойын

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАЙ ОТЫРЫП БІЛІМ БЕРУ

ТҰМАРБАЕВА МЕЙІЗ ЗАРЫҚБЕКҚЫЗЫ, КММ №27 ЖББОМ

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ

ЖЕКСЕНОВА БИБІНҰР ОМАРБАЕВНА

МЕКТЕП ПСИХОЛОГІ

Қазіргі кездегі білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі оқушыға терең білім мен тәрбие беруде оның денсаулығын сақтай отырып, дені сау, қабілетті тұлға қалыптастыру болып отыр.

Мектепте оқушы өзінің 11 жылын өткізеді. Ал мектепке келген оқушының денсаулығы жақсы, дене бітімінің мықты болуы шарт. Өйткені мектептегі жетістіктері дене дамуының, денсаулығының мықтылығына тікелей байланысты [1] .

Ендеше баланың денсаулығын сақтай отырып, жұмысқа деген ынтасын арттыруда, денсаулық сақтау технологиясының алатын орны ерекше.

Денсаулық сақтай отырып білім беру принципі - оқушының дене және психологиялық денсаулығын дамытып, нығайтуға жағдай жасайды.

Оны келесі құралдар арқылы жүзеге асыруға болады:

- денсаулықты сақтап оқыту;

- дененің дамуын арттыру;

- санитарлық- гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтау;

- салауатты өмір салтын насихаттау және т. б.

Денсаулық сақтау технологиясына негіздеп оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды төмендегідей қарастыруға болады:

1) сабақты денсаулық сақтау принципіне сүйене отырып құру;

2) сабақта денсаулық сақтау техологияларын қолдану;

3) қозғалыс қоңырауларын ұйымдастыру.

Денсаулық сақтауға бағытталған сабақ құрылымының мынадай 4 тәртібін анықтауға болады:

  1. сабақты дұрыс ұйымдастыру;
  2. қабылдау іс-әрекетін қолдану;
  3. оқушының жұмыс қаблетінің кеңістігін анықтау;
  4. баланың ақыл-ойының жеделдігін бөліп тастау;

1 суретте апта ішіндегі оқушының жұмыс қабілеті көрсетілген.

1 сурет - Апта ішіндегі оқушының жұмыс қабілеті

Баланың күнделікті сабақ оқуға жұмыс қабілетін төмендегідей сипаттауға болады:

- 1 сабақта - қалыптасады;

- 2, 3 сабақта - ынтасы жоғары болады

- 4, 5 сабақта - баланың ынтасы төмендейді.

Сондықтан мұғалім сабақ кестесін құрғанда осыған баса назар аудару керек. 2 суретте 1-4 сынып оқушыларының оқу күніндегі жұмыс қабілетті көрсетілген.

2 сурет - 1-4 сынып оқушыларының оқу күніндегі жұмыс қабілетті

Баланың сабақ барысындағы білім меңгеруінің жеделдігі келесідей:

- 5-25мин - 80%;

- 25-30мин - 60-40%;

- 35-40мин - 10%.

Бірінші сынып оқушысының ағзасы бірнеше кезеңнен өтеді:

- алғашқы 2-3 аптасы физиологиялық екпінде өтеді. Осыған байланысты қыркүйек айында балалар жаңа талаптарға бейімделе алмай көп ауырып қалады;

- келесі бейімделу кезеңі - тұрақсыз ыңғайлану. Бала ағзасы жаңа жағдайда өзіне жақын нұсқаны табады;

- бұдан кейінгі тұрақты ыңғайлану кезеңі басталады. Бала ағзасы жүктемеге аз күш жұмсайды.

Сабақта әрекет түрлерінің ауысуы (бір сабақта оқушының әрекеті ету нормасы 7-8 түрі болу керек. Мысалы: оқу, жазу, тындау, әңгімелеу, сұрақтар, сұрақтарға жауап, көрнекі құралдарды қарау, есептер шығару және т/б) . Бағдарлы нормасы - 7-10 минут. Оқыту түрлерінің саны: ауызша, көрнекілік, аудиовизуалды және т. б. Нормасы - 3-ден аз ауыспау керек. Ауысу нормасы - 10-15 минуттен кем емес [2] .

Баланың шаршауын болдырмай, көңіл күйін көтеріп сергітуде, ағзасының қажетті бұлшық еттерінің дамуына сабақ үстінде орындалатын сергіту сәттері үлкен роль аткарады. Сергіту сәттерін сабақтың 15-20 минуты өткеннен кейін тіпті қиын сабақтарда екі рет орындауға тура келеді. .

Сергіту жаттығуларын орындауға 1, 5 - 3 минут уақыт бөлемін. Кейбір жаттығуларды ән әуенімен орындаймыз. Сонда баланың көніл күйі де көтеріліп, сабаққа деген ынтасы артады. Баланың көңілді болуы оның қан айналымының айналуынада септігін тигізеді, көңілді күйде сабақты жақсы қабылдайды.

М. ғ. д. В. Ф. Базарныйдың методикасы бойынша 3 суретте көрсетілген ватманға сызылған әр түрлі фигураларға көздерін жүгіртеді [2] .

3 сурет - М. ғ. д. В. Ф. Базарныйдың методикасы

«Салауатты жас ұрпақ» бағдарламасының бастауыш сатыдағы іс-жоспары 1 кестеде көрсетілген.

1 кесте - «Салауатты жас ұрпақ» бағдарламасының бастауыш сатыдағы іс-жоспары

Р/с
Жұмыс формасы
Өткізу уақыты
Жауаптылар
Нәтиже
Р/с: 1.
Жұмыс формасы: Сабақ алдындағы таңертеңгілік жаттығулар
Өткізу уақыты: Әр кезек сабағының алдында
Жауаптылар: Мұғалім, ден. шынық. пән мұғалімі
Нәтиже: Бала сергиді, көңілі көтеріліді
Р/с: 2.
Жұмыс формасы: Сабақта ойын элементтерін қолдану
Өткізу уақыты: Әр сабақта
Жауаптылар: Мұғалім
Нәтиже: Шаршағаны басылып, ынтасы артады
Р/с: 3.
Жұмыс формасы: Сабақтағы сергіту сәттері
Өткізу уақыты: Әр сабақта
Жауаптылар: Мұғалім
Нәтиже: Бұлшық еттері дамиды, ынтасы артады
Р/с: 4.
Жұмыс формасы: Дыбыс терапия (артикуляциялық)
Өткізу уақыты: Тіл сабақтарында
Жауаптылар: Мұғалім
Нәтиже: Қан айналымы дұрысталып, жүйке жүйесі жақсартылады
Р/с: 5.
Жұмыс формасы: Әуен терапия
Өткізу уақыты: Еңбек, ән бейнелеу, сабақтарында
Жауаптылар: Мұғалім
Нәтиже: Ағза тынығады
Р/с: 6.
Жұмыс формасы: Витамино терапия
Өткізу уақыты: Қажетті уақытта
Жауаптылар: Ата-ана көмегімен
Нәтиже: Ағза дәруменмен толығады
Р/с: 7.
Жұмыс формасы: Динамикалық үзілістер
Өткізу уақыты: Сабақ арасында 2-3 рет
Жауаптылар: Мұғалім
Нәтиже: Көңіл күй көтеріледі
Р/с: 8.
Жұмыс формасы: Сарымсақ медальондары
Өткізу уақыты: Тұмау кезінде
Жауаптылар: Мұғалім, ата-ана
Нәтиже: Ауруға қарсы тұрады
Р/с: 9.
Жұмыс формасы: Сынып бөлмесін желдетіп отыру
Өткізу уақыты: Үнемі
Жауаптылар: Мұғалім
Нәтиже: Ауа тазарады
Р/с: 10.
Жұмыс формасы: Сынып бөлмесінде гүл отырғызу
Өткізу уақыты: Үнемі
Жауаптылар: Мұғалім
Нәтиже: Шаң- тозаң ағзаға түспейді
Р/с: 11.
Жұмыс формасы: Фитотерапия (фиточай )
Өткізу уақыты: Үзіліс кезінде
Жауаптылар: Мұғалім, аспазшы
Нәтиже: Ағзаға көмек
Р/с: 12.
Жұмыс формасы: Тегін тамақтану
Өткізу уақыты: Үнемі
Жауаптылар: Мұғалім, аспазшы
Нәтиже: Қарны тоқ, көңіл күйі тоқ
Р/с: 13.
Жұмыс формасы: Тапсырманың баланың жас ерекшелігі ескеріліп, шамадан тыс берілмеуін қадағалау
Өткізу уақыты: Үнемі
Жауаптылар: Мұғалім
Нәтиже: Ағзаға салмақ түспейді

Бала денсаулығын сақтауда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар

2 кестеде бала денсаулығын сақтауда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері көрсетілген [3] .

2 кесте - Бала денсаулығын сақтауда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлері

Р/с
Жұмыс формасы
Өткізу уақыты
Жауаптылар
Нәтиже
Р/с: 1.
Жұмыс формасы: Табиғат аясында топ серуен ұйымдастыру
Өткізу уақыты: Каникул кездерінде, оқу жыл ішінде
Жауаптылар: Ата-ана, медбике, мұғалім
Нәтиже: Дене шынығады
Р/с: 2.
Жұмыс формасы: Денсаулық күнін, денсаулық аптасын, спорттық мерекелер
Өткізу уақыты: Оқу жыл ішінде
Жауаптылар: Дене шынықтыру пән мұғалімі
Нәтиже: Ағза сауығады
Р/с: 3.
Жұмыс формасы: Бастауыш сыныпта спорт секцияларын, үйірмелерін ашу
Өткізу уақыты: Оқу жыл ішінде
Жауаптылар: Дене шынықтыру пән мұғалімі
Нәтиже: Денсаулығы нығаяды
Р/с: 4.
Жұмыс формасы: Балаларды жазғы мезгілде сауықтыру лагерлеріне жіберу
Өткізу уақыты: Каникул кезінде
Жауаптылар: Мұғалім
Нәтиже: Дем алады
Р/с: 5.
Жұмыс формасы: Бастауыш сыныпта ақыл-кеңес аларлық денсаулық бұрышын ұйымдастыру
Өткізу уақыты: Оқу жылы ішінде
Жауаптылар: Мұғалім
Нәтиже: Ақпараттанады
Р/с: 6.
Жұмыс формасы: Медбикемен кездесу
Өткізу уақыты: Оқу жылы ішінде
Жауаптылар: Мұғалім
Нәтиже: Ақыл-кеңес алады

Балаға ұзақ уақыт бойы тұрақты ырықты зейінді сақтау қиын, көлемі бойынша бірталай материалды жаттау, т. б. Бастауыш сыныпта оқыту балалардың осы ерекшеліктерін ескереді. Олардың танымдық іс-әрекетінің еркіндігіне қойылатын талаптар, оқу процессінің өзінде оны жетілдіру қалай орындалатынына қарай, бірте-бірте өседі. Егер баланы мектепте алатын білімнің мазмұны тартымды болмаса, сабақта танысқан жаңалық қызықтырмаса, жалпы мектепке, оқуға, оқушы жағдайына, оның құқықтары мен міндеттеріне деген оң көзқарас, тұрақты, табысты оқуды қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Мектепте оқу - баладан дайындықты талап ететін қиын еңбек. Өз мінез - құлықын басқару, оны негізгі мектеп ереежелерге бағындыру, өзін қоршағандардың ойымен келісу, кездескен қиындықтарды жеңу - міне, бұл мектептің болашақ бірінші сынып оқушысына қоятын талаптарының кейбіреулері. Осы талаптарды орындау үшін ол ұйымшылдық, өз бетімен жұмыс істей алу, табандылық, тәртіптілік сияқты адамгершілік - еріктік қасиеттерін иемделуі қажет. Барлық ата-аналар баламыз ақылды әрі дені сау, мектепке жақсы дайындалып, жақсы оқыса екен деп тілейді. Баланың ақыл-ойы мен денесінің дамуында тамаша нәтижелерге жету үшін, онымен бірге тер төгуге тура келеді. Ал бұл біріккен еңбек қиындық тудырмас үшін, оны ойын түрінде жүргізген дұрыс. Ойын- балалардың ең сүйікті ісі, жұмысы. Ойында ең қиын нәрселер де жеңілденеді.

Дем ала отырып, оқимыз


Ұқсас жұмыстар
Сабақта диалогтік оқытудың тиімділігі. баяндама
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілге деген қызығушылығын қалыптастыру
Сабақта ойын түрлерін қолдану
Бастауыш мектеп
Ойын технологиясы оқушылардың білімін дамыту құралы
Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану мақсаты
Бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттырудағы ойынның рөлі
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОЙЫН - ӘДІСІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН ЫНТАСЫН АРТТЫРУ
Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі
Тыйым сөздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz