Мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудар

Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Володар ЖОББМ
Атамекен - алтын бесік
Авторлық бағдарлама
Құрастырушы: Р. М. Жұмағазиева 1-санатты қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
2011 жыл
Түсінік хат
Қай халық та ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі - келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі.
Өздеріңізге ұсынылып отырған орыс сыныптарындағы қазақ тілінен 10 сыныпқа арналған «Атамекен - алтын бесік» атты арнаулы курстың мақсаты - мектеп оқушыларына өз ауылы, ауданы, облысы туралы толық мағлұматтар бере отырып, өз елінің нағыз патриоты болуға тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2030» атты бағдарламасында : «Оқушыларды Қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет» - деп атап көрсеткен болатын.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында білім беру жүйесінің басым міндеттерінің қатарында «азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» туралы айтылған. Осы қағидаларға сүйене отырып, өлкетану материалдары арқылы елжандылыққа тәрбиелеудің негізі 10- сыныпқа арналған «Атамекен - алтын бесік» атты арнаулы курс бағдарламасында толық көрініс тапқан деп сенемін.
Бағдарлама барысында оқушылар ауыл, аудан, облыс тарихы, географиясы, табиғаты, шаруашылығы, мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүрі, өнері, т. б. жайында өлке деректерінен құнды мағлұматтар алады.
Бағдарлама мектептің оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін жетілдіруге, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауға және оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Бағдарламаның құрылымы
( барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Бағдарлама жүйелік, түсініктілік принциптеріне сүйеніп жасалынды. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілді. Бағдарламадағы тақырыптар біріншісінен екіншісі туындайтындай жүйемен орналастырылды
Тақырыптар М. М. Жанпейсованың «Модульдік технологиясын» басшылыққа ала отырып, жүйеленіп ұсынылған.
1-модуль - «Ауылым - алтын бесігім» 4 сағат,
2-модуль «Ақжайықтың тарихи оқиғалары» - 4 сағат,
3-модуль «Еңбек және соғыс ардагерлері » - 5 сағат,
4-модуль «Ақжайықтың әдебиет әлемі» - 5 сағат,
5-модуль «Тарихи-мәдени ескерткіштер» - 3 сағат,
6-модуль «Табиғатым - тағдырым» - 4 сағат,
7-модуль «Өнерлі өрге жүзеді» - 4 сағат,
8-модуль «Салт-дәстүр - » - қазынам» - 4 сағат бөлінген.
Жылдық қайталау - 1 сағат
Бағдарламаның ерекшелігі:
Оқу нәтижесінде оқушылар өтілген материал шеңберінде тілдік қарым-қатынасқа түсе алады, яғни жағдаятқа байланысты сөйлеп, сол тақырып төңірегінде өз көзқарасын білдіре алумен қатар, қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздері де сұрақ қоя алады. Сонымен қатар оқушылар өз қалаулары бойынша тақырып таңдай отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды. Қиялға ерік беріледі. Өз өлкесі туралы құнды мағлұматтар алып, өмірде қолдана алады.
Өлкетану материалдары сабақ барысында өтіліп жатқан материалдарды нақтылау, оқушыларды пән сабақтарына қызықтыру және шығармашылық қабілеттерін арттыру, елжандылыққа тәрбиелеу үшін қажет. Өйткені, «өлкетану» - «Отантанудың» алғашқы бастауы.
Бағдарламаның мазмұндық бағыттары
- оқушының тілін дамыту:
- мәтін арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру:
- өз ауылы, ауданы, облысы туралы толық мағлұмат алу:
- қазақ халқының рухани байлықтарын тіл арқылы жеткізу, таныту:
- қазақ тілінен алған білімдерін пысықтау:
Бағдарламаның тиімділігі;
- қазақ тілін тереңдетіп оқытуға қажетті білім жүйеленген;
- бағдарлама мазмұны жұппен жұмыс істеуге бейімделген;
- бағдарлама күнтізбелік жоспардың негізгі үлгісі ретінде ұсынылды;
Оқушылардың білімі, біліктілік дағдыларына қойылатын талаптар:
-оқыған мәтіннің немесе өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау;
-лексикалық тақырыптың мазмұнын аша білу;
- жағдаят төңірегінде берілген тақырыптар бойынша пікірлесу;
- тақырып бойынша өз ойын айта білу;
- естіген, оқыған мәтінді мазмұндау;
Күтілетін нәтиже:
-өз отанын шексіз сүйетін патриот тәрбиелеу;
-өз ойын еркін жеткізе алатын, сауатты сөйлеу жүйесі қалыптасқан тұлға қалыптастыру;
«Атамекен - алтын бесік» арнаулы курс бағдарламасы
Барлығы - 34 - сағат, аптасына - 1-сағат
- Ауылым - алтын бесігім
- Ақжайықтың тарихи оқиғалары
- Еңбек және соғыс ардагерлері
Ер есімі-ел есінде
Майдангер жазушылар мен ақындар
Проблемалық сұрақтар, қосымша материалдармен
жұмыс
- Ақжайықтың әдебиет әлемі.
Ізденіс сабағы
(практикалық жұмыстарға негізделген)
- Тарихи - мәдени ескерткіштер.
Қазақстан тарихы
Мектеп мұражайы
- Табиғатым - тағдырым
- Өнерлі өрге жүзеді.
Ән - күй
Қазақ әдебиеті
Аудандағы би ұжымдары туралы
мәлімет алу
Қазақ әдебиеті.
Ән-күй
- Салт-дәстүр.
Қазақ әдебиеті
этнография
Бағдарлама бойынша өткізілген сабақ үлгілері:
Сабақтың эпиграфы: Сонымен білмек болса Жұбанды кім,
Өлеңде, өмірде де Жұбан бүгін-
Құлы да қожайыны ұлы елдің,
Тұрақты өкілі әрі Жыландының
Сабақтың тақырыбы: «Жұбан еліне саяхат»
Сабақтың мақсаты: Өзге тілді ұлт өкілдеріне жаңа тақырыпты меңгерте отырып, сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Сабақтың міндеті:
1. Білімділік: Оқушыларға қазақ әдебиетінің ірі өкілі - Ж. Молдағалиевтың шығармашылық жолы туралы оқушыларға жеткізу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың таным белсенділігін арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ж. Молдағалиевтың өлеңдері мен поэмаларын оқыта, жаттата отырып ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: саяхат сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: деңгейлік тапсырмалар, сұрақ-жауап, эвристикалық
Сабақтың техникалық құрал-жабдығы:
ақын суреті, қанатты сөздер, үнтаспа, кітап көрмесі
Пән аралық байланыс: тарих, георафия, музыка, қазақ әдебиеті
Күтілетін нәтиже:
- Жерлес ақын Ж. Молдағалиев шығармашылығымен танысу.
- Өлеңдері мен поэмаларының өзіндік құндылығын түсіне білу.
- Жаңа тақырыпты меңгеру барысында грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындай білу.
- Тәрбиелік мәнін ұғыну.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу, түгендеу
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Сәт келді дүйім елді қуантатын,
Дәуірдің мінбесінде тұрар ақын.
Қазақтың өлеңінің ақ иығы,
Тоқсанға келер еді Жұбан ақын.
Тоқсан жыл - бақыт таңы атқаны шын,
Тоқсанда - ақын аға мақтанышым.
Келесің туған елмен бірге жасап,
Қазақтың өлеңінің мақтанысың.
Сәт келді дүйім елді қуантатын,
Дәуірдің мінбесінде тұрар ақын.
Жырларыңды жаңғыртып жатар ұрпақ,
Тұғырдағы тұңғиық Жұбан ақын!
Қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі - Жұбан Молдағалиев атамыздың бүгінде 90 жасқа толу мерекесі қарасаңында «Жұбан еліне саяхатқа» шыққалы отырмыз.
Жұбан - алғашқы өлеңдерінен бастап, соңғы күндеріне дейін, жарты ғасырға жуық уақыт бойы үзбей қалам тартқан, ұзақ өсу, жетілу, қалыптасу, кемелдену сапарын бастан кешірген ақын.
Жайық өзенінің сол жақ бетіндегі Азынабай - Тайпақ деп аталатын алқап - Жұбан Молдағалиевтің кіндік қаны тамған жері, дәлірек айтсақ, осы өңірдегі далалық өзен - Өлеңті бойындағы Жыланды аумағының Шеген қыстағында 1920 жылы күзде Байбақты Руының Құл деп аталатын тармағына жататын Молдағалидың кенжесі Жұбан өмірге келді.
1920-1921 жылдары Жайық өңірін аштық жайлап, халықтың тең-жартысы тамақтың тапшылығынан опат болды. Тұрмыстық күйзеліс оба індетімен ұштасты. Азамат соғысы (1917-1919) кезінде ел тоналды, малынан, дүние-мүлкінен айрылды. Көптеген отбасылар асыраушыларынан айрылып, жетімшілік кең етек алды.
Жұбаннан үлкен балалары аштан, аурудан қазаға ұшыраған, Зеріп ана, бауырындағы жалғыз қалған кенжесін қалайша өлімнен құтқарып қаламын деп жанұшырды. Туған ауылдан безіп, тамақ іздеп басқа жерге жөргектегі баласымен қанша қоныс аударып, күнелтісі бар ауылдарға бас сауғалады, Жұбанын тікелей төнген ажалдан аман сақтап қалды.
1928 жылы Жұбан Қызылжар мектебінде (бұл мектеп Батыс Қазақстандағы көне оқу орындарының бірі, Земство заманында елден жиналған қаржыға салынған) оқып, орталау білім алады. Жұбанның алғашқы ұстазы Ғабдолла Мәмбетов (1909 ж. Орынбордағы мұғалімдер семинариясын бітірген) Жетінші класты бітіргенен кейін Оралдағы ауыл шаруашылық техникумында оқиды. Бірінші өлеңі 1939 жылы “Комсомол ұрпағы” газетінде жарық көреді.
Ақын еліне сапар шеге отырып, ақынның өмірімен, шығармашылық өсу жолдарымен, шығармаларымен толық танысамыз. Ол үшін саяхатқа шығар алдында жол билетін алуымыз керек. әрбір жол билетінің артындағы тапсырманы дұрыс орындаған оқушы ғана саяхатқа шыға алады
2. Саяхатқа шығар алдында кассадан билет алу арқылы үй тапсырмасын тексеру:
1. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
2. Құрмалас сөйлемдер жасалуына қарай неше топқа бөлінеді?
3. Сан есім мағынасына қарай неше топқа бөлінеді?
4. Шылау сөздердің ерекшеліктері қандай?
5. Жай сөйлемнің түрлерін ата.
Саяхатқа шығу
- аялдаманың тапсырмасы:
Синтаксистік талдау
- Жұбан мұрасы - келешекте де жұртшылық кәдесіне аса беретін аса құнды мұра.
- Мұра - сөзіне фонетикалық талдау
Жұбан 1940 жылы әскер қатарына шақырылады. Сонан 1947 жылға дейін, бүкіл Ұлы Отан соғысының аласапыран күндерін түгелдей бастан кешіріп, Ұлы Жеңістің куәсі болып, аттай жеті жылды әскер қатарында өткізеді. Әуелі соғыста артиллерия батареясында, сонан соң, 1942 жылдан бастап, “Отан үшін” деген майдан газетінде тілші болып қызмет істейді.
Соғыстан кейін бірнеше газет, журнал редакцияларында әр түрлі қызметтер атқарады. 50-жылдардың басында “Лениншіл жас” газетінде бөлім меңгерушісі, онан соң редактордың орынбасары, “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары, “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 60-70 жылдарда Қазақстан Жазушылар Одағының екінші хатшысы, 1979-1984 жылдары бірінші хатшы болып қызмет істейді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған, Одақтық жазушылар ұйымы тарапынан бірнеше шет елдерге сапар шеккен. Достық, туыстық сәлеммен барып, шет жұртты кеңес елінің өмір - тұрмысымен, әдебиетімен таныстырды.
2-дәрежелі “Отан соғыс”, “Еңбек Қызыл Ту”, “Еңбек Қызыл Ту”, “Құрмет белгісі”, “Ленин” - мемлекеттік ордендерімен марапатталған.
1948 - 52 жылдары «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде жауапты қызметкер атқарған. 1958 - 63 ж «Жұлдыз» журналының бас редакторы болған. Бірнеше жыл Қазақстан Жазушылар Одағын басқарды.
2-аялдаманың тапсырмасы:
Мәтінді орыс тілінен қазақ тіліне аудар
- Текут воды Ак Жаика - родной реки поэта. Его волны ласкали его в детстве. На его берегах зародились его первые стихи. И память о Джубан -ага в сердцах его земляков сохранится вечно.
КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және арихитектура саласындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетінің, «Новый мир» журналының редколлегиясының және библиотека «Библиотека почта» басылымы редколлегиясының мүшесі болды. 1949 жылы алғашқы жыр жинағы «Жеңіс жырлары» шықты. Содан бергі уақытта 60 - тан астам кітабы, әр кезеңде қазақ және орыс тілдерінде таңдамалы шығармаларының бірнеше томдары жарық көрді. 1970 Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының, содан кейін КСРО қорғаныс Министірлігі сыйлығының лауреаты атанды және А. Фадеев атындағы алтын медальді иеленді.
Жұбан қазақтың ХХ ғасырдағы көренкті ақындарының бірі болып, тарих бетінен өзіне лайықты орын алды. Халқының қалаулысы болды. Ақындық таланты өз заманында, көзінің тірісінде бүкіл Одаққа танылып, өте жоғары бағаға ие болды. СССР мемлекеттік сыйлығының, Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты биігіне көтерілді.
Ақынның азаматтық ерлігі, әлеуметтік ұлағаттылығы өз алдына бір төбе. СССР Жоғарғы Советіне, Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды. Қазақстан Жазушылар Одағының басшылығына үш рет сайланды. СССР Жазушылар Одағы басқармасының секретары, СССР лениндік және мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі Комитеттің мүшесі болды. Осындай зор лауазымдар оның басын айналдырмады, кішіпейілдігі мен қарапайымдылығы жұртты тәнті етті.
3-аялдаманың тапсырмасы:
Жұбан Молдағалиев өлеңдерін жатқа оқы.
Анкетаға қосымша
- Оқулықпен жұмыс
1- жаттығу Диалог құрастыру
4-аялдаманың тапсырмасы:
Синтаксистік талдау
- Жұбан Молдағалиевті бүкіл ауыл-аймақ өз перзенті ретінде мәңгі есте сақтайды, оның есімі алдында бас иіп тәжім етеді.
2. Перзент сөзін септе.
5-аялдаманың тапсырмасы:
Жұбан лирикасы - мол дүние, әр алуан сипаттағы сырлы жырлар.
Отан -сөзін тәуелде
Сабақты бекіту
1. Тест жұмысы
- Ж. Молдағалиевтың туған жері
а) Атырау қаласы
ә) Орал қаласы
б) Жыланды
2. Синонимдерді тап
а) алдымен, соңында, кейін
ә) жылы, салқын, суық
б) бүгін, кеше, ертең
в) жуырда, жақында, таяуда
3. Шақыру одағайын белгілеңіз
а) алақай
ә) шөре-шөре
б) бәрекелді
в) жалт-жұлт
4. Жақсыз сөйлемді тап:
а) Ол артына бұрылып қарады.
ә) Жылдам-жылдам жүрді.
б) Саған үйге кіруге болмайды.
в) Бала жылдам үйге кірді.
5. Қазақстан Республикасы қай елмен шектеспейді?
а) Иран
ә) Ресей
б) Қытай
в) Өзбекстан
5. «Үшінші» сан есімнің қай түріне жатады.
а) реттік
ә) жинақтық
б) топтау
в) болжалдық
6. Тұрлаулы мүшені тап.
а) бастауыш
ә) анықтауыш
б) толықтауыш
в) пысықтауыш
7. «Отансыз адам - ормансыз бұлбұл» мақалының орысша аудармасын тап.
а) Родная земля - золотая колыбель
ә) Красноречие - начало искусства
б) Здоровье - огромное богатство
в) Человек без Родины, как соловей без леса
8. Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?
а) 25
ә) 20
б) 12
в) 37
9. Фразеологизмді анықта.
а) Төбе шашы тік тұрды.
ә) Ермек шашын тарады.
б) Кітапты көп оқы.
в) Оның шашы қара.
10. Ж. Молдағалиевтің туған жылы
А) 1920
ә) 1988
б) 1941
2. Ақынның өмір жолы мен шығармашылығына байланысты хронологиялық кесте құрастыру.
Қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы |
Көкөністер |
ІІІ деңгей |
Сөздерді қазақ тіліне аудар |
Табиғат |
Қазақ тілінен емтихан билеттері (6 - сынып) |
Апта күндері |
Қазақ тіл |
Сөздік жұмысы |
Астана қаласы |
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz