Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қаратау технология, білім және бизнес колледжі

«Бекітемін»

Директордың

оқу -
әдістемелік және

өндірістік
жұмыстары

жөніндегі
орынбасары

_________А.Б.Сарманов

«___»________ 20__ ж.

«Алғашқы әскери дайындық» пәнінен

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық
қызметті ұйымдастыру.
Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау.

Топ: 0103-10-9-1, 0105-10-9-1

Өткізген: Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы,
запастағы сержант
Түменбаев Д.Қ.

Қаратау, 2010ж.
Әдіскер _____________________Тұрсынбаев Е.С.__
/қолы/
/аты-жөні./

Оқытушы _____________________Туменбаев Д.Қ..__
/қолы/
/аты-жөні./
Сабақтың тақырыбы: Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері.
Қарауылдық қызметті ұйымдастыру. Объектілерді қоршау және постыларды
жабдықтау.

|Сабақтың мақсаты: |
|Білімділік: |Білімалушыларға қарауылдың құрамында саптық бойды |
| |түзетуге, ширақтылыққа, сонымен қарауылдың құрамында |
| |үйлесімді қимылдарды дұрыс және жылдам орындауға үйрету|
|Дамытушылық: |Білімалушыларға өздігімен жұмыс жасауға дағдыландыру. |
|Тәрбиелік: |Білімалушыларды тәртіптілікке, патриоттық сезімге |
| |тәрбиелеу. |

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты плакаттар, суреттер
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Взвод командирінен сабаққа дайындық туралы
докладын қабылдау және взводпен сәлемдесу.
2. Сабаққа даярлықты тексеру.
3. Сабаққа оқушылардың назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.Сұрақ - жауап жұмысын жүргізу.

ІІІ. Жаңа сабақ
ІҮ. Бағалау.
Ү. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері.
Қарауылдық қызметті ұйымдастыру

Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып
табылады және жеке құрамнан осы жарғының барлық ережелерін дәл орындауды,
мейлінше қырағылықты, батыл шешім мен бастама қабылдай білуді талап етеді.
Қарауылды қызметтің талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе
қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қарауылдық қызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады.
Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау
жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ. гауптвахтада
және тәртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған
қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады.
Қарауылдар гарнизондық және ішкі (кемелік) болып бөлінеді; олар тұрақты
және уақытша болуы мүмкін.
Гарнизондың қарауыл жалпы гарнизондық маңызы бар объектілерді,
құрамалар объектілерін немесе бір-біріне жақын орналасқан бірнеше әскери
бөлімдердің объектілерін күзету үшін, сондай-ақ гарнизондық гауптвахтада
ұсталып отырған адамдарды күзету үшін тағайындалады.
Ішкі (кемелік) қарауыл бір әскери бөлімнің (кеменің) объектілерін
күзету мен қорғау үшін тағайындалады. Әуежайдағы авиациялық бөлімнің
ұшақтары (тік ұшақтары) мен басқа объектілерін авиациялық-техникалық
бөлімнен тағайындалатын ішкі қарауыл күзетіп, қорғайды.
Қарауыл құрамына: қарауыл бастығы, постылар мен ауысым саны бойынша
қарауылдар, жұмысқа таратушылар, ал қажет болғанда, қарауыл бастығының
көмекшісі, техникалық күзет құралдары жөніндегі қарауыл бастығының
көмекшісі (оператор) немесе операторлар ауысымы (екі-үш адам, оның бірі
қарауыл бастығының техникалық күзет құралдары жөніндегі көмекшісі болып
тағайындалуы мүмкін), қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл
бастығының көмекшісі және көлік құралдарының жүр-гізушілері тағайындалады.
Штабтарды, бірлестіктер мен одан жоғарыларын басқару пункттерін күзету
жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қарауылдарға аталған
адамдардан басқа бақылау-өткізу пунктінің қарауылдары, ал гауптвахта
жанындағы қарауылға — шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады.

Объектілерді тікелей күзету және қорғау үшін қарауылдар құрамына
сақшылар бөлінеді.
Сақшы дегеніміз — өзіне тапсырылған постыны күзету және қорғау
жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған қарауыл.
Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе учаске пост деп
аталады.
Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы
күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілері мен жергілікті жер
учаскілері де жатады.
Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі
қоршаулар арасын немесе егер объектіде қоршау біреу болса, қоршау бойын
ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мұнарадан бақылау әдісімен
жүргізіледі.

Объектілерді қоршау және постыларды жабдықтау

Күзетілетін объектілер орналасқан аумақтың сым қоршауларының арасы: төменгі
бөлігі 5 см-ден, жоғаргы бөлігі 15 см-ден аспайтын арақашықтықтағы биіктігі
екі

метрден кем емес ішкі және сыртқы қоршаулары болуы керек. Сыртқы және ішкі
қоршаулардың арақашықтыгы жергілікті жағдайга қарай 10 м және одан да көп
болуы мүмкін. Қоршаулар арасынан сақшылардың жүруіне арналған сүрлеу (жол)
және ені 5 метрден кем емес, қоршаудың сыртқы жағынан өтетін бақылау-
қадағалау жолы жабдықталады.
Күзетілетін объектілерге кіре берісті бақылауға ыңғайлы болу үшін
қоршаулардың арасына (сыртқы қоршауда) оқ өткізбейтін қоршауы бар,
байланыс, дабыл жүйесі құралдарымен, қуатты жарықтандырғыш құралдармен және
найзағайдан сақтану күрылгыларымен жабдықталған бақылау мұнаралары (1-
сурет) орналастырылады.
Аса маңызды объектілерде қару-жарақ пен бақылау аспаптары койылған
арнайы инжәнерлік ғимараттар, сондай-ақ инжәнерлік бөгеттер (ОБК,
"сүріндірме", бағаналар, орлар), оқ өткізбейтін қоршауы және гранатқа қарсы
торлары бар бақылау мұнаралары орналастырылуы мүмкін (немесе броньді
объектілер қойылады).
Күзетілетін объектілері бар аумаққа кіре берісте түнде және күндіз
жақсы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер қойылады: мысалы: "Жүруге (өтуге)
тыйым салынады (жол жоқ)". Айналып жүру (айналып өту) көрсеткіштер арқылы
көрсетіледі. Бұл көрсеткіштер тәуліктің белгілі бір уақытына ғана койылуы
мүмкін.
Жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару орган-дарының келісімімен,
заңдарга сәйкес әскери бөлімнің аумағынан тыс орналасқан объектілер
айналасына тыйым салынған аймақтар мен аудандар айқындалады. Тыйым
салынған аймақтың (ауданның) шекаралары тұрған жерінде жақсы көрінетін
қазақ және орыс тілдерінде жазуы бар көрсеткіштермен "Тыйым салынган аймақ
(аудан), жүруге (өтуге) тыйым салынады (жол жоқ)" деп көрсетілуі керек.
Тыйым салынған аймақтың (ауданның) шекарасын белгілеу туралы гарнизон
бастығы (әскери бөлім командирі, күзетілетін объектілердің бастығы)
жергілікті мемлекеттік үкімет және басқару органдары арқылы жақын
орналасқан елді мекеннің халқын дер кезінде құлақтандыруы тиіс. Тыйым
салынған аймақ (аудан) шекарасына ортақ пайдаланып жүрген жолдар, тұрғын
жай және қызметтік құрылыстар, өңделетін алқаптар және т.б. кірмеуі керек.
Пост аумағында сақшыға жергілікті жердің жағдайына қарай 50 метрден кем
емес жерді қарауға және атуға жағдай жасалуға тиіс, сондықтан пост айналасы
бұталардан тазартылған, ағаштары кесілген, төменгі бұтақтары 2,5 м
биіктікте қырқылған, шөптері шабылған, артық заттары жиналған болуы тиіс.
Постыға бөтен адамдардың жақындауынан тыйым салынатын қашықтықты
белгілейтін тыйым салынған шекара сақшыға күндіз, түнде және нашар
көрінетін жағдайда көрсеткіштермен көрсетіледі. Бірнеше постылары бар
объектілер аумағындағы әрбір постының шеқарасы жергілікті жерде
көрсеткіштермен керсетіледі, мысалы: "N2 постының шеқарасы".
Әскери қалашықтан тыс орналасқан аса маңызды объектілерді және қарауыл
үй-жайын қорғау үшін оқпаналар олардан пост (қарауыл үй-жайына) кіре
берісін ата алатындай және мүмкіндігінше көршілес постылармен байланысты
қамтамасыз ететіндей есеппен қазылады және жабдықталады. Оқпана қарауыл үй-
жайымен байланысатын байланыс (дабыл жүйесі) құралдарымен жабдықталады.
Түнгі уақыттарда постыға және қарауыл үй-жайына кіре беріс маңы
жарықтандырылуы керек. Жарықтандыру сақттты постыда тұрғанда немесе пост
аумағында жүргенде барлық уақытта көлеңкеде болатындай етіп түсірілуі тиіс.
Пост сақшысының қарауыл бастығын, оның көмекшісін немесе жұмысқа
таратушысын дереу (ең кемі екі нүктеден, ал объектілерді патруль әдісімен
күзету кезінде — әрбір 250 м жүргеннен кейін) шақыра алатын байланыс
құралдарымен жабдықталуы тиіс. Ішкі, әсіресе жауынгерлік ту жанындағы
постының биіктігі 0,7—1 м қоршауы және жарықтандырылған болуы керек.

Постыдағы сақшының қаруын ұстау ережесі:
а— тұрып атуға дайындалған кездегі сақшының автоматты ұстау күйі; ә -
белдікті қолданып тұрып атуға дайындалған кездегі сақшының автоматты ұстау
күйі

Бақылау-өткізу пунктінде сақшыны күтпеген шабуылдан қорғауды қамтамасыз
ететін қоршау болуы қажет.
Әрбір сыртқы (қажетті жағдайларда ішкі) постыларда, күзетілетін
қоймаларда, сақтау орындарында және т.б. тікелей өздерінде өрт сендіру
құралдары; өрт сөндіргіштер, құм салынган жәшіктер, су кұйылған бөшкелер,
шелектер мен керек-жарақтар (күректер, балталар, сүймендер, ілгекті
бакандар) болуы тиіс.
Сыртқы постыларда сырт киімдерін сақтауға арнайы жабдықталған пост
"саңырауқұлагы" (2-сурет), ал ішкі постыларда шинель ілу үшін шкаф немесе
киім ілгіш болуы қажет.
Пост "саңыраукұлагы" күзетілетін объектілермен немесе айналадағы
жергілікті жермен түстес етіп боялады.
Постыдағы сақшының бекітілген суңгісі бар қаруы (жиналмалы дүмді сүңгі-
пышақсыз автоматы) болуы керек; белдікке ілінетін қынаптағы сүңгі-пышақ:
түнгі уақытта — тұрып атуға оңтайлы жағдайда (3-сурет); күндізгі уақытта —
"белдікке" немесе тұрып атуға оңтайлы жағдайларда; ішкі постыларда және
жауынгерлік ту жанындағы постыда — ағаш дүмді автоматтар — "белдікке"
күйінде, жиналмалы дүмді автоматтар — "кеудеге", карабин — аяқта болуы
керек; жабдықталған окжатарлар салынған сөмкелердің аузы жабық болуы тиіс.
Өрт сөндіру немесе табигат апаттарының зардаптарын жою кезінде сақшыға
қаруын "арқаға" күйінде ұстауына рұқсат етіледі.

Қорытынды бөлімі
-тақырыпты қорытындылау бойынша сұрақтар және баға қою;
Сұрақтар
1. Қарауылдық қызметтің міндеттері мен тағайындалуы жайлы айтып беріңдер.
2. Қарауылдық қызметті атқару неге жауынгерлік тапсырманы орындау болып
есептеледі?
3. Қарауыл құрамына кімдер кіреді?
4. Сақшының міндеттері туралы айтыңдар.
5. Күзетілетін объектілерді қоршауға қандай талаптар қойылады?
6. Аса маңызды объектілерде қандай арнайы құрылыстар салынады?
7. Постыдағы сақшының қаруы қандай жағдайда болу керек?

-үйге тапсырма беру (қарауылдың атқаратын қызметін оқу);
-сабақтың аяқталғанын хабарлау.

Ұқсас жұмыстар
Қарауылдық қызметті атқаратын қызметі мен міндеттері,бекет,оны жабдықтау және жарақтандыру
Сақшының міндеттері
Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері
Сабақтың әдісі. САБАҚ ЖОСПАРЫ
Жарияланымнан шығу
Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті факторлардың әсерін жою
Қол гранаттары
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері
Кесте құру. word –тың графикалық мүмкіндіктері
Химиялық қару
Пәндер