Қазақ халқының ежелгі кеңістік өлшем бірліктері

Сабақтың тақырыбы: Тарих және кеңістік Уақыты: 28. 09. 2010_
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен қазақ халқының кеңістік туралы өзіндік өлшемі мен түсінігі болғандығы жайында білім беру.
Дамытушылық: Кеңістік туралы алғашқы ғылыми түсініктері мен білімдерін қалыптастыру, дүниетанымын, шығармашылық қызметін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, туған жеріміздің тәуелсіздігі мен бүтіндігі үшін күресуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, тірек кестелер, суреттер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, география, .
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин. )
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Тест:
- Қазақ халқында күн райын болжай білетін адамдарды қалай атаған?
А) сынықшы; Ә) есепші; Б) жылнамашы; В) бақсы;
- Алғаш рет уақытты жылмен есептеу қай елде пайда болды?
А) Вавилон; Ә) Ассирия; Б) Египет; В) Шумер;
- Ислам дінінің жыл санау үлгісі қалай аталады?
А) Таурат; Ә) Забур; Б) хижра; В) ғасыр;
- Араб тілінен аударғанда хижра қандай мағына береді?
А) жыл санау; Ә) қоныс аудару; Б) жыл қайыру; В) есептеу;
- Қазақ халқының жыл санау үлгісі?
А) мүшел; Ә) үшем; Б) абыз; В) мешін;
- Қазақ халқында өте көне заманды қай ханның атымен байланыстырған?
А) Оғыз хан; Ә) Алаша хан; Б) Керей хан; В) Жәнібек хан;
- Біздің дәуір қай пайғамбардың туған жылынан басталады?
А) Сүлеймен; Ә) Мұса; Б) Иса; В) Мұхаммед;
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары.
- Кеңістік ұғымы.
- Қазақстанның көршілес елдері.
- Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Кеңістік - тоқтаусыз құбылыс. Жер бетіндегі адамзаттың ежелден бері пайдаланатын ұзындық өлшемдерінің бәрі осы кеңістікке байланысты. Кеңістіктің негізгі үш қасиеті бар: үш өлшемді кеңістік, шексіз кеңістік және өзгермейтін, яғни мәңгі кеңістік.
Кеңістік - қандай да бір тарихи оқиға мен тарихи үрдістердің белгілі бір уақыт пен ортада өтетін өлшем бірліктері.
Тарихтың үш қазығы: Тарихи уақыт = Тарихи кеңістік = Тарихи оқиға
Қазақ халқының ежелгі кеңістік өлшем бірліктері:
Таяқ тастам жер - қарулы адамның қолымен лақтырған таяқ ұшып жететін жер.
Шақырым - адамның даусы жететін жер
Тай шаптырым жер - бес шақырым жер.
Бір күндік жер - аттылы адам бір күн жүретін жер.
Айшылық жер - аттылы адам бір ай жүретін жер.
Картамен жұмыс: Мұғалім картадан балаларға Қазақстанмен көршілес мемлекеттерді жіне олардың шекараларын көрсетеді.
Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары:
Кестені толтыру:
IV. Сабақты бекіту . Тест.
- Сақтардың түсінігінше әлем неше құрылымнан тұрды?
А) бес; Ә) жеті; Б) үш;
- «Ер Төстік» ертегісіндегі жер астында бас кейіпкерге кездескен күншілік жердегі сыбысты еститін адам.
А) Желаяқ; Ә) Саққұлақ; Б) Таусоғар;
- Адамның даусы жететін жерді қазақтар қалай атаған?
А) шақырым; Ә) ат шаптырым; Б) таяқ тастам;
- Қазақтар кеңістікті қалай атаған?
А) құбыла; Ә) шартарап; Б) көкжиек;
- Түріктердің түсінігі бойынша балалар мен отбасының қамқоршысы болып есептелген құдай-ана.
А) Ұшар; Ә) Ұмай; Б) Ұлар;
- Сақ тайпалары Күннің құрметіне қандай жануарды құрбандыққа шалды?
А) жылқы; Ә) қой; Б) түйе;
- Ежелгі түріктер адамзаттың әкесі ретінде кімді құрметтеген?
А) Тәңірі; Ә) Ұмай; Б) Күн;
V. Қорытынды.
- Білемін
Үй тапсырмасы: 7 - ші параграф(оқу, «Кеңістік» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz