Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шығармашылық қабілетін дамыту

№2 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі

Шығармашылық жұмыс тақырыбы:

«Жаңа формация мұғалімінің бүгіні мен келешегі»

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Үшкемпірова Сәуле Бекболатқызы

Ленгер қаласы

2010-2011 оқу жылы

Жаңа формация мұғалімінің бүгіні мен келешегі.

Ғаламдану заманында , әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер
мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар
міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан-жақты
дамыған, адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойна жинамаған, соны
бағалай алмайтын адам болса, онда ол жан-жақты рухани жағынан бай жеке
тұлғаны қалай тәрбиелемек?

Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап,
керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс
істейтін жаңашыл болуы керек.

Оқушы субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке
тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру білім
мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау- бүгінгі таңдағы мұғалімнің
кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей,
мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру,
технологияландыру әр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді. Педагогика,
технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс-
тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру- заман талабы, заман
ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы,
бағалы бейімділігі бар сапалы маман даярлау- бүгінгі өмір талабы. Елбасы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының білім және ғылым
қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Жаңа формацияға жаңа
педагог қажет»-деп атап көрсетті. Жаңа формацияның жаңа педагогын
қалыптастыру үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы
қажет, әрі даярлық сапасын арттыруға бірден-бір қызмет етуі керек.

Атақты педагог – ғалым В.А.Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық-бұл
адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне
үңіле білу. Педагогикалқ шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты
жүрекпен ұға білу болып табылады.» - деп ұстаздық өнерге ерекше баға
берсе, Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім
–мектептің жүрегі» деген. Демек қазіргі мектеп алдындағы басты міндеттер
шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт.

Оқу –тәрбие процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір
педагогтың көзқарасын, оқушымен қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту, әр
баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету,
оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлылығын
айқындау-бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Жаңа мазмұндағы білім жүйесін
мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық,
философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу
нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын
басшылыққа алады. Бүгінгі таңда білім саласында қызмет ететін әрбір
педагог жаңару процесін жақтырмай қарсы алып, өзінің іс-тәжірибесіне
енгізуге асығуы тиіс. Өйткені өркениетті елдің білім саясаты жаңа
формация педагогның тың көзқарасын қажет етеді.

Мұғалім кәсібінің мән-мағынасы елеулі өзгерген шақта , жаңа
формация педагогы педагогикалық процестің бірізділігін және оқу мен
тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқыту моделін жобалай білуі шарт.
Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны
зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз
ынтымақтастықтан тұрады.

Әр оқушының жеке тұлға екені ғылыми еңбектерде жан-жақты
зерттелгенімен, тәрбие жүзінде , ұлттық мектептеріміздің оқу-тәрбие
процесінде, тұлға ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың толық жүзеге
асырыла қоймауы- шешілмей отырған мәселелердің бірі. Жеке тұлға
қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне, өз ісіне
және өзгеге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын берік
сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін. Ахмет
Байтұрсынов ағамыз кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген
ғой.

Ол үшін әр педагог әрбір баланың ойынан шығып, қажеттілігін
қанағаттандыра білуге дайын болуы тиіс. Өйткені қазіргі мектеп жасындағы
балалар қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да, өзінің кім
болатынын, қандай адам болатынын армандайды және өмірден өз орнын
табуды басты мақсат деп санайды, сондай-ақ өзінің айналасынан дұрыс
бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді.

Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын,
жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын
педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үдесінен шыға
алады.

Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке
тұлғаны тек қана жаңа фомация мұғалімі қалыптастыра алады.

Сондықтан оқушылардың шығармашылық дербестігін, ізденімпаздығын
қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда
шығармашылық ой, пәндік апталықтар мен ғылыми –шығармашылық
апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың
маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен
ұсыныстарын ескеру қажет. Оқушылардың танымдық ізденімпаздығы мен
белсенділігін , шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс
түрлерін пайдалану-олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра
алады. Сондай-ақ, мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар,
көркемөнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер
оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге
ықпал етеді.

Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық дербестігі мен
ізденімпаздығын қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық шеберлігі
қажет.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында
түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:

- шығармашылық тапсырмалар дайындауда оқылатын пәннің жеке сипатын,
мазмұнын ескерту;

- шығармашылқ тапсырмалар түрлі деңгейде болуы;

- кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір
жүйеде берілуі;

- білімі мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;

- тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;

- оқушының жеке қабілеттерін ашатындай болуы және шығармашылық
дербестігін дамытатындай дәрежеде болуы керек.

Жаңалыққа деген қызығушылық – басты ішкі талпыныс болып табылады.
Оқушыларда жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай
істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат
береді.

Қызығушылықтың арқасында білім де, оны игеру үрдісі де, интеллекті
дамытуда қозғаушы күш және жан-жақты дамыған адам тәрбиелеуде маңызды
фактор болуы мүмкін. К.Д.Ушинский: «Еріксіз көндірумен, күштеумен алған
білім дамыған ақыл тудыра қояр ма екен?»-деген. Ендеше, оқыту негізгі
қызығушылық жағдайда болу керек. Сол себепті, білім алуға қызығушылықты
дамыту үшін негізгі жағдайлар болғаны дұрыс. Олар:

-Оқушының өз бетімен ізденуге, жаңа білім «ашуға», проблемалық тапсырмалар
шешуге тартылуы; оқу еңбегі басқа да еңбек түрлері сияқты әр салалы болуы
керек;

-Бірізділік, біртекті ақпарат жалықтырады. Жаңа материалдың жас
ерекшелігіне сай және оны игеру мүмкіншілігінің болуы;

-Әрі қарай жұмыс істеуге қызықтыру үшін игерілген білімінің жиі тексеріліп
отырылуы;

-Оқу материалын бергенде мұғалім анық та эмоционалды болуы оқушыға, оның
пәнге деген қызығушылығына жақсы әсер етеді.

Ақыл-ой ынтасы, қиындықты жеңу – балалардың ойлауын дамытады, оқуға
қызығушылығын көтеріп, жағымды эмоциялық күй тудырады. Түсіндірумен қатар
таным әрекетінің қарқынды басқа да түрлері пайдаланылса, білімді игеру мен
ақыл-ойдың дамуы пәрменді болады.

Таным белсенділігі дәрежесі оқушының өзіне; тәрбиесіне, сана-
сезіміне, еркіне, қызығушылығына байланысты. Егер балада бұл қасиеттер аз
болса, оны қалыптастырып дамыту мұғалімнің кәсіби міндеті. Оқушының
белсенділік дәрежесі оқытушының педагогтық шеберлігіне, қолданған әдіс-
тәсілдеріне қайтарған жауабы тәрізді.

Мұғалім сабақ сапасын арттырып, оқушы белсенділігін үнемі көтеруге ерекше
назар аударып, оқушының кез-келген сұрақ пен ұғымды талдай алуы үшін әр
сабақта проблемалық оқытуды жиі қолдануы тиіс.

Оқушының белсенді ойлау әрекеті

Өзіндік ой қорыту операциялары

Проблемалық оқу оқушылардың шығармашылық белсенділігін күшейтудің ең
тиімді құралы болып саналады. Мұның мәні оқушы жаңа материалды түсіну үшін
толғанып, проблемалық ситуация жасауға жаңа жоспар жасап, мұғалімге
проблемалық сұрақтар береді. Проблемалық оқытудың нәтижесі терең әрі берік
білім берумен, жаңа оқу жұмыс тәсілін меңгерумен,терең ой, алғыр ақыл пайда
болады. Оқушылармен өз біліміне және оқып үйреніп отырған материалға сын
көзімен қарайтын болады.

Оқушының жаңа ұғымды бекітуі: ой қорыту, баланың өздігінен дербес
әрекет етуіне жағдай жасау, сол әрекетті бастан өткізіп, оған өзіне
қорытынды жасату, еңбек нәтижесін баланың өзі сезінетіндей болуы шарт.

Мұғалім оқушыларға мақсат қойып, оны орындау жолдарын іздеуге
бағыттайды, өзінің әрекетіне көзбен қарауға, нәтижені талдауға үйретеді.
Мұғалім қызықты тапсырмалар жүйесін жасап, тапсырманы шешудің қарапайым
әдісінен күрделіге ауыстырады. Сабақ үстінде шығармашылық дербестіктің
қалыптасуы үшін оқушылар мыналарға міндетті: мәселені талқылауда
белсенділік көрсету, шапшаң ойлау, сұрақ қоя білу, өз пікірін терең білім
негізінде қалыптастыру, шығармашылықпен дербес жұмыс істеу және мақсатқа
жетуі.

Мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасап, баланың шығармашылық
қабілетін ашып, оны алға қарай дамыту барысында сыныпта қабілетті, яғни
дарынды, үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты жүйелі жолға қою қажеттілігі
туындайды.

Дарындылықтың табиғаты шексіз. Зерттеушілік, ізденушілік – бала
табиғатына тәне құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық,
тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем турлы жаңа мәлімет жинауға
талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.

Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің
ынтымақтастығы қажет.Ендеше, мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып,
ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл
табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына
көмектесуіміз қажет. Ол үшін мұғалім мына қағидаларды есте ұстауы қажет:

-Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға
жылжуға деген табиғи талап-тілектерін, сұраныс пен мұқтаждықтарын ескеру,
шығармашылығын жетілдіру;

-Білімді өз бетінше іздену арқылы алуға қолайлы жағдай жасау;

-Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Мұғалім бала бойындағы жаратушылық сапалардың болатындығын
мойындауы, әрі дамытуы керек. Ол үшін өзі де өзгеруі дәстүрлі оқытудың
стереотиптерінен арылуы керек. Білім арқылы баланы дамытудың жаңа
стратегиясы мен тактикасын таңдай алуы керек. Өзінің философиялық
ұстанымдырын қайта қарағаны дұрыс.

Бұл тұрғыда, мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере
салмайды, ол өз пәнін өте жетік біледі, бірақ өз білімімен таңқалдыруға
тырыспайды. Білімділігін баланы қорқытудың, оған үстемдік етуінің құралы
етпейді. Демек, мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің
барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам, ғылым шешіп
қойған, бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі. Оқу
әрекетімен айналысады. Оқу үрдісінде инновациялық технологиялардың
тиімділігін көреміз.

Дарынды бала дегеніміз – айрықша жетістіктерімен ерекшеленетін және
іс-әрекет барысында сондай жетістіктерге ұмтылатын баланы айтамыз.

Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімге қойылатын педагогикалық-
психологиялық талаптарды мынадай бөліктерге бөлуге болады:

Өзімнің іс-тәжірибемде тұлғаның таным белсенділігін анықтауда шығармашылық,
деңгейлік тапсырмаларды орындату нәтижесінде үлгермеуші оқушыларды анықтап
отырамын.

К.Д.Ушинский айтқандай, «Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын
шәкірт болмас»- дегендей, оқушыларды жаңа заманға сай тәрбиелеу үшін ұстаз
қауымы оқу –тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, оқытудың жаңа
әдістемелерін қолдануы керек.

Көп жылғы ұстаздық тәжрибемде ана тілі, қазақ тілі, математика, дүние
тану сабақтарында ұтымды уақын тауып шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізіп
отырамын. Балаларды дамыта оқыта отырып, жан-жақты қабілеттеріне ықпал
жасаймын. Сонымен қатар, төменде көрсетілген үш қағиданы назарда ұстаймын.

Балалардың қабілетін кеңінен өрістете дамытуға тек мұғалім ғана
үнемі жол беру керек. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді
пайдалану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, терең
ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастырамын. Бұған дейін оқушы мұғалім
мен оқулыққа ғана бағынатын тыңдаушы ғана еді, енді ол сын тұрғысынан
ойланып, өз ойын дәлелдей алатын болды. Сынып оқушылары топпен, жұппен
жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып айтуға
үйренді. Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, әр оқушы өз ойын
еркін айтуға, оның дәлелдеп қорғай білуіне мүмкіндік алды. Сондықтан да
оқыту технологиясын жетілдіруде мына мақсаттар кездеседі. Осыларды ескере
отырып, бастауыш сыныптарды оқыту технологиясының құрылымдық жүйесін
төмендегіеі модельдеп көрсетуге болады.

Оқыту технологияларының құрылымдылық жүйесі.

Жаңа формация педагогы бүгінгі таңда балалардың танымдық қабілетін
дамыту мақсатында жан-жақты жақсы жағдай жасай білуі шарт.

|Есте сақтау |Зейінін |Қиялдау |Ойлау |Оқуға |Оқудың |Өз бетінше |Шығармашылық |
|қабілетін |қалыптастыру |қабілетін |қабілетін |қызығушылығын |қажеттілігін |білім ала |қабілетін дамыту|
|дамыту. | |дамыту |дамыту |тұрақтандыру |түсіну |білуі | |

Жаңа формация мұғалімінің келешектегі нәтижесі төмендегідей болмақ

|Өз ұлтын сүйумен |Табиғат пен |Әдептілік |Ана тілін |Ортаның өзгеруіне |Шығармашылық |
|қатар басқа |өнердегі сұлулықты|ережелерін бойына |құрметтейтін |қарай ақыл-ойын |қабілеті |
|ұлттарды сыйлайтын|түсінетін |сіңірген | |соған бағыттай |мүмкіндігінше |
| | | | |алатын |дамыған. |

-----------------------
Бұларды іске асыру: әдіс-тәсілдері, құралдары.

Оқыту принциптерін басшылыққа алу

Ұжымдық оқу

Топтық оқу

Оқыту-әдіс тәсілдерін тиімді қолдану

Оқушылардың сезімдік таным әрекеттерін, ақыл-ой белсенділігін арттыру
жолдарын талдау, жинақтау, жүйелеу, проблемалық ізденіс, шығармашылық
әрекеттерін ұйымдастыру

Жұптық оқу

Оны оқытудың ғылыми негіздері: танымдық-методологиялық психо-педагогикалық
физиологиялық әдістері.

Оза оқыту

Дербес өзіндік оқу

Мазмұндық оқу материалын меңгеруді сапалық жаңа деңгейге көтеру жолдары

Қарқынды оқыту

Дамыта оқыту

-дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік қажеттілігін сезінуі

-дарынды оқушылармен жұмысқа тұрақты қызығушылық танытуы және нәтижелі әдіс-
тәсілдерді талмай іздеуі

-оқушыны жақсы көруі және қабілетті жоғары оқушылармен жақсы қарым-
қатыныста болуы

Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар

-дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы

-дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы

Білім мазмұны.

Негізгі қағидалар

Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастырамын.

Білімді өз бетінше алуға қолайлы жағдай жасаймын

Баланың бойындағы құштарлығын, қызығушылығын жойып алмай, оның үнемі алға
жылжуға деген талап тіліктерін, сұранысын ескеріп, шығармашылығын
дамытамын.

Жан-жақты дамыту

Өзіндік ой қорыту

Терең білім негізінде қалыптастыру

Мақсат

Оқушыны жеке тапсырмамен дағдыландыру

Шапшаң ойлау қабілетін дамыту

Шығармашылық қабілетін дамыту

Проблема баяндау

Пікір-ой қапшығы

Оқушылардың психо-педагогикалық физиологиялық тұлғалық жетілуін қамтамасыз
ету.

3)Тәрбие жұмысы –

достыққа, ынтымақтастыққа,

ізденімпаздыққа сынып

ұжымының жұмысын бағыттау

Үлгермеушімен

4)Педагогтың шеберлігі анықталады, егер ол белгілі нәрсені жаңа
аспектіде көрсетіп, өзінің көзқарасын білдіру ісінде. Егер балаға
қызықты болса, ол түсінікті болады.

1)Мектепте ең алғаш осы бағыттағы жұмыстың бірі: ол – диагностика,
бұнымен кім айналысады? Онымен психолог(диагностикалық карта),
медбике(денсаулық парағы),пән мұғалімдері,сынып жетекшілері
шұғылданады.

2)Бұл диагностика негізінде

әдістемелік жұмыс жоспары

құрылады.

Ой қорытындысы

Оқушы

Проблемалық ситуация

Ойлау, іздену

Жан – жақты дамыған жеке тұлға

Нәтижесінде

Баланың танымдық қабілеттерін дамыту.

Оқу тәрбие үрдісіне енгізілген жаңалықтардың нәтижесін бағалау

Оқу тәрбие үрдісіне енгізілген иновациялық әдіс –тәсілдерді қолдануды
ұйымдастыру

Оқу тәрбие үрдісіне енгізілген жаңалықтарды алғашқы байқаудан өткізу және
кеңес алу.

Ақпараттарды және жаңалықтарды іздестіру.

Жаңа идеяны бекіту

Жаңа идеяны енгізу

Жаңа идеяны іздеу, табу

Жаңа идеяны енгізу бағыттарын ұйымдастыру.

Жағдай жасау.

Баланың танымдық қабілеттерін дамыту.

- -өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары
деңгейде білуі

-қызмет нысанын, яғни біріңғай
педагогикалық үрдісті білуі

-жеке тұлға теориясы, оны
қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін білуі

-қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі

Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар

-дарынды оқушылардың ерекшелігін ескере отырып,оларға шығармашылықпен жұмыс
жасайтын тапсырмалар дайындай білуі

-дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл
бөлмей,оның басқа көрсеткіштермен байланысына да көңіл бөлуі

-дарынды оқушыны анықтау психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі

Ұқсас жұмыстар
Логикалық тапсырмалар арқылы оқушыны жүйелі ойлауға үйрету
Оқушы деңгейінен Дарынды шығармашылық деңгейге жету
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
«оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» бағдарламасын пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары жайлы ақпарат
Логикалық және математикалық ойындар арқылы мектепке дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары
Мүсіндеу
Бастауыш сыныпта оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәндер