Компьютердің ішкі жады

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы қазақ орта мектебі

Тақырыбы: “Баспа құрылғылары. Сыртқы жад. Сканер” (7 сынып)

Өткізген: Өтеков Н. А

информатика пәні

мұғалімі

2009-2010 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Баспа құрылғылары. Сыртқы жад. Сканер.

Білімділік мақсаты: Оқушыларға баспа құрылғылары, компьютердің сыртқы

жады және сканер туралы түсінігін қалыптастыру. Осы құрылғылардың жұмыс істеу принциптерімен таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа, алған

теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, өз бетімен жұмыстануға тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Жалпы ақпараттық құралдармен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру, пәнге деген қызығушылық әрекетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, проектор,

жұмыс дәптері, Activpen (қалам), ActivStudio

бағдарламасы, флипчарт, интернет (мектеп сайты

www. gan-shabai. edusite. ru) .

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Электрондық оқулық, интерактивті тақтамен жұмыс

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру.

1. Оқушыларды түгендеу .

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (Миға шабуыл) .

Әрбір сұраққа 1 ұпай беріледі

  1. Информатика дегеніміз не? (1 ұпай)
  2. Операциялық жүйе дегеніміз не? (1 ұпай)
  3. Компьютер деген не? (1 ұпай)
  4. Компьютердің құрылысын ата? (1 ұпай)
  5. Дербес компьютер дегеніміз не? (1 ұпай)
  6. Ақпараттың өлшем бірліктерін ата? (1 ұпай)

ІІІ. Жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіру.

Сонымен біз сіздермен өткен сабағымызда дербес компьютердің құрлысымен танысқан болатынбыз. Енді бүгінгі сабақта біз дербес компьютердің қосымша құрылғылары принтер, сканер және компьютердің сыртқы жадымен танысамыз.

Принтер - ақпараттарды қағаз бертіне басып шығаратын құрылғы. Принтерге мәтіндік, кескіндік, графикалық ақпараттарды қара немесе түрлі түсті етіп шығаруға болады. Жалпы принтердің үш түрі бар: Матрицалық, сия бүріккіш және лазерлік .

Олардың ішінде басу сапасы және конструкциясы бойынша ең қарапайымы матрицалық (инелі) принтер болып табылады.

Жұмыс істеу принципі принтердің қағаз бойы жылжып келе жатқан бастиегіндегі инелер шығып, бояйтын таспа арқылы қағаз бетінде із қалдырады.

Сия бүріккіш принтердің матрицалық принтерден айырмашылығы - тек басу бастиегінің құрылымында ғана. Бұл принтерлерде қара және түсті сұйық сияны кішкене тесіктер арқылы бүрку тәсілі қолданылады. Екі картридж деп аталатын ыдыста біреуінде қара тус, қалғандарында көк, сары, қызыл түсті сиялар араласып бірнеше түс шығарады.

Лазерлік принтер матрицалық және сия бүріккіш принтерге қарағанда, басу сапасы мен жылдамдығы өте жоғары. Лазерлік принтерлердің бірнеше түрлері бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы сыртқы пішіні мен басып шығару жылдамдығында. Олар 1 минутта 16 бет, ал кейбіреулері 24 бет шығара алады.

Компьютер жадының екі түрі бар. Ішкі жад және сыртқы жад. Компьютердің сыртқы жадына компакт диск, дискет және флеш дисктер жатады. Оларды компьютердің USB-порты, CD-ROM және дискжетек арқылы қосуға мүмкіндік береді. Бұлар ақпарат тасымалдаушылар деп атайды.

Электрондық - дыбыстық файлды көрсету арқылы жаңа сабаққа қосымша материалдарды беру. Ақпараттарды сақтау құралдарын түсіндіру.

ІV. Техникалық диктант

Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

  1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . . . . деп аталады.
  2. Компьютердің сыртқы жадына . . . . . . . . . . . , . . . . . . . . . ., . . . . . . . . . жатады.
  3. Қағаздағы кескінді дисплей экранына шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . деп аталады.
  4. Көлемі 1, 44 МБ болатын иілгіш магниттік дискі . . . . . . . . . . . . . . . . деп аталады.
  5. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор . . . . . . . . . . . деп аталады.
  6. Басу сапасы мен конструкциясы бойынша ең қарапайым басып шығарғыш . . . . . . . . . . . . . . . деп атайды.

( мәтіналғы, дискеттер, пентиум, басып шығарғыш, матрицалық, компакт диск, флеш диск, дискет )

V. Электрондық оқулықпен жұмыс.

Әрбір оқушы компьютерлерінен электрондық оқулықпен тапсырмалар орындайды.

1-тапсырма . (7 ұпай)

Компьютердің құрамына кіретін құрылғыларды жазыңыз?

2-тапсырма . (5 ұпай)

Анықтамаға сәйкес келетін құрылғыны көрсетіңіз?

3-тапсырма . (1 ұпай)

1, 44 Мбайт көлемді дискетаға сақтауға болатын қалтаны апарыңыз?

4-тапсырма . (3 ұпай)

Ақпарат тасымалдаушыларды оларды пайдаланатын құрылғылармен сәйкестендіріңіз?

5-тапсырма . (3 ұпай)

Әртүрлі қызмет салалары бойынша компьютер қайда қолданылады?

VI. Сәйкестендіру

Сәйкестендіру арқылы сабақты бекіту

С
Байт
С: К
Байт: Бит
С: Б
Байт: Аналық тақша
С: А
Байт: Жад
С: И
Байт: Пиксель
С: Л
Байт: Пентиум
С: Е
Байт: Процессор
С: П
Байт: Жедел жад
С: У
Байт: Маус
С: Р
Байт: Caps Lock
1
Бас әріпті салу пернесі
1: 2
Бас әріпті салу пернесі: Компьютердің ең басты бөлігі
1: 3
Бас әріпті салу пернесі: 8 биттен тұратын код
1: 4
Бас әріпті салу пернесі: Компьютердің ішкі жады
1: 5
Бас әріпті салу пернесі: Ақпаратты енгізу құрылғысы
1: 6
Бас әріпті салу пернесі: Жүйелік блоктың бір бөлігі
1: 7
Бас әріпті салу пернесі: Қазіргі кезде ең көп тараған процессор
1: 8
Бас әріпті салу пернесі: Экрандағы ұсақ нүктелер
1: 9
Бас әріпті салу пернесі: Ақпарат өлшеудің ең кіші бөлшегі
1: 10
Бас әріпті салу пернесі: Ақпаратты сақтайтын құрылғы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1: Р
2: Е
3: С
4: П
5: У
6: Б
7: Л
8: И
9: К
10: А

Біздің республикамызға байланысты сұрақтар қойылады.

  1. Республика күні қашан?
  2. ҚР-сының гимнінің авторы кімдер?
  3. Қазақстан қандай мемлекет?

VІІ. Интернет арқылы тест орындайды

Тест 2 нұсқадан тұрады.

www. gan-shabai. edusite. ru - мектептің ресми сайтын ашып, тест сұрақтарына жауап береді. Өз білімдерінің деңгейін анықтайды, бағалайды.

Өткен тақырыптармен жаңа сабақты қамтитын тест сұрақтарының әрқайсысына 1 ұпайдан беріледі.

Ескерту:

Әрбір сұраққа 1 ұпайдан беріледі

VIIІ. Қорытындылау, бағалау


Ұқсас жұмыстар
Компьютердiң жады
Компьютерлік жады
Дербес компьютер. Компьютердің құрылғылары жайлы ақпарат
Деректерді жадтан шығару құрылғысына шығару
Файлдар, бумалар және жарлықтар. Бумалар мен жарлықтарды құру, атын өзгерту
Виртуалды зертханалық жұмыс
Компьютер тақырыбына тест тапсырмалары
Компьютердің сыртқы құрылғылары
Информатика әлемінде сайысы
Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz