Балаларға арналған Көңілді қоңыздар массажының әдістемесі: денсаулықты нығайту және демалту


Ақтөбе қаласы.

№21 «Кәусар бұлақ»МДГ

тәрбиешісі: Умбетьярова А. У

«Көңілді қоңыздар» массаж түрлері

Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсы жақсы қалыптастыруға, қан айналымын жақсартуға, көздерін демалтуға, балалардың арқасындағы, қолындағы, табандағы нүктелерді оятуға арналған. Ағзаның көптеген қызметтерін жақсартады.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету.

Көрнекілік: ілгекті жолдар, тастар матрастар, қоңызда киімі, ойыншық қоңыздар.

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Тәрбиеші: Түс мезгілі, мезгілі,

Қоңыздар ұйқыға кірісті

Қоңыздар көреді түсті

Әдемі сиқырлы әлемді. (балалар ұйқыдан оянады)

Көзімізді ашайық,

Тәрбиеші: Аунап, қунап алайық,

(жалпы денеге арналған жаттығу) Бойымызды жазайық,

Қолымызды созайық

Жаттығулар жасайық,

Ұйқымызды ашайық

(көзге арналған жаттығу) Қоңыз, қоңыз, қоңызым,

Ағашқа ол өрмелеп Бұтаққа келіп отырып,

Күнге көп қарайды, Қоңыз, қоңыз, қоңызым

Тербеледі таяқта

Тынығады, ұйқтайды.

(Табанды шынықтыру массажы)

Оң қолға ұстап тарақты,

Түрлі массаж жасайық.

Сол қолға ұстап тарақты,

Табанға массаж жасайық.

(арқаға арналған массажы) Қыбыр-қыбыр жүріспен,

Қоңыздар қырға шығады.

Төмен қарай сырғанап,

Қайта өрмелеп шығады.

(Қолға арналған массаж) Қоңыз шықты ағашқа, Артында оның баласы. Бір мезгілде жаңбыр жауды Қоңыз жерге құлады. Қүн шапағын шашады

Қоңыз үйге қайтады.

(ілгекті жолмен жүру)

Әдемі ирек жолдармен

Лақтарша біз ойнақтап

Тастан-тасқа секіріп

Жалаң аяқ жұреміз.

Табанға біз нұктелі

Массаж жасау білеміз.

Балалар жарты шеңбермен тұрып, қонақтар мен қоштасады)

Қол үстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық!.


Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасындағы балаларға арналған ырғақты би бағдарламасы: денсаулықты нығайту, қозғалыс дамуы және ақпараттық технологияларды қолдану
Денсаулықты нығайту: зиянды әдеттерден алдын алу, гигиена және салауатты өмір салты
Мектепке дейінгі кезеңде денсаулықты нығайту мен дене тәрбиесін ұйымдастыру: №12 балабақшаның тәжірибесі
Мектептегі салауатты өмір салтын қалыптастыру: денсаулықты нығайту және зиянды әдеттерді болдырмау
Нұрсәт мектепке дейінгі мекемесінің Толағай отбасылық спорттық сайысы: сценарий және денсаулықты нығайту мақсаты (Шалқар, 2011)
Толағай отбасылар сайысы: салауатты өмір салты мен отбасылық тәрбие арқылы денсаулықты нығайту
Балаларға патриоттық тәрбие беру: теориясы мен әдістемесі
Жасөспірімдерге арналған дұрыс тамақтану және денсаулықты сақтау
Мектептегі денсаулықты сақтау ортасын қалыптастыру: денсаулық мәдениеті және негізгі факторлар
6-сыныпта денсаулықты сақтау және дұрыс әрекет құндылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz