Шұғылалы әлем

Өзін- өзі тану өмірді тану.
Мақсаты:
- оқушыларға өзін-өзі тану пәні арқылы өзінің кім екенін таныту;
Міндеттері:
- «Өзін-өзі тану», «өмір» құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру;
- 4 сыныпқа арналған өзін-өзі тану пәнінің мазмұнын меңгерту;
- адамгершілік құндылықтарын білуге, өзін және өмірді тануға қызығушылықтарын арттыру;
Көрнекілігі: Қазақстан картасы, түрлі суреттер, әуендер таспасы.
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру:
2. Шаттық шеңбері:
Шұғылалы әлем. А. Асылбеков.
Осындай әлем бар,
Қызықты, Шуақты.
Әлемде әр ел бар,
Бақытты,
Қуатты.
Ондағы балалар
Жайдары,
Көңілді.
Бәрі де керемет!
3. Ойланайық, пікірлесейік:
- Жазғы демалыстарыңды қалай өткіздіңдер?
- Сыныптастарыңның бойынан қандай өзгерістер байқадыңдар?
4. Оқып үйренейік:
Мақтай неге мақталар? Е. Өтетілеуов.
Мақтайды жұрт Мақтайды,
Өйткені ол жақтайды:
Әдептілік, адамдықты,
Әділеттік, адалдықты,
Білімділік, батырлықты,
Дарындылық, даналықты,
Қайырымдылық, тазалықты,
Табандылық, қайсарлықты,
Талаптылық, жайсыңдықты,
Намыстылық, даралықты,
Жарқындылық, дарқандықты,
Сыпайылық, сыйластықты,
Сапалылық, қимастықты,
Елгезектік, ептілікті,
Ізеттілік, еркіндікті,
Зейінділік, зеректікті,
Мейірімділік, сергектікті,
Тәртіптілік, ісмерлікті,
Тұрақтылық, іскерлікті,
Өжеттілік, кішілікті,
Өнерлілік, кісілікті,
Міне, осындай Мақтайды
Үлкен-кіші жақтайды,
Мадақтайды, мақтайды!
5. Әңгімелесу:
- Өз бойларыңда мақтауға лайықты қандай жақсы қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?
- Күнделікті өмірде осы қасиеттеріңді қай әрекеттеріңнен байқадыңдар?
6. Жағдаяттарды талдау:
Мұғалім: Сен қай балаға ұқсағың келеді?Неліктен?
Оқушы:
7. Оқып үйренейік:
«Екі дос» аңыз. 9-бет.
8. Дәйексөзбен жұмыс:
« Адам өміріндегі ең қажетті білім- өзін-өзі тану». Б. Фонтеннель.
9. Жаңа ақпарат:
Өзін-өзі тану өмір бойы жалғасып отыратын үздіксіз үдеріс. Ол адамның өзін - өзі, өзінің жан дүниесін танып білуіне, түрлі өмір белестерінен жаңылмай өтуіне көмектеседі. Жалпы-адамзаттық және ұлттық құндылықтарды жақсы меңгерген адам өмірдің мәнін терең түсіне алады.
10. Тапсырма:
Өз бойларыңнан қандай қасиеттерді көргілерің келетінін әңгімелеп беріңдер.
11. Дәптермен жұмыс:
Берілген сұрақтарға жауап жаз.
- Мен кіммін?
- Менің мінезім қандай?
- Менің мінезімнің жағымды жақтары қандай?
- Менің мінезімнің осал жақтары қандай?
- Мен қандай болуым керек?
12. Жүректер жүрекке:
Керек. А. Асылбеков.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп, сыйлау керек.
Жастарға білім керек,
Бәрін де білу керек.
Азамат болсаң алғыр,
Анашың: «Күнім!», -демек.
Сол үшін талмау керек,
Биікке самғау керек.
Бойыңда бар жақсыны
Халқыңа арнау керек.
иман КЕРЕК иба
Білім құрмет сыйластық
Достық адалдық
13. Қорытынды: «Өмір өзен » әнін қосылып роындау.
Қандыағаш қалалық № 1 мектеп
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
Өткізген: Жаумитова. : Х.
Алға 2010-2011 оқу жылы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz