Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
ТҰЗ ҚЫШҚЫЛЫН ТҮЗУ
Қарағанды облысы
Шет ауданы
Өспен ауылы
Сәкен орта мектебінің
оқушысы
УДЕШОВА АЙЗАДА
Жетекшісі Удешова Роза Аманбаевна
Оқушылардың
зерттеу-ізденушілік
жұмыстарын ұйымдастыру
Оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді зерттеу, жинақтау жұмыстарымен
айналысады. Соның бір дәлелі ретінде Наурыз мерекесі туралы ұмыт бола
бастаған салт – дәстүрлерді жинақтап, «Наурыз көженің адам ағзасына
пайдасы» атты жоба қорғауды талдамасын ұсынамын.
М А З М Ұ Н Ы :
І.кіріспе
« ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ - ІЗДЕНУШІЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ӨЗЕКТІЛІГІ»...............................................................
.....................
ІІ.ДҮНИЕ ЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ ДӘСТҮРІ ТАҚЫРЫБЫ
БОЙЫНША ЗЕРТТЕУ- ІЗДЕНУШІЛІК ЖҰМЫСЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ
ҚҰРЫЛЫМЫ..................................................................
.................7
ІІІ.ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
МАЗМҰНЫ:
--ДҮНИЕ ЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ
ДӘСТҮРІ.....................................................................
.......................................................8.
--ҚЫЗЫР (ҚЫДЫР) АТА
............................................................................
...............11.
--САМАРҚАННЫҢ КӨК ТАСЫ
ЖІБІГЕН.............................................................. --
ҚЫЗЫР ТҮНІ.

...................................
-- НАУРЫЗДАҒЫ САЛТ –
ДӘСТҮРЛЕР...................................................................
.
IV.«НАУРЫЗ КӨЖЕНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ» ТА-
ҚЫРЫБЫНДАҒЫ ЖОБАНЫ ҚОРҒАУ ТАЛДАМАСЫ................................
V.ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ.................................................................
І . КІРІСПЕ.
Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың
біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері
іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін,
жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға
қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.
Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де осы заманғы білім
беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін
қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды
пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік
алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке
жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты
мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді
қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге
қабілетті жеке тұлға деп өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты,
жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында
шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.
Ғылымның жедел түрде дамуы, техникалық прогресс, қазіргі заман
талабы бастауыш сынып оқушыларының жан- жақты терең ойлау қабілеттіктерін
арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны
қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау
қажет. 12 жылдық білім берудің басты мақсатының бірі -құзыретті тұлғаны
дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі - мәдениетттанымдық құзырет . Ол
дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет
тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік
өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік
беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы
ғылымның ролін түсіну. Өзінің халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени
көптүрлілігін түсіну.
Осы орайда мектептерде оқушылардың танымдық іс-әрекетке баулу;
жүйелі түрде қатыстыру; этнопедагогика негізінде жан- жақты тәрбиелеу
мақсатында бастауыш, орта буындардың сынып оқушылары арасында этномәдениет
секциясы құрылса.
Секцияны жүргізу көптеген міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
1)Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін
игерту;
2)Қоршаған ортаны танып білуге құштарлықтарын арттыру;
3)Оқушы қоршаған ортамен таныса отырып, өзіндік зерттеу әрекетінің
көмегімен жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі ашуға ұмтылту;
4)Оқушының таңдаған бағыты бойынша өзінің даму деңгейіне шығуына
жағдай жасау;
5)Әдебиеттерді талдай білуге, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету;
6)Білім, білік, дағдыларын жан-жақты қолдана білуге мүмкіндік
туғызу;
Оқушылардың таным белсенділігін, қызығушылығын арттыру мақсатында
секция отырысы әр түрлі формада жүргізіледі:
1. Зерттеу сабақтары
2. Шығармашылық сабақтар
3. Практикалық сабақтар
4. Теориялық- қортындылау жұмысы: ғылыми жобалар қорғау.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік ерекшеліктерін зерттей отырып,
олардың қызығушылықтары басым, не нәрсені білуге жаны құмар «негештер»
екенін аңғару қиын емес. Бірақ оларда тәжірибе жоқтығы , күрделі
тақырыптарды меңгере алмайтыны, ақпарат материалдарымен жұмыс істеуге
дағдыланбағаны анықталды. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып,
оларға дұрыс бағыт-бағдар беру, жетелеу арқылы секция жұмысы мынадай
бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
1. Ұлттық ойындар «Дені саудың- жаны сау»
2. Ұлттық тағамдар «Ас- адамның арқауы»
3. Ұлттық киімдер «Ағаш көркі-жапырақ, адам көркі-шүберек»
4. Тарихи ескерткіштер «Асыл мұра»
5. Бата түрлері «Баталы ел озар»
6. Ұлттық ою- өрнектер « Әдемілік әлемінде»
7. Халық аспаптары « Нағыз қазақ – домбыра»
8. Ұлттық мерекелер « Наурыз –жыл басы»
9. Салт- дәстүрлер « Халқын сүйген салтын да сүйеді»
10. Ырым- тыйымдар « Әдептілік- әдемілік»
ІІ. ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕЛЕР БАҒЫТЫНДАҒЫ НАУРЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ЗЕРТТЕУ- ІЗДЕНУШІ-
ЛІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Тақырыбы: « Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі»
Тақырыптың өзектілігі:Республикамызда тұратын көп ұлтты халықтардың салт-
дәстүрін; мәдениетін таныту .
Зерттеу мақсаты: дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлаулары
туралы деректерді жинақтау; Наурызға арналған шаралар өткізген кезде басқа
халықтардың Наурыз мерекесін өткізулері жөнінде мағлұматтарды қолдану;
Гипотеза: оқушылар осы деректер арқылы басқа халықтарда да Наурыз
мерекесінің құндылығы жоғары болғандығын біледі, танымдық
қызығушылықтары,ой-өрістері артады.
Зерттеу кезеңдері:
1- Дайындық кезеңі: тақырыпты анықтау, мақсатын, гипотезасын айқындау,
зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгерту
2- Теориялық кезеңі: зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми
әдебиеттерді оқу және талдау, қажетті деректерді жинақтау;
3- Қорытынды кезеңі: алынған нәтижелерді пайдаланып, қорытынды мен
ұсыныстарды дайындау , ғылыми жоба қорғау:
Зерттеудің әдіс- тәсілдері:
1.Теориялық материалдарды жинақтау;
2.Тақырып бойынша материалдарды іріктеу;
3. Наурыз дәстүрін жақсы білетін әр түрлі ұлт өкілдерінен сұхбат алу:
4.Ақпарат көздерінен мәлімет алу;
Зерттеудің жаңалығы мен өзіндік үлесінің дәрежесі:
Наурызға байланысты мектеп бағдарламасында жоқ тақырыптарды аймақтық
компонент ретінде негізгі бағдарламаға енгізу . Наурыз мерекесінің
маңыздылығын ашуға өзіндік үлес қосу.
Жұмыстың нәтижесі мен қортындысы:
Зерттеу жұмысының алға қойған мақсатының орындалуы, гипотезаның
дәлелденуі.
ІІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ
МАЗМҰНЫ
ДҮНИЕ ЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ ДӘСТҮРІ
ЕЖЕЛГІ ТҮРІКТЕР ҰЛЫС күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-
мұрттарын түзеп, шаштарын алады.Алты күн садақ тартып машықтанған соң,
жетінші күні алтын теңге – жамбы атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны
бірінші болып атып түсірсе, сол адамға «бір күн» патша болып, ел билеуге
ерік беріледі.НАУРЫЗ жырында:
Құл құтылар құрықтан,
Күң құтылар сырықтан,-
деп жырлағандай, осы күні ертедегі ГРЕКТЕРДІҢ патшасы да алтын тағынан
түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған құлына бір күн ел басқартқызған.
ИРАН патшасы НАУРЫЗ күні қол астындағы адамдардың біріне патша
шапанын сыйға тартады екен деген де деректер бар. Тіліміздегі күні бүгінге
дейін айтылатын «Құлға бір күн азаттық»деген мәтел осы бір көне рәсімге
қатысты болса керек.
Христиан дінін қабылдағанға дейінгі ежелгі РУСЬТЕ Жаңа жылды 1-
наурыз күні қарсы алу дәстүрі болған.
АҒЫЛШЫНДАР 18-ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26- наурызда
тойлап келді.
ИРАН тілдес халықтар НАУРЫЗДЫ бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні
әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап,
келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже -
«СУМАЛАК» ұсынады. Соқамен жер жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады.
Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны аяқты сындырады. Бір-біріне гүл
ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою –«күн белгісін» салады, үйдің
тіреу ағашына гүл іледі.
Мұсылман дініне дейін Күнге табынған ИРАН елдері НАУРЫЗ КҮНІ
сөзінің бас әрпі «шин» -мен басталатын жеті түрлі затты дастарқанға
қоятын: шарап, шир (сүт ), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі
ирандықтардың түсінігі бойынша, шарап - өрлеу,сүт - пәктік, тәттілер -
шаттық, шекер -ризалық, шербет - демалыс пен қонақжайлылық, шам - отқа
табыну, тарақ - әйел сұлулығы.
АРАБТАР мейрам салтын өзгерту үшін, бас әрпі «ай» сөзінің басқы
әрпі-«син»-нен басталатын мүлде бөлек - өзге жеті затпен
алмастырады:сарымсақ, бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу.
АУҒАНДАР да Жаңа жылды мейілінше шаттық – құрметпен қарсы алады.
Ауған елінде «алғашқы түрен» - «кульбакаши»деп аталатын ғұрып бар. Ол
бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның
соңынан сый- құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі
жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім-
кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл «жаңа киім күні» деп
аталады.
ҮНДІСТАННЫҢ түрлі штаттарында жаңа жыл бір жылда он рет тойлап
өткізіледі. Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер
өрілген гүлдермен айшықталады.
НАУРЫЗ мейрамын бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон»,
«Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган»,
буряттар «Сагаан сараң», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди»,
чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған.
Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне
деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи , Омар Хайям , Махмұт
Қашқаридің еңбектері арқылы жетіп отыр.
ҚЫЗЫР (ҚЫДЫР) АТА
Мұсылмандық аңыз- әпсаналар мен халық наным- сенімдерде Қызыр образы
кең таралып, ол мәңгі өлмейтін бейне ретінде саналады. «Қызыр» сөзі –
жасыл, көк өңін білдіреді. Бұл өсімдіктер әлемімен байланысты болғандықтан
оның көктемгі Наурыз мерекесімен орайластыруы тегін емес екенін байқауға
болады.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша , 21- наурыз түні даланы
Қызыр аралайды екен. Сол себепті осы түні – «Қызыр түні» деп аталады.
Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге
көрінетін қиял – ғажайып персонаж Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры,
оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір
сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы, қарт. Ол
ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне,
сондықтан әр үй Қыдыр атасының жолын күтіп өздерінің жанын да, тәнін де,
киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші –
сыртын, қора қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман
қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп, немесе бата беріп кетеді деп түсінген.
«Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. Жақсылықтың
жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы- Қызыр ата даланы кезіп жүріп,
назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты
ерітіп жібереді екен. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-
да себелеп атқан кезде, біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3- ке тұспа-
тұс келеді.Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күнгі таңғы 3-те
қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын
жібітсе керек. Бұл да наурызға байланысты айтылған сөз. Оның бірнеше мәні
бар. Бірінші, аңызға әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1449
)обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін
болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-міс. Екінші, бұл күні әр
адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс, Кешірмесе
«бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп
тоқтатады екен.Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де
бейнелеп айтқан.
Сондықтан осы күнді асыға күткен үлкендер:
Самалық, самалық,
Көк құс көзін ашты ма?
Аяғын жерге басты ма?
Самалық, самалық,
Самарқанның көк тасы
Жібіді ме, көрдің бе?
Самалық, самалық,
Қап тауының көк құсы
Жүгірді ме, көрдің бе?
деп, қойнында көжегі, қолында нәуірзегі(бәйшешек) бар балаларына сұрау
қойған.
Шығыс елінің ұғымы бойынша күн мен түннің теңелер тұсында яғни,22
наурыз күні жер-көкті жарып ерекше бір гуіл (дыбыс) өтетін көрінеді. Оны
жан-жануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана сезеді дейді халық. Сол күні
барлық жаратылыс , оның ішінде адам бойында да ерекше сезім, қасиет
болады. Мұндай қасиетті күндерде тырнақ, шаш алдыруға болмайды. Әркім өзін
жаман әдеттен аулақ ұстағаны жөн.
ҚЫЗЫР ТҮНІ
Қызыр түні Жаңа жыл табалдырықты аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала
сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. «Жаңа жыл мұнтаздай
таза үйге кірсе, ол үй ауру- сырқаудан, пәле- жаладан аман болады» деген
сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып
тазартылады. «Береке басынан басталады» демекші, «Жыл бойына ақ мол , дән
тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын»деп, Қызыр түні қойманы тағамға(
бидай, тары, арпа, сұлы, жүгері т.б.), ыдыс атаулыны аққа(сүт, айран,
шұбат, шалап, уыз т.б.)және кәусар бұлақ суына толтырады.
Аузы дуалы қариялар мен ел басқарған көсемдер Наурыз мейрамы үстінде
ұрпақтары ұмытпай айта жүретін аталы ұлағатты бір сөз артына қалдырылатын
дәстүр болған екен. Бір күн ойланып, ойлы сөз таппаған адамды көп алдында
айыптап, тіптен ағынды өзенге лақтыратын да болған. Осындай сынға ұшырап
қанша ойланса да жүйелі сөз айта алмаған бір батыр суға лақтырылар тұста
аузынан «Көп қорқытады, терең батырады»деген сөз шығып, жазадан аман
қалыпты деген ел аузында әңгіме бар.
Қараңғы түсе екі жерге үлкен-үлкен от жағылады. Жас ерекшеліктеріне
қарай топ-топ болып, осы екі оттың ортасынан өтіп бара жатып, қолдарындағы
басына майлы шүберек ораған таяқтарын тұтатады. «Алас, алас, пәледен
қалас!» деп өлең айтып жүріп, айнала төңіректі отпен тазалап шығады, жастар
жағы жанған оттан секіреді.Оттың киелі қасиетіне сенуден пайда болған бұл
тазарту(арылу) рәсімі- «аластау» деп аталады.
Алтыбақан басында жастар түнімен түрлі халықтық ойындар ойнайды,
айтысады.Бұл кеште айтылмаған ән, тартылмаған күй, танылмаған шешен
қалмайды.
Таң ата көпшілік биіктеу төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы
алады.
Қазақтардың астрономиялық түсінігі бойынша, Жаңа жылда Күннің көзі
көрінген уақыттан кейінгі екі сағат уақыт «күн сәті» деп саналады. Егер
кімде –кім Ұлыс күннің күн сәтінде күн шұғыласын маңдайымен тосып қарсы
алса, оған Наурыздың құты дариды деген дәстүрлі ұғымға сай, Жаңа күнді
қарсы алу салты қалыптасқан.Күлімдеп көрінген Күнге иіліп сәлем беріп, «құт
дарысын» деп, айнала төңірекке ақ бүркіп тарасады.
Жаңа жылдың бірінші күнінде күннің қалай атқаны , оның түр- түсі
есепшілердің үнемі назарында болады. Жұлдызшылардың тәжірибесіне сүйенсек,
күн бұл таңда төрт түрлі болып атуы мүмкін екен:
1)Күн егер жанған оттай қызарып , қан қызыл болып шықса,ол жылы өлім-
жітім, өрт көп болады, соғыс, қантөгістер болуы мүмкін;
2)Егер күн түсі сары қызыл тартып, ыстық леп бірден бет ұрып,
шақырайып шықса, ол жылы құрғақшылық боладыТаулы аймақтарда жиі-жиі тасқын
болып, шалғынды далада өрт шығады;
3)Күннің түсі күңгірт тартып, қораланып, солғын көрінсе, ол жылы
жауын- шашын ерекше көп болады;
4) Күн сәулесі жан-жаққа шашырап, шапағын төге рауандап атса,ол жылы
жанға жайлы молшылық болады.
Ұлыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланады?
Түске таман ауыл адамдары нарқазан көтеріп от жағады. Қазан басқа
ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны жоғары. Қазақ
дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) осы қазаннан
өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады.
«Қара» сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді.
Қазан шойыннан құйылады, ұстағанға қолайлы 4 құлағы бар. Ең үлкен
қазан он екі қарыс қара қазан немесе тай қазан дейді.
Қазанды 3 бұтты ошаққа немесе жерошаққа асады. Тұрғылықты жерде
қазандыққа орнатылады. Көшпелі елде қазан қирамас үшін қалың кенеп, киізден
арнаулы қазанғап жасайды.
Қазан – тоқшылық пен берекенің, ырыс – несібенің айғағы, қасиетті
киелі ыдыс.
Қазанын сындыру – отбасын ойрандау, қазанын төңкеру – аштықтың,
масқаралаудың белгісі. «Жеті жарғыда» өлім жазасына бұйырылған адам 7 айып
төлеп құтыла алады. Оның біріншісі – қара қазан төлеу.
Абылай хан Көкшетаудан көшкенде арғын Бекболат бидің қуып келетінін
біліп, өз қара қазанын жұртына тастап кетуінде үлкен философиялық ой,
толғам бар еді. Оны зерделі би Бекболат дәл шешіп атының басын тартқан.
Ежелгі қуатты сақ елінің бірлігі бұзылып, ішін ала ауыздық жайлаған
кезінде, ел көсемдері халықөтың басын біріктіру үшін үлкен қазан құюға
бұйырады. Сақ сарбаздары жебелерінің мыс масағын жинатып, содан нарқазан
құяды. Сол қазанға пісіріліп таратылған тағамнан дәм татқан сақтар өзара
өкпе – наздарын ұмытып, қазан асып от басында қайтадан татуласып, осылайша
ел бірлігі сақталып қалған екен.
Көне, ертегі жырларда алтын қазан іздеу салты кездеседі.
Сөз тыңда, құлақ салып, балам, маған,
Астында дарияның алтын қазан.
Әкелсең сол қазанды ерлік қылып
Беремін Күнсұлуды қосып саған.
«Құламерген»
Бұл жөнінде академик Ә. Марғұлан: « «Құламерген» жырында теңіз
астынан қазан іздеу тайпалар одағының бірлігін сипаттайды. Қазан мықты
болса, ел де мықты. Қазан шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел
де құриды» деп жазады. Осы бір аңыз - әңгімелердегі айтылған ойдың тобықтай
түйіні тіліміздегі «қара қазан, сар баланың қамы үшін» деген сөзде
сақталған.
Тарихқа көз жүгіртсек, жылына 1 рет ас пісіріп, қалың бұқараға дәм
таттыру дәстүрі қазақ хандарының тұсында «шүлен тарату» деп атаған. «Шүлен»
сөзі – мырзалықтың, берегендіктің баламасы, қазақта қолы ашық, кең, мол
адамды өзі бір шүлен адам деген екен.
Ақсүйек қолбасшысы Темір заманында мешіт күмбезінің астына мыс
қазанға ет пісіріп, «шүлен» таратылатындығы жазылған.
Ұлыс күні неге өгіз сойылады?
Жас жігіттер ошақ қасына өкіртіп әкеліп өгіз сояды да, оның бауыздау
қанымен ойнап жүрген жас балалардың маңдайына дөңгелек аса салады. Оның
себебі күнді құрметтеуден туған.
Үркер күздің басында шығыстан, қыстың басында төбеден, көктемнің
басында аспан етегінен көрініп, жазға қарай мүлдем батып кетеді. Бұл
кезеңде Үркердің көкжиектен көрінбеу кету себебі – күн жолы наурыз айында
дәл соның үстінен өтеді. Осы кезде Үркердің қос жұлдызы бұқаның мүйізі
секілді батқан күн жолының 2 жағынан қылтиып көрінеді. Аспан көгіндегі дәл
осы көріністі Қазақстан жартастарында шимайланған петроглифтерден –
мүйізімен Күн көтеріп тұрған алып Көк өгіздердің суреттерден көруге болады.
Ежелгі түркілер күннің жолы мен жерге келген жаңа жылдың белгісі деп
наурызда өгізді құрбандыққа шалу осыған байланысты.
НАУРЫЗДАҒЫ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕР.
Наурызнама – шат - шадыманды ойын-сауық , той. «Ол
күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз
деп той - тамаша қылады екен» (Абай). Кей жерлерде наурыз тойы деп те
аталады. Бұл күні үлкен болсын,кіші болсын осы мейрамға келіп,көңілді ойын-
сауықтар жасалады. Мұнда шарап ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге
қатты тыйым салынған.Тойға ат жарыс,палуан күрес,басқа да спорт
бәсекесі,айтыс,түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз
жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурызнама бұрын 3-9
күнге созылатын , халықтық ұлттық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен
қолданылатын ерекше үлкен жиын той. «Қазақтың» қазақ болғанда өзіне
арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы Наурызнама. Ол күні қожаларға
оқытатұғын Наурызға арналған кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратын кітаптың
атын «Салдама» дейді (Мәшһүр Жүсіп).
Наурызнамада қыз-жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол
ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Қыздар өздерін ұнатқан
жігіттеріне «Ұйқыашардан» дәм таттыратын болған. Мұның мәнісі оларды
«ұлыстың ұлы күні» ұйықтап қалмасын деген ескі ұғымнан туған.Оның үстіне
«ұйқыашар» болашақ күйеулерге күш қуат, махабат, нәзік сезім әкеледі-міс
деген.
Жігіттер қыз-келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты
сыйлықтар береді.Оны селт еткізер деп атайды. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы
айна - пәктік пен жастықтың, тарақ - әдемілік пен сұлулықтың, иіссу -
бүршігін жаңа жарған жауқазындай құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.
Бүл күні қарттар да естен шықпайды. Оларға арнап жылы-жұмсақ
тағамдардан бел көтерер деп аталатын дәм дайындалып, таратылады.
Наурыз-тілек. Достық көңіл мен тілектестіктің, адам- гершіліктің
белгісі, әрі тойдың жарасты салтының бірі ретінде айтылған.
Наурыз төл. Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп
аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп
бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді.
Наурызкөк-наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын
ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді.Оны алғаш көргендер«Наурыз келдің
бе?» деп шақырып, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді.
Наурызшешек. Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді,
қауашақты әсем өсімдікті (шөп). Оны үйде де өсіреді ...Майының дәрілік
қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрі өседі.
Наурызшешек «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына
жатады.
Наурызша. Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны
халық «наурызша» деп атайды.
Наурыз есімі. Наурыз күнінде немесе айында туғандарды халық бақытты
санаған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімін беретін болған. Мысалы:қазақ
халқында Наурызбай Құтпанбайұлы (1706-1781), Наурызбай Қасымұлы (1822-
1847) атты әйгілі батырлар болған. Алтын Ордада Наурыз есімді хан
(1359-1360) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген
адам аттары да жиі кездеседі.
« НАУРЫЗ КӨЖЕНІҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ПАЙДАСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБА
ҚОРҒАУ ТАЛДАМАСЫ
Мақсаты:
Наурыз көженің адам денсаулығындағы маңызын ғылыми тұрғыдан зерттеу
арқылы көрсету.
1.Ұйымдастыру Кіршіксіз көгілдір көгіміз
кезеңі Гүлдері құлпырған жеріміз.
Армысың,Наурыз, аңсаған
Қуанып қарсы алдық сені біз .
Наурыз тойы құтты болсын,
Дендерің сау, мықты болсын!
Аман-есен болайық
Баршаңызға тілегім , осы халайық!
1- оқушы: Айтқаныңыз келсін ,
Пәле-жала жерге енсін!
2- оқушы: Ұлыс оң болсын ,
Ақ мол болсын!
3- оқушы: Еліміздің несібесі көп болсын ,
Даламызға бұл жаңа жыл құт болсын!
« Зерде « ғылыми қоғамының этномәдениет
секциясының отырысы . Конференцияның әділқазылар алқасымен таныстыру.
Соңынан тапсырма беріледі ,тірек сөздер таратылған Іске сәт!
2.Кіріспе сөз - Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік
рәсімдері мен шартты талаптары баршылық .Соның бірі –Ұлыстың Ұлы күні
Наурызнамада дайындалатын - Наурыз көже «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ
мол болар» деп,көже мейілінше мол жасалады . «Жақсы тамақ қалғанша , жаман
қарын жарылсын» деп ,тоя ішу ғұрпы сақталған.Сондықтан болар наурыз көжені
«көп көже», «тоқ көже» деп те атайды. Тіпті алаңсыз тойғанынша ішсін деген
ниеттен болар, қаласа әркімнің өзі құйып алу еркі де болған . Мұның бәрі
наурыз мерекесінің теңдік күні, еріктілік, имандылық мерекесі деген
түсініктен туса керек.
Халқымызда ежелден 7 санын қасиетті дейтіні белгілі. Тіпті
санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп
айтамыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7
ата, 7күн, 7қат көк, 7 музыкалық дыбыс т.б. ұғымдарды білеміз:
Осылардың қатарынан орын алатын 7 түрлі дәмнен жасалатын Наурыз көженің
ерекшелігі қандай? Әр жаңа жылда дайындалатын осынау дәмнің құдіреті неде?
3. Негізгі бөлімі
1-баяндама Тақырыбы . «Судың маңызы»
Мақсаты: Судың өзіндік ерекшелігін ашу.
Су-тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам
шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері
судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі
сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы
шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады
да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, ағыл-
тегіл терлетеді,қалжыратады.
Су-ғажайып зат. Су бір мезгілде 3 түрлі күйінде кездеседі Мұз-судың
қатты күйі,оның сұйыққа айналуымен булануы қатар жүреді.
Су-тіршілік көзі. Тірлігі оттегінсіз өтетін ішекте тіршілік ететін
бактериялар бар,бірақ сусыз өмір сүретін ағза кездеспейді.Тіршілік
құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Сондықтан ағзалар денесінің 50-
90 пайызы судан тұрады. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50 кг су бар. Оның
мөлшері 17кг-ға кемісе, адам өледі. Адам су ішпей 1 апта ғана шыдайды.
Су- табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің 2/3 бөлігін су қабаты
алып жатыр. Судың тағы бір кереметі оның су қабаты, ауа қабаты, құрлық
қабаты арасында тынымсыз айналыста жүретіндігі.
Судың тағы бір қасиеті –жақсы еріткіш. Ас тұзын суға салсақ, оның
қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау
жыныстарындағы әр түрлі минерал заттарын ерітеді. Бұдан судың физикалық
қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады,жылынады. Жаңа қасиеттерге ие
болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы
еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге
жарамды судың 1л. 2-20 гр еріген тұздары болады. Ол адам ағзасына пайдалы
әр түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі. Ондай суларды шипалы сулар
дейміз.
Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген
өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады.Адам ағзасының құрамында қанның, ас
қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.
Сұрақ. - Тұрмыста судың қандай пайдасын білесің?
Жауап -Ас әзірлеуге, киім- кешек жууға, үй тазалауға, бақша егуге,
жуынуға, өсімдік өсіруге т.б.тұрмыс әрекеттерінде қолдануға болады.
2- баяндама. Тақырыбы . « Ет етке , сорпа бетке»
Мақсаты: Жас ет пен сүр еттің ерекшелігін анықтау арқылы еттің
маңыздылығын көрсету.
Ет - ең негізгі тағамдық өнімдердің бірі. Етттің дәмі әр
алуан тағамдармен жақсы үйлеседі. Қоректілігі жағынан ең құндысы әрі
жұмсағы-бұшық ет. Бұлшық ет тканінің ақуызында адам ағзасына қажетті амин
қышқылдары түгелдей кездеседі. Экстрактивті заттар етке хош иіс беріп, ас
қорыту бездерінің қызыметін жақсартады. Ет калориялық май ткандерінің
мөлшеріне байланысты. Қоректілік және дәмдік сапасы бойынша ең тәуір етте
14-19 пайыз,ақуыз 12-15 пайыз май болады.
Пісірген кезде ет 40 пайыздай салмағын жояды. Одан суы, экстрактивті
заттары, минералды тұздары бөлінеді де, ерітіндіге айналып сорпаға шығады.
Наурыз көжеге соғымбасының арнайы сойылған қойдың басын, етін салады.
Сүр ет дегеніміз –ыстап кептірілген ет. Етті ұзақ сақтау үшін ыс салып
сүрлеу дағдыға айналған тәсіл, ол әсіресе соғым етін сақтау үшін кең
қолданылады. Дұрыс сүрленген соғым еті мейіздей сары болады. Мұндай сүр
етті қанша уақыт сақтаса да, бұзылмайды. Ыс сіңген еттің хош иісі, жағымды
кермек дәмі болады. Бірақ оның сорпасы жайсыздау келеді. Сондықтан оған жас
ет қосып, асады.Сүр ет пен жас етті араластырғанда, сорпа дәмді болады.
Еттің құрамындағы дәрумендерге тоқталайық.
Сұрақ. - Еттен жасалатын тағам түрлерін ата ?
Жауап - Еттен тұшпара, манты, қуырдақ, бес бармақ, палау, кәуәп т.б.
тағамдар жасалады.
3-баяндама. Тақырыбы. « Сорпа»
Мақсаты: Сорпаның пайдасын анықтау арқылы маңыздылығын дәлелдеу.
Сорпаның азықтық нәрі көп ,асты жеңіл таратуға, жұғымдылығын
арттыруға әсері мол. Сорпада оған қайнатқан азықтардың жұғымды қоректік
заттары көп, адам ағзасына қажетті заттардың 15 пайыздан астамы осы сорпада
. Сорпасы нәрлі, еті жұмсақ, татымды, дәмді болсын деген етті салқын суға
салып, отты ә дегеннен күшті жақпай, жай шымырлатып қайнату керек. Ет
қайнап жатқанда көбірек сапырылса, сорпа дәмді және құнарлы болады.
Сұрақ. - Сорпаны еттен басқа тағы қандай тағамдардан алуға болады
Жауап .- Сорпаны балықты, көкөністі, саңырауқұлақты қайнатқанда
алуға болады.
•
1, 2, 3 демаламыз жинап күш
4, 5, 6, отыр тұр шалқы
7, 8, 9 тартамыз қобыз
10 орныңа қон .
Осы сергіту жаттығуын жасағанда денемізде көмекке келген не?
- Бұлшық ет , қаңқа .Ендеше, бұлшық еттің жиырылып, созылуы ондағы
ақуыздың қасиетіне байланысты екен.
4-баяндама Тақырыбы «Ағы бардың бағы бар»
Мақсаты: Сүттің қасиеттерін ашу арқылы маңыздылығын көрсету.
Сүт-сүтқоректі жануарлардың сүт бездерінен бөлінетін секрециялық
сұйық. Сүттің өзі және одан өндірілетін өнімдер өте сіңімді және адам
ағзасы үшін өте пайдалы тағам.
Кезінде академик И.П.Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша
тағамы» деп бағалаған болатын. Қоректік жағынан алғанда бұл тағамдық
құндылығымен ағза үшін аса маңызды табиғи өнім. Сүттің тарихы ертеден
басталады. Археологтар бір қазбадан тапқан ірімшік қайнататын қазанды жер
астында 5000 жылдай сақталған деп топшылайды.
Сүтті баладан бастап, қарияларға дейін ішеді. Өйткені, ол
дәрумендерге, көмірсу мен майларға, ақуыз бен минералды заттарға,
микроэлементтер мен ферменттерге өте бай.
Сүт- химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам
ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған
физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа
өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс
істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып әр түрлі тағамдар
дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа
пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған
тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар.
Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.
•
5-баяндама. Тақырыбы «Ағарған ішкен азбайды.»
Мақсаты: Құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету.
Құрт – ұлттық тағам. Ашыған айранды сабаға құйып, бірнеше күн іркіт
жасайды. Сабада пісілген іркітті майы алынғаннан кейін үлкен қазанға құйып
қайнатады. Іркіт баяу қайнап, жел көбігі таралғаннан кейін қоюланады.
Суыған соң таза қапшыққа құйып, суын сорғыту үшін іліп қояды. Сарысуы ағып
5-6 күн бойы әбден құрғаған соң, ұсақтап бөліп, сығып, өреге жайып
кептіреді. 1-2 аптадан соң өредегі құртты қапқа салып , күн көзіне
кептіреді. Құртты 2-3 жылға дейін сақтауға болады. Құрт- күшті ас, ол әр
түрлі тамаққа қосылады. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып ірімшік
жасайды. Құрт өкпе ауруына, суық тиіп ауырған кезде ыстықтай ішкізіледі.
Ұзақ сапарларда құрт- әрі сусын, әрі қорек. Сарысуын ауырған малға
ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін малма жасайды.
Сұрақ. – Құрттың қандай түрлерін білесің?
- Ыстық құрт, малта, сықпа құрт, езген құрт, ақ малта,
ұнтақ құрт т.б.
– Осы құрттардың қайсысын наурыз көжеге қосады?
- Езген құртты қосады, ол сорпаға , тұздыққа, көжеге және басқа
тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құртты ыдысқа салып
ұнтақтайды. Езген құрт – ұлттық тағамдардың ең бір сүйкімдісі, әрі
кенеулісі.
6-баяндама. Тақырыбы «Май»
Мақсаты : Майдың пайдасын анықтау арқылы маңыздылығын көрсету.
Май- барлық азықтардың негізгі нәрі, ең негізгі құнары. Мал майының
өткірлік , дәмділік, емдік қасиеттері бар. Майлар- тағамның қажетті және
ең калориялы құрамдас бөліктері.
Ағзаға 1гр.май сіңіп тарағанда, ақуыз немесе көмірсулар тарап
сіңгендегіден 2есе артық жылу энергиясы бөлініп шығады.
Майдың тағы бір қасиеті ол өзімен бірге пайдаланылған басқа
тағамдардың жақсы қорытылып сіңуіне ықпал жасап, оларға жағымды дәмділік
пен хош иіс береді.
Май ағзаға тек энергиялық қуат үшін ғана емес, пластикалық мақсат үшін де
қажет. Ол дегеніміз жаңа клетка құрылымын жасау керек. Адам майлармен бірге
А. Д. Е.дәрумендерін де алады.
Сұрақ. – Мен осы дәрумендер туралы толығырақ білгім келеді
Жауап : - А дәрумені- көздің көру қабілетін жақсы сақтау үшін қажет.
Ағзаның бірқалыпты өсуін қамтамасыз етеді. Егер бұл дәрумен жетіспесе,
адамның жүзі солғын тартады, терісі, шашы құрғақтанып, қабыршықтанады,
безеу бөртпелері пайда болып, тырнақтары сына береді, жарықтан жасқанып,
көзі күндіз көріп, түнде көрмейді.
А дәрумені малдан алынатын тағамдарда, майда, ірімшікте өте көп
кездеседі.
Д дәрумені - ағзада кальций мен фосфор тұздарын сіңіруге
көмектеседі. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда бала мешел ауруына шалдығады.
Е дәрумені- бұлшық еттердің қызметін жақсартады. Ол маймен қатар,
жұмыртқада, сүттің құрамында болады.
7-баяндама. Тақырыбы . « Алтын , күміс тас екен,
Арпа, бидай ас екен»
Мақсаты: Дәнді дақылдардың құрамын зерттеу арқылы маңыздылығын ашу.
Тары, күріш, арпа, бидайдың тағамдық қасиеті жоғары және жұғымды
калориялы болады. Олар балалар мен ауруға шалдыққан адамдарды тамақтандыру
үшін ерекше қажет. Бұлар көмірсу мен өсімдік ақуыздарының негізі болып
табылады.
Аз мөлшерде дәрумендер мен калий, кальций, магний, фосфор ,темір
тұздары болады.
Ұлттық тағамдардың жұғымдыларының бірі саналып, біраз ас
түрлерінің дәмін келтіретіні – тары. Тары өте құнарлы дақыл. Оның құрамына
назар аударсақ, ақуыздың 10-15, көмірсудың 59, майдың 38, күлдің 3,6
пайызы барын анықтауға болады.
8-баяндама. Тақырыбы. - «Тұзды төкпе, малды теппе»
Мақсаты: Тағамдағы тұздың алатын орнын анықтау.
Тұз - адам организмінің қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір
қажетті зат. Ол тағамның дәмін келтірумен бірге, тканьдердегі су мөлшерін
реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Адам ағзасына күн сайын тамақ
арқылы орта есеппен 10-15 грамдай ас тұзы сіңіріледі. Ас тұзы тағамның
барлық түріне қолданылады. Тамаққа тұзды дұрыстап салудың маңызы зор. Етке
тұзды пісерден 30 минут бұрын салу керек.
Сұрақ. - Тұзды тұрмыста тағы қандай жерлерде қолдануға болады?
Жауап. - Тұзды шыны ыдыстарды жуған кезде қолдануға.малдарға салып
қояды.
9- баяндама. Тақырыбы «Табиғат пен тағам арасындағы байланыс»
Мақсаты: Табиғат пен тағам арасындағы байланысты ашу арқылы Наурыз
көженің қасиеттерін көрсету.
Халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге
балап айтады екен.
Олар :
1.КӨК.-көктемде тасыған су жер- дүниені көк толқын етеді.
2.ҚЫЗЫЛ.-қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн
ет жемесе тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше барлық ет тағамын
қызылға балайды.
3.ЖАСЫЛ.- жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп
түсінеміз.
4.АҚ-барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.
5.САРЫ-май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай»
сақтаған.
6.ҚОҢЫР-бидайдың,тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені
қоңыр түске теңейді.
7.ҚАРА-тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.
Осы жеті түс белгілі тәртіппен орналастырылғанда, қайтадан ақ сәуле
түзеді.
Сұрақ: - Осы түстерден неліктен басқа емес,ақ сәуле пайда болады?
Жауап: - Ақ сәуле дегеніміз - Күн Ананың нұры, шуағы, жылуы. Наурыз күні ақ
дастархан жайылып, ақ тілектер айтылып, ақ пейілді аталар ақ баталарын
берген, төрт түлік төлдеп, аузымыз аққа кенелген уақыт емес пе!? Наурызда
жауған қар аппақ, үлпілдек болғандықтан «ақша қар» деп аталады. Қыз Жібекті
сипаттағанда да айтылған емеспе:
« Қыз Жібектің дидары
Наурыздың ақша қарындай»
деген жыр жолдары да осы ұғымдармен сәйкес келеді.
Жүргізуші:
Сұрақ. – асқа, дастарханға байланысты ырым - тыйым сөздерді атаңдар?
Жауап.- Ақты төкпе,
Малды теппе.
Тұзды баспа,
Есікті теуіп ашпа.
Дастарханнан аттама,
Шаңырақты шайқама.
Малды басқа ұрма,
Үйде отырып ысқырма
Сұрақ. - Еңбекке, тағамға байланысты мақал-мәтелдерді атаңдар?.
Жауап:
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
Еңбек етсең ерінбей
Тояды қарның тіленбей.
Ас- адамның арқауы.
Ас атасы –нан.
Асты көрсең, қадыр тұт,
Досты көрсең, қыдыр тұт.
Нан бар жерде – жан бар.
Шай болса да дәмді болсын,
Май болса да өңді болсын.
Бұқтырып қойған көженің қоюы мен суы бір,
Берекелі ауылдың ойыны мен дауы бір.
Жүргізуші. – Ал енді осы конференциядан наурыз көженің құрамын, пайдасын
қаншалықты ұққанымызды тексеріп көрейік.
- Алдарыңда жатқан тірек сөздерді топта ақылдасып
барып орналастырыңдар.
Минералды заттар- кальций, фосфор, калий т.б.
Ақуыздар - сүт тағамдары, ет тағамдары, дәнді дақылдар.
Көмірсулар –сүт тағамдары, дәнді дақылдар .
Дәрумендер- В1 В2 В6 А Д Е.
4. Қорытынды кезең
Ақ әже ақ тілегін айтып наурыз көжені таратады.
Ашық болсын қос қабақ
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар,
Қатық, малта, ағы бар.
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Ошақта көп шоқ әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары.
Әділқазыларға сөз беру –
«Шешен тілді шеберлер номинациясы – 1- топ »
«Алғыр ойлы ұландар номинациясы - 2- топ»
« Өнегелі өрендер номинациясы- 3- топ»
Конференцияға қатысушы қонақтар өздерінің лебіздерін білдірді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан » 2007, ақпан
2. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005 жыл
3. Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. 2007, наурыз
4. «Ақиқат» журналы 1993, № 42
5. С.Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» Алматы, 2004
6. «12 жылдық білім» Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық –
сараптамалық журнал 2006, № 4
7. «Наурыз» Аруна баспасы, 2001
8. К.Хикмет «Даналық сүрлеуі» «Қасиет» баспасы , Алматы, 9.А.Жүнісов
«Фәниден бақиға дейін» «Қайнар» баспасы, Алматы 1994
-----------------------
| |
|ҚАЗЫНА |
| |
|ДЫБЫС |
| |
| |
|ҒЫЛЫМ |
| |
|ҒАЛАМ |
| |
|АТА |
| |
|СЕЗІМ |
| |
|КҮН |
|СУДЫҢ |
|МАҢЫЗЫ |
|ТІРШІЛІК КӨЗІ |
|ЗАТ АЛМАСУ |
|ШИПАЛЫ СУЛАР |
|ЕТТІҢ ҚҰРАМЫ |
|СУ 73-77% |
|АҚУЫЗ 18-21% |
|МАЙ 1-3% |
|ДӘРУМЕНДЕР В1,В2,В6 |
|МИНЕРАЛДЫ ТҰЗДАР 0,8-1% |
|ЭКСТРАКТИВТІ ЗАТТАР 1,7-2 |
|% |
|В1 – Ағзада зат алмасу үшін қажет. Бұл дәрумен жетіспеген жағдайда ағза |
|шаршағандық күйде болып, ас қорыту процесі бұзылады. Бұл дәруменнің ой және|
|дене еңбегімен көп шұғылданғанда, суықта ұзақ болғанда қажеттілігі мол. |
|В2 – жарақаттардың тез жазылуына мүмкіндік береді, ағзаның бірқалыпты |
|өсуіне қажет. |
|В6 - бұл дәрумен жетіспеген жағдайда балалардың бойының өсуі тежеліп қан |
|аздыққа әкеп соқтырады. |
|МИНЕРАЛДЫ ЗАТТАР |
| |
|Кальций Са – ағзаның зат алмасуына, қан ұюына қатысады. Кальций тұзы|
|барлық азық-түлікте бар, бірақ адам ағзасы оның барлығын бірдей |
|сіңіре алмайды. Сүтте, сүттен алынатын өнімдерде, ақ ірімшікте |
|кальций өте көп және адам оны оңай сіңіре алады. |
| |
|Фосфор Р – жүректің, бұлшық еттің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін |
|маңызы зор. Фосфор тұздары малдан алынатын сүтте өте көп. |
| |
| |
| |
Д дәрумені жетіспеген жағдайда мешел ауруына шалдыққан бала.
|Ақуыз – қозғалысты қамтамасыз етеді, яғни бұлшық еттердің жиырылуы |
|мен жазылуы. Өкпеден сіңіріп алған оттегін бүкіл денеге таратады. |
|Ақуыз мал мен өсімдіктен алынатын өнімдерде кездеседі. Олардан |
|алынатын ақуызды дұрыс ұштастыру арқылы ақуызы жеткілікті тағам |
|әзірлеуге болады. |
|Көмірсу – бұлшық еттің, жүйке жүйесінің, жүректің, бауырдың қызметі |
|үшін ағзаның майды қалыпты сіңіруі үшін өте қажет. Тамақ құрамында |
|көмірсу болмаған жағдайда тамақтағы май толық сіңбейді де |
|денсаулыққа зиян келтіреді. Көмірсу өсімдік өнімдерінде өте көп |
|сонымен қатар сүтте, бауырда болады. |
|МАЙ 38 % |
|КӨМІРСУ 59 % |
|КҮЛ 3,6 % |
|МИНЕРАЛДЫ ЗАТТАР |
|АҚУЫЗ 10-15 % |
|ТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ |
|ТҰ|
|З |
|ЖҮЙКЕ |
|ЖҮЙЕСІНІҢ |
|ҚЫЗМЕТІН |
|ЖАҚСАРТУ |
|АСҚАЗАН СӨЛІНДЕ |
|ТҰЗ |
|ҚЫШҚЫЛЫН ТҮЗУ |
|ҚАН МЕН ТКАНЬДЕГІ СУ |
|МӨЛШЕРІН РЕТТЕУ |
|ЭНДЕМИЯЛЫҚ ЗОБ АУРУЛАРЫН ЕМДЕУ |
|СУ |
|ЕТ |
| ДАҚЫЛ |
|СҮТ |
|МАЙ |
|КЕСПЕ |

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz