Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сөйлемдер білдіретін сөздерді сөйлемнен табу

Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы
В.Комаров атындағы орта мектеп

1- сыныптың сауат ашу мен математика пәніне арналған авторлық факультатив
жоспары

«Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат».

Мұғалім: Жумадиллаева Гүлжамал Адеханқызы.

Атакент кенті
2008-2009 оқу жылы

Түсінік хат.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 5-тара
уындағы 41-баптың 1-бөліміндегі «педагог қызметкерлер өз біліктілігін
арттыруға міндетті» деп керсетілуі, «Қазақстан -2030» стратегиялық
бағдарламасында елбасының «біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс
көршілестерімізбен достық қарым-қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек»
деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында «Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа
педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын
арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту» өзекті мәселелер енгізіп отырғаны
белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы
мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән
беру қажет.
Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы
біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік
деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында, мұғалімнің алдында
оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр.
Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және
шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек.
Оқушының білім сапасын көтеру — негізгі мақсат. Біздің оқушыға қойған
талабымыз:
• қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу;
• ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру;
• алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;
• өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру;
• басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай
технологияларды пайдалана білу (интернет, электронды пошта);
• қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу;
Ел президент «Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің
болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін
кадрлар қорын жасақтауымыз қажет» деген сөз бар. Демек, оқушылардың ғылыми-
зерттеу жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту,
қазіргі техниканы пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу - мектептің басты
бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар жетерлік.
«Баланың шағармашылық қабілетін ашу, оны ары қарай дамыту үшін ең басты
жағдайлар жасалуы керек».
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің
кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан
анық.
Көбінесе «дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы» деген пікір қалыптасқан.
Білгілі ағылшын психологі П.Торанстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер
арасында жиі кездесетінін анықтады.
• оқытуды мұғалім оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде
қабылдау.
• Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдында барынша күрделі мақсат қойылып,
оны орындай алатындығына сенімін нығайту);
• Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);
• Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі
мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);
• Оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы;
• Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;
• Ата -аналармен ынтымақтастық құру;
Сонымен, жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесі тұлғаны дамытуда
ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін
құрайды. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды
мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету. Қорыта келгенде,
О.Балзактың «ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей,
тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Әрине атқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын,
толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар білім сапасын арттыру,
оқушылардың біліміне, бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты
парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығару мүмкін емес.

Факультативтің мақсаты:
---- Оқушылардың білімін жетілдіру, сабаққа , пәнге деген қызығушылығын
арттыру.
---- Оқушылардың есепке, жазу мен жүргізіп оқуға қызығушылығын арттыру.
---- Қазақстан халқының ұлы жазушылары мен ойшылдарымен таныстыру, пәнге
деген сүйіспеншілігін арттыру.
----- Ойлау шеберлігін арттыру.
------ Сөз саптау мен буын санын анықтау, қай буында қанша әріп бар екенін
өз бетінше анықтауға баулу.

Факультативтің міндеттері:
---- Оқушылардың қабілеттілігін арттыру.
---- Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, білімді өз бетінше меңгеру және
қолдануға тәрбиелеу.
---- Экологияны қорғау мен табиғатты сүюге баулу.
---- Шапшаң есептеуге, ауызша есептеуге, өмірде сол қағиданы қолдануға
баулу.
---- Логикалық тапсырмаларды орындауға бейімдеу.
---- Шығармашылыққа баулу.

«Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат».
Аптасына 1,5 сағат. Барлығы 51 сағат
( Әліппе мен қазақ тілі ).

1 -- тақырып: Дыбыстарға шолу. ( 2 сағат).
--- Дыбыстар туралы жалпы мәлімет беру.
--- Дыбыс пен әріптің айырмашылығын меңгерту.
--- Не үшін дауысты, немесе не үшін дауыссыз екенін дәлелдеуге баулу.
--- Сөзде қанша дыбыс барын, нешеуі дауысты ,нешеуі дауыссыз екенін
анықтау.

2 -- тақырып. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. (1 сағат).
--- Дауысты дыбыс пен дауысты дыбысты ажырытуға баулу.
--- Дауыссыз дыбысқа дауысты дыбысты қосып оқу.
--- Неше дауысты дыбыс болса , сонша буын болатынын меңгерту.
--- Буын сан,ын анықтауды меңгерту.

3 - тақырып. Дауысты дыбыстар мен әріптер. (4 сағат ).
--- А,Ә,О,Ө,Е,(У),Ы,І,Э,Ю,Ұ,Ү,Ё,И,Я—дыбыстарымен таныстыру.
--- Орыс тілінен енген әріптер мен дыбыстар жайында білімдерін шыңдау.
--- Жуан және жіңішке дауыстылар туралы мәлімет беру.
--- Жұп дауысты дыбыстар жайында мәлімет беру.

4 -- тақырып. Дауыссыз дыбыстар мен әріптер. (4 сағат ).
--- Б,В,Г,Ғ,Д,Ж,З,Й,К,Қ,Л,М,Н,Ң,П,Р,С,Т,(У), Ф,Х,Ш,Щ,Ч,Һ – дыбыстарымен
таныстыру.
--- Дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
--- Жұп дауыссыздар жайында мәлімет беру.
--- Дауыссыз дыбыстардың кестесін меңгерту. ( қатаң, ұяң, үнді).

5 -- тақырып. Буын. (1 сағат).
--- Буын туралы мәлімет беру.
--- Бір буынды сөздерді меңгерту.
--- Й,Ң,У -- әріптері буынның қай бөлігінде қалатыны жайлы мәлімет беру.
--- Буынға бөліп, буын санын анықтауға баулу.

6 -- тақырып. Тасымал. (1 сағат).
--- Сөзді тасымалдауды меңгерту.
--- Қандай сөздердің тасымалданбайтынын меңгерту.
--- Сөзді тасымалдауға баулу.

7 -- тақырып. Сөйлем және сөз. (2 сағат).
--- Сөйлем туралы жалпы мәлімет беру.
--- Сөйлем қандай әріппен басталып жазылатынын меңгерту.
--- Сөйлем жазуға баулу, онда неше сөз барын анықтау.
--- Сөйлемнің неше сөзден тұратынын анықтауды меңгерту.

8 -- тақырып. Заттың атын білдіретін сөздер. (2 сағат).
--- Заттың атын білдіретін сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінін
меңгерту.
--- Кімдер? Нелер деген сұрақтар қанша затқа қарап қойылатынын меңгерту.
--- Суреттен кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді табу, сөйлем
құрауға баулу.
--- Сөздерді оқып шығып, сұрақ қоюға баулу.

9 - тақырып. Заттың қимылын білдіретін сөздер. (3 сағат).
--- Заттың қимылын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін
меңгерті.
--- Сөйлемнің ішінен заттың қимылын білдіретін сөздерді табуға баулу.
--- Суреттен заттың қимылын білдіріп тұрған сөздерді тауып, сұрақ қоюға
баулу.

10 --- тақырып. Заттың сынын білдіретін сөздер. (3 сағат).
--- Заттың сынын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін
меңгерту.
--- Суреттен заттың сынын, сапасын, түр-түсін білдіретін сөздерге сөйлем
құрап, сұрақ қоюға баулу.
--- Суреттер бойынша сөйлем құрауға баулу.

11 - тақырып. Заттың санын білдіретін сөздер.(2 сағат).
--- Заттың санын білдіретін сөздер қандай сұрақтарға жауап беретінін
меңгерту.
--- Суреттен заттың санын білдіретін сөздерді табу, сұрақ қоюға, сөйлем
құрауға баулу.
--- Сөйлемнен қанша? Наше? Нешінші ? сұрақтарына жауап беретін сөздерді
табуға меңгерту.

Математика.
12 -- тақырып. Реттік санау. (1 сағат).
--- Балаларға 1- ден 10 – ға дейін тура және кері санатуды меңгерту.
--- Санның көршісін табуға баулу.
--- Бір сан аттап санауды меңгерту.
--- Бір таңбалы сандар туралы жалпы мәлімет беру.

13 -- тақырып. Санның құрамы. (6 сағат).
--- 2 санының құрамы мен таныстыру.
--- 3 санының құрамымен таныстыру.
--- 4 санының құрамымен таныстыру.
--- 5 санының құрамымен таныстыру.
--- 6 санының құрамымен таныстыру.
--- 7 санының құрамымен таныстыру.
--- 8 санының құрамымен таныстыру.
--- 9 санының құрамымен таныстыру.
--- 10 санының құрамымен таныстыру.

14 -- тақырып. Геометриялық фигуралар. (2 сағат).
--- Геометриялық фигуралар жайлы жалпы мәлімет беру.
--- «Сызғыш бойымен саяхат» ойыны арқылы фигураларды сызуға баулу.

15 -- тақырып. Қисынды ойлауды дамыту. ( 2 сағат).
--- Балалардың танымдылығын дамыту.
--- ой өрісін кеңейтуге арналған тапсырмалар арқылы балалардың
білімділігін шыңдау.
--- Тест тапсырмалары арқылы балалардың білімін зерттеу.

16 -- тақырып. Әріпті өрнек. (4 сағат).
--- Әріпті өрнек жайында мәлімет беру.
--- Әріпті өрнекті шығаруды меңгерту.
--- Не үшін әріпті өрнек екенін меңгерту.

17 -- тақырып. Теңдеу. Мәселе есеп. (6 сағат).
--- Теңдеуді шешуге баулу.
--- Теңдеудің мәні жайында мәлімет беру.
--- Мәселе есептің шартын құруға баулу.

18 -- тақырып. Ондықтар. (2 сағат).
--- Ондықтарды меңгерту.
--- 1 ондықта неше бірлік барын меңгерту.
--- Ондықтармен санауды меңгерту.
--- Ондықтарды қосу және азайтуды меңгерту.

19 -- тақырып.Математикалық тапсырмалар. ( 3 сағат).
--- Есептерді шартын құрып шығаруға баулу.
--- Кері есептерді шығаруға баулу.
---Мейлінше шартын қысқа етіп құруға баулу.

«Сиқырлы әріптер мен сиқырлы сандар әлеміне саяхат» факультатив сабағына
арналған бағдарлама.
51 сағат.
|№ |Сабақтың тақырыбы |Сағат |мерзімі |Көрнекіліктер |Сабақтың |
| | |саны | | |түрі |
|1 |Дыбыстарға шолу. |2 | |Алфавит | |
| |Дауысты дыбыстар |1 | | | |
| |Дауыссыз дыбыстар |1 | | | |
|2 |Дауысты және дауыссыз |2 | | | |
| |дыбыстар | | | | |
| |Дауысты дыбыспен |1 | |Дауысты дыбыстар | |
| |дауыссыз дыбысты | | |кестесі | |
| |ажырыту. | | | | |
| |Дауыссыз дыбысқа |1 | |Буын сөздер | |
| |дауысты дыбысты қосып | | | | |
| |оқу | | | | |
|3 |Дауысты дыбыстар мен |4 | |Дауысты дыбыстар | |
| |әріптер | | |кестесі | |
| |А,Ә,Е,Ё әріптері |1 | | | |
| |О;Ө,Ү,Ұ әріптері |1 | | | |
| |И,У, Ы,І әріптері |1 | | | |
| |Э,Ю,Я әріптері |1 | | | |
|4 |Дауыссыз дыбыстар мен |4 | |Дауыссыз дыбыстар | |
| |әріптер | | |кестесі | |
| |Б,В,Г,Ғ ,Д,Ж әріптері |1 | | | |
| |З,Й,К,Қ,Л,М әріптері |1 | | | |
| |Н,Ң,П,Р,С,Т әріптері |1 | | | |
| |Ф,Х,Һ,Ч,Ц,Щ,Ш әріптері|1 | | | |
|5 |Буын |1 | | | |
|6 |Тасымал |1 | | | |
|7 |Сөйлем және сөз |2 | | | |
| |Сөз |1 | | | |
| |Сөйлем |1 | | | |
|8 |Заттың атын білдіретін|2 | |Суреттер | |
| |сөздер | | | | |
| |Кім? деген сұраққа |1 | |Тірек сызбалар | |
| |жауап беретін сөздер | | | | |
| |Не? деген сұраққа |1 | |Тірек сызбалар | |
| |жауап беретін сөздер | | | | |
|9 |Заттың қимылын |3 | | | |
| |білдіретін сөздер | | | | |
| |Не істеді? деген |1 | |Тірек сызбалар | |
| |сұраққа жауап беретін | | | | |
| |сөздер | | | | |
| |Қайтті? деген сұраққа|1 | |Тірек сызбалар | |
| |жауап беретін сөздер | | | | |
| |Заттың қимылын |1 | |Сөйлемдер | |
| |білдіретін сөздерді | | | | |
| |сөйлемнен табу | | | | |
|10 |Заттың сынын |3 | | | |
| |білдіретін сөздер | | | | |
| |Қандай? деген сұраққа|1 | |Тірек сызбалар | |
| |жауап беретін сөздер | | | | |
| |Қай ? деген сұраққа |1 | |Тірек сызбалар | |
| |жауап беретін сөздер | | | | |
| |Заттың сынын |1 | |Сөйлемдер | |
| |білдіретін сөздерге | | | | |
| |сұрақ қою | | | | |
|11 |Заттың санын |2 | | | |
| |білдіретін сөздер | | | | |
| |Қанша? деген |1 | |Тірек сызбалар | |
| |сұраққа жауап беретін | | | | |
| |сөздер | | | | |
| |Неше?нешінші? деген |1 | |Тірек сызбалар | |
| |сұраққа жауап беретін | | | | |
| |сөздер | | | | |
|12 |Реттік санау |1 | |Сандар реті | |
|13 |Санның құрамы |6 | | | |
| |2, 3 санының құрамы |1 | | | |
| |4,5 санының құрамы |1 | | | |
| |6 санының құрамы |1 | | | |
| |7 санының құрамы |1 | | | |
| |8 санының құрамы |1 | | | |
| |9, 10 санының құрамы |1 | | | |
|14 |Геометриялық фигуралар|2 | |Үшбұрыш,төртбұрыш, | |
| | | | |шаршы | |
| |Үшбұрыш пен төртбұрыш |1 | | | |
| |Тік төртбұрыш пен |1 | | | |
| |шаршы | | | | |
|15 |Қисынды ойлауды дамыту|2 | | | |
| |Сыңарын тап |1 | |суреттер | |
| |Айырмашылығын тап |1 | |суреттер | |
|16 |Әріпті өрнек |4 | | | |
| |а + 2, 2 -- а |1 | | | |
| |в + 3, 3 -- в |1 | | | |
| | а + 4, 4 -- а |1 | | | |
| |в + 5, 5 -- в |1 | | | |
|17 |Теңдеу.Мәселе есеп. |6 | | | |
| |Теңдеу туралы мәлімет |1 | | | |
| |беру | | | | |
| |Теңдеудің мәнін табу |1 | | | |
| |Мәселе есеп туралы |1 | | | |
| |жалпы мәлімет беру | | | | |
| |Шартын құруға үйрету |1 | | | |
| |Шартын құрып есеп |1 | | | |
| |шығару | | | | |
| |Шартын құрып есеп |1 | | | |
| |шығару | | | | |
|18 |Ондықтар |2 | |Ондықтар қатары | |
| |Жайлы мәлімет беру |1 | | | |
| |Ондықтар бойынша |1 | |Ондықтар қатары | |
| |санау, есеп шығару | | | | |
|19 |Математикалық |3 | | | |
| |тапсырмалар | | | | |
| |Шартын құрып есеп |1 | | | |
| |шығару | | | | |
| |Әріпті өрнекке есеп |1 | |әріпті өрнек | |
| |шығару | | | | |
| |Тестілеу |1 | |тест | |

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Математика 1 сыныпқа арналған. «Атамұра» 2008
Авторы: Т.Қ. Оспанов, Қ.Ә. Өтебаева, Ж.Т. Қайыңбаев, К.Ә.
Ерешева, М.В. Маркина.
2. Әліппе 1 сыныпқа арналған. «Атамұра» 2008
Авторы:Ш. Әуелбаев, Ә. Наурызбаева, Р. Ізғұттынова, А. Құлажанова.
3. Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде. «ШИКУЛА»
4. Сиқырлы пішіндер мне сандар әлемінде. «ШИКУЛА и К»
5. Бастауыш мектеп № 3. 2008 жыл

Ұқсас жұмыстар
Сан есім. 3 сынып
Оқушының деңгейі
Есімдіктің мағыналық түрлері
Сабақтың тақырыбы. Сабақты қорытындылау
Ыбырай алтынсарин. бәрінен де жақсы
Мәтін түрлері. Сипаттау мәтіні
Сұраулы сөйлемнен кейін
Мәтін деген не? 2-сынып
Тақырып Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Сөйлем туралы түсінік
Пәндер