Астана аялдамасы

Ана тілі

Тақырыбы: Астана

Мақсаты : Астана тарихын, орналасу ретін, Астана туралы деректер

мен қызықты мәліметтер бере отырып, әңгіме мазмұнын ашу

Балаларды интелектуалдық ойындар мен тапсырмалар арқылы

ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға машықтандырып,

дүниетанымын кеңейту.

Туған жерін, елін сүюге, оған құрметпен қарауға, елінің

көркеюіне өз үлестерін қосуға тәрбиелеу.

Түрі : саяхат сабақ

Әдісі :Сұрақ- жауап, ой- толғаныс, топтастыру

Көрнекілігі: бейнеүзіктер, презентация «Астана- бас қала»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Топқа бөлу ( Саяхат сабағы болғандықтан көлік түрлерін таңдай отырып, топқа бөліну)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

алалар, біз қандай тарауды аяқтадық?

-"Маужырап барқыт күз» тарауын.

Қызылорда, Алматы, Астана аялдамалары бойынша блиц сұрақтар арқылы таруды қайталау(тапсырма 4 топқа беріледі) .

Қызылорда аялдамасы:

1 сұрақ: Күз мезгіліне қандай түстер тән, неліктен?

2- сұрақ : «Кемедей кешіп комбайн

Алтын дария егінді

Сүзіп жүр маржан бидайын

Күзіміз неткен көңілді » деген жолдар қай өлеңнен алынған және авторы кім?.

3- сұрақ: «Жеміс бағында» әңгімесінде қандай жеміс туралы айтылған

және оны қалай сипаттаған?

4 сұрақ: « Ас атасы- нан» деген мақалға сәйкес келетін мәтіндерді тап.

Алматы аялдамасы:

1- сұрақ : Абайдың орыс тілінен аударған мысалы қалай аталады, және

оның авторы кім?

2- сұрақ: И. Крыловтың « Шегірке мен құмырсқа» мысалын есіңе түсір.

«Қарағым, жылыт, тамақ бер» деген ненің сөзі? Оған сәйкес қандай

мақал айтуға болады?

3- сұрақ:Құмырсқа мен шегірткені салыстыр.

4- сұрақ:Құрт, ірімшік кептірілетін орын қалай аталады, ол неден

жасалады?

Астана аялдамасы :

1- сұрақ:Күз дегеніміз- байлық дегенді қалай түсінесің?

2- сұрақ: «Күздің бір күні -қыстың бір айын асырайды» -дегенді қалай түсінесің?

3-сұрақ: Омар атай балаларға күздің қандай кереметтерін көрсетті?

4-сұрақ: Түйін байлап көктемде

Қызарар жаз жеткенде

Күзде уылжып, иісі аңқып

Бақ қасынан өткенде

Шай кеседей әрқайсысы,

Бұған жеміс жеткен бе? Жұмбақтың шешуін тауып, «уылжып» сөзінің мағынасын түсіндір.

ІІІ . Жаңа сабақ:

Ой-қозғау:

-Біздің соңғы аялдамамыз қалай аталады?

-Астана.

-Ал Қызылорда, Алматы қалалары туралы не айтар едіңдер?

- Қызылорда, Алматы қалалары -Қазақстанның бұрынғы астаналары.

Мағынаны ашу.

Астана кеше ғана басқа қала,

Айналды бәйтеректі астанаға

(Н. Айтов)

  • Астана дегенде көз алдарыңа не келеді?
  • -Астанаға барып көргендерің бар ма?

Бейнеүзік « Астана- әлем қаласы» көрсетіледі.

-Олай болса саяхатымызды одан әрі жалғастырамыз.

-Астанаға барған адам ең бірінші қайда барады деп ойлайсыңдар?

Бәйтерек- астана символы . Бәйтеректің негізгі идеясы - Бейбітшілік ағашы.

Оқулықпен жұмыс : І топ- Астанадағы әсем ғимараттар.

ІІ- топ- Астана - әлем қаласы

ІІІ- топ- Астананың болашағы

ІV- топ- Мазмұнын қорытындылау

Сөздік жұмысы -ЮНЕСКО-Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы

ІV. Сергіту сәті:

Океанорум бейнеүзігін тамашалау.

V. Жаңа сабақты бекіту. Жинақтау

Пирамида «Бейбітшілік және келісім сарайы»

Тұжырымдамалық карта « Кешегі, бүгінгі, болашақтағы Астана»

Астана

Кешегі
бүгінгі
болашақтағы
Кешегі:
бүгінгі:
болашақтағы:

« Ханшатыры» демалыс орталығы:

«Астанаға тілек» постер арқылы қорғау(тілектерді суреттер арқылы білдіру)

VІ. Сабақты қортындылау:

Астана теміржол вокзалы: Сабақты қортындылау:

Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
Не білемін?:
Не білдім?:
Не білгім келеді?:

VІІ. Бағалау

Кері байланыс:

Өзін - өзі бағалау

Топбасшының топты бағалауы

VІІІ. Үйге тапсырма : Мәтінді мәнерлеп оқу. «Астана- әлем қаласы» тақырыбына эссе жазу


Ұқсас жұмыстар
Таңбалары әртүрлі сандарға амалдар қолдану
<<Сан есімді қайталау>>
Қазақстанға саяхат. 4-сынып
Суреттер аялдамасы
Өнер аялдамасы
Тік бұрышты үшбұрыш сызыңдар
Сатурн аялдамасының тапсырмасы
Мәліметтер типі, өрнек, айнымалы ұғымы
Экология - өмірдіңсоғыптұрғанжүрегі
Ғабит Мүсірепов. Жаңа достар Мүсірепов өмірін үлгі ету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz