9-сынып үшін ағылшын тілі: Бейне және кино тақырыбына қысқа мерзімді жоспар

Қысқа мерзімді жоспар Пән мұғалімі: Шаукебаева Индира Актасбаевна
өз бетінше ойлау, есте сақтау, оқу, сөйлеу қабілеттерін дамыта алады;
сыныптағы диалогтік әңгімені құруға ұмтылады;
өз пікірін қорғай алады;
өз- өзін бағалай, өзін- өзі реттей алады;
лексикалық және грамматикалық білімдерін пайдалана отырып, өз пікірін жеткізе алады;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша ақпаратты саралай білуге үйренеді;
танымдық іс-әрекет үдерісінде коммуникативтік дағдыларын жүзеге асыра алады;
тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады;
Ұйымдастыру кезеңі
(2 минут)
Психологиялық тренинг өткізеді.
Топтарға бөледі «Өз туысыңды тап»
Қызығушылықты ояту
(3 минут)
Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтауға ұмтылады.
Бейнекөріністі тамашалап видео мен киноның айырмашылығын түсінеді.
Мағынаны тану
(25 минут)
Үй тапсырманы тексеру үшін сыртқы және ішкі шеңбер болып тұрады.
1топ- сәйкестендіру жаттығуы беріледі.
2топ- диалогтік әңгіме Анна және Боб ретінде рөлдік қойылым көрсету.
Сергіту сәтіне қатысады.
1топ- кино туралы топтық таныстырылым жасауды ұсынады.
2топ- видео туралы топтық таныстырылым жасауды ұсынады.
Ішкі шеңбер сыртқы шеңберге сұрақ қояды.
Оқушылар қабілеттеріне орай рөлді өзара келісе отырып таңдап алады.
Барлық оқушылар белсене қатысады.
Әр топ берілген тапсырма аясында өз жұмыстарын қорғайды, талқылайды, әңгімелеседі, диалогтік сөйлесуді қолданады.
Критерий бойынша бағалау.
Топтық бағалау.
Оқулық
«Балаларды тамаша идеяларға және сонымен бірге әртүрлі балаларды сан алуан идеяларға әкелетін ортамен қамтамасыз ету» (Duckworth, 1996)
Рефлексия
(15 минут)
Дәптермен жұмыс. Кестені толтыру.
«Әлем шарлау » ойыны.
Дәптерлерімен алмасып, талдап, талқылап, өзін- өзі реттей алады.
Алған білімдерін бір- біріне түсіндіріп, тыңдайды.
Жұптық бағалау.
Рефлексия жүргізу.
Үйге тапсырма беру: жаңа сөздерді жаттау.
Видео мен киноға анализ жасау. Эссе жазу.