Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы

Қызылорда облысы. Қармақшы ауданы .

№29 Т. Ізтілеуов атындағы қазақ орта мектебі.

Физика пәнінің мұғалімі Жаннат Серікбаева.

«Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы»

Он бес пен жиырма бестің арасында

Бұл жаста аласым көп, бересім де

Алдымда толған мақсат, толған таңдау

Алайын анасын ба, мынасын ба?

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы бір шумағы барлығымызды да ойландырары сөзсіз.

Кеше ғана ата - ананың аялы алақанында, ұстаздарыңның қамқорлығында болып келген сіздердің ендігі жерде өмірден өз орындарықызды тауып, қоғамға пайдалы еңбекпен айналысатын белсенді азамат болуларыңыз - өмірлік парыз. Бұл ретте сіздердің алдарыңызда өмірлік мәні бар үлкен бір белес, жауапты міндет тұр. Ол - өз білімдеріңізді жоғары дәрежеде дәлелдеп, ҰБТ - н жоғары нәтиже көрсетіп, белгілі бір мамандықты дұрыс таңдай білу және оны меңгеру . Мамандықты дұрыс таңдау адамның бүкіл болашақ тағдырына тікелей әсер етеді. Бұл ретте мамандық таңдау дегеніміз - тағдыр таңдау десе де болғандай.

Жастарға албырт ой, ұшқыр сезім тән келеді. Әркімнің неше түрлі мамандықтарды игергісі келеді. Бірақ солардың ішінен қайсысының басын ұстарын білмей, қиналатыны бар. Ең жақсы мамандық қайсы? Оны қалай еткенде дұрыс таңдауға болады? Оны тез меңгеріп алудың жолы қандай? Шынында да қазіргі заманда ғылыми - техникалық прогрестің ғаламат өсуінің нәтижесінде еңбектің мамандандырылу дәрежесі соншалықты артып, шырқау биікке шарықтап кеткен

кезінде мамандықтың түрі көп. Ғалымдардың есептеуі бойынша қазір мамандықтың 390 мыңнан астам түрі бар. Соның 15 мыңнан астамы жұмысшы мамандығы. Олай болса, әркім ұшы қиыры жоқ мамандық түрлерінің қайсысын қалап, қайсысын ұстауы тиіс. Бұл ретте әркім ең алдымен өз бойында қалыптасқан қабілетіне, дамып келе жатқан біліміне, бейінеғ денсаулық ерекшеліктеріне қарау керек. Осы аталған қасиеттеріне орай мамандықтың белгілі бір түрлерін таңдауы қажет. Әсіресе осы салада жұмыс істейтін тәжірбиелі мамандардың ақыл -кеңесін тыңдаудың, олардың жұмыс орындарында болып, бәрін көзбен көріп, көңілмен тоқудың зор маңызы бар.

Әркімнің таңдаған мамандығы өзіне ұнауы тиіс. Ол сонда ғана бар ынта - жігерімен сол мамандықты жете меңгеруге тырысады. Адамның өзіне ұнаған, жаны жаратқан, талғамына сай келетін мамандық ризашылық сезімін ұялатады. Ол адам сонда ғана өз мамандығын жете меңгеріп, толық қабілетін жұмсап еңбек етеді, өз еңбегін мақтаныш тұрады. Мұндай еңбек шабытын шақырады, ұдайы шығармашылық ізденіс үстінде болуға итермелейді.

Кездейсоқ таңдай салған мамандық адамның қымбат уақытын босқа ысырап етеді. Егер атқаратын жұмыс адамның өзіне ұнамаса, талап - талғамына сай келмесе, рухани және дене күшінің мүмкіндіктерінен тыс тұрса, ондай жұмыстың ауырлығы да, азабы да көп болмақ . Дегенмен де өз ықыластарымен атқара алмайтын мамандықтағы жұмыстан айырылмай жүре беретін, одан өзіне де, қоғамға да пайда келетіне алмайтынын сезе қаймайтын адамдардың аз кездеспейтініне өкінбеске болмайды.

Мамандық таңдау кезінде әркімнің психологиялық ерекшеліктерімен қатар олардың моральдық көзқарасы, ерік - жігері, борыш пен жауапкершілігі, тәуекелге бел байлағыштығы тәрізді қасиеттерді ескермеске болмайды. Мұның өзі әсіресе геолог, ұшқыш, теңізші, дәрігер сияқты мамандық түрлері таңдағанда ерекше назар аударатын нәрсе. Кейбір мамандық түрлері оймен еңбек етуді, алғырлықты, тез шешім қабылдауды қажет етеді. Міне, мамандық таңдау кезінде оның осындай ерекшеліктерін ескеріп, отыру қажет екенін өмір тәжірбиесі көрсетіп жүр.

Әр кезеңнің өз экономикалық, әулеметтік және мәдени ерекшеліктері болады. Соған орай мамандық түрлерінің маңыздылығы да өзгеріп отырады. Мамандықтың жаманы жоқ, тек оны сүйе білу керек, ынта қойып, қызыға меңгеру керек.


Ұқсас жұмыстар
Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту
Таңдау пәні
Мамандық тандау жолы
Топ ережелері
Таңдаудың маңызы
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз
Отбасы мейрамдары
Тәрбие сағат тақырыбы
Досыңның ата - анасы соған ренжиді
Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz