Қайда шықтық

Ш. Батталова атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі:Жандилдина А. Е.
2011-2012
Тақырыбы: Жануарлардың қысқы мекені.
Мақсаты: Жануарлардың қысқы тіршілігі (Азық дайындауы, қыс бойы ұйқыда болуы) туралы әңгімелеу.
Туған өлкенің жануарларын қорғау, қамқорлыққа алу сезімін дамыту.
Қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Тренинг сабақ
Әдісі: Сұрақ -жауап, ойын
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Топтарға бөлу
2. Психологиялық дайындық. Амандасу
3. Жаңа сабақ - бүгінгі сабағымыз тренинг түрінде өтеді. Тренинг сабақтың негізгі мақсаты-сендерді ұйымшылдыққа, топтасып жұмыс істеуге баулып, ойларынды бөлісіп ашық айтуға дағдыландыру.
4. Жұмбақ шешу.
Шанамен зырғып желдетіп,
Шаңғы, коньки тебемін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Жануарлардың қысқы мекені деп аталады. Аңдардың қысқы тіршілігін бақылау үшін орманға саяхатқа барамыз. Ол үшін біз шанамызға мініп, жолға шығамыз.
-Ал балалар сендер қыста тонасындар ма?
-Иә
-Олай болса жануарларда қыста тонады екен.
5. Слаид орманға саяхат:
Жұмбақ шешу.
Ырғып қозғалатын қорқақ, құйрығы бір тұтам, құлағы сала құлаш, киімі екі түрлі. Бұл қандай аң? (Қоян)
Халық қу деп,
Қылығы күлкі,
Айласы көп
Бұл қандай аң? (Түлкі)
Түлкі -өте иісшіл, сақ құлақ, қырағы көз аң.
Проблемалық сұрақ: Аңға не қауіпті, әрі не қиын деп ойлайсын тамақ табу ма? Әлде суық аяз ба? Неге? - дәлелде.
Қосымша түсініктер: Ұйқыға кететін жануарлар:аю, бақа, борсық, тышқан, кірпі.
-Жануарлардың ұйқыда болу мерзімі бірдей емес кейбіреуі қыста мезгіл-мезгіл сыртқа шығып қайта келіп жатып жүреді.
Буындардан сөз құрау:
6. Сергіту сәті: Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп -теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
8. Ауылға оралу: ( Үй жануарларының суретін көрсету) .
-Ал үй жануарлары қалай қыстайды? (оқушылар жауабы)
-Олардың қандай пайдасы бар?
9. Шығармашылық жұмыс:№2 слаид берілген суреттен артығын тап ортақ атаумен ата.
10. Оқулықпен жұмыс: Ақ тиін Қ. Жұмағалиев өлеңді оқып беру.
«Қоян» Ж. Карбозин өлеңді жаттату.
Дидактикалық ойын: ”Қай жануар қайда мекендейді?”Аңдар айтысы.
Дала жануарларын айтқанда секіреміз, үй жануарларын айтқанда қол шапалақтаймыз.
11. Қорытындылау:
-Бүгін нелерді бақыладық?
-Қайда шықтық?
-Нелерді көрдік?
-Аңдар өз қорегін қалай табады?
-Саған ұнағаны?
Бағалап, мадақтау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz