Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Сабақтың тақырыбы: Әже сандығындағы қазына

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға сәндік қолданбалы өнер туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: оқушыларға зергерлік өнер туралы тың мәліметтер бере отырып
білімді қалыптастыру.

Дамытушылығы: халық шеберлерінің өнерлерімен танысу және өнерге
қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі: оқушыларды суреткерлікке,әдемілікті көре білуге,туған өлкенің
бай мұра қазынасын көздің қарашығындай сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі,көрсету,сұрақ-жауап,сарамандық жұмыс

Пәнаралық байланыс: дүниетану,еңбекке баулу,ана тілі

Сабаққа қажетті материалдар:

Мұғалім үшін:1.Сен білесің бе? энциклопедия. 2.Қазақ халқының тұрмысы мен
мәдениеті. Жинақкітап. 3.Қазақ халқының ұлттық киімдері.жинақкітап.

4.Қазақстанның көне зергерлік бұйымдары. Электронды оқулық.

Оқушылар үшін:сурет дәптер,қара қарындаш,өшіргіш,бояу түрлері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды белгілеу,зейін,ынтасын сабаққа аудару.

2. Сәндік қолданбалы өнер жайлы білімімізді толықтыру үшін ауылға саяхатқа
шығамыз.

ІІ.Өткенді пысықтау.

Жаңа сабақтың мақсатына жету үшін өткен сабақты еске түсірейік.

«Кім жылдам» аялдамасы

Топтамамен жұмыс. (Қазақ халқының қолөнері)

ІІІ.Жаңа сабаққа кіріспе.

«Ойлан тап» аялдамасы. Әжеміздің сандығында не барын білу үшін құлыпты ашу
керек.Ол үшін бізге не қажет ?

- Кілт.

Кілттегі тапсырма.

ІҮ.Жаңа сабақ. Әже сандығындағы қазына.

Ертеректе жаңа киімдер,асыл бұйымдар,қыз балаға,ұл балаға арналған
той жасау заттары құпиясы көп әжелердің сандығында мұқият сақталатын.Енді
ғажайып сандықта қандай қазына бар екенін көрейік.

Сандықтан шыққан 1-суретте ұлттық киімдер.Қазақ ұлттық киімі шексіз
дала төсіндегі қиын-қыстау көшпелі өмірге лайықты жасалды.Киім тігетін
негізгі материалдар-тері,жүн, «шекпен» аталатын жүн мата,ал дәулетті
отбастарында –барқыт,жібек қымбат аң терілері-елтірілер болатын.Киім-
кешекті жібекпен,алтын және күміс жіптермен кестелейтін,ұсақ маржан
моншақ,шашақ,үкі қауырсындармен безендіретін.

Киімнің негізгі түрлері.Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынадай
түрге бөлінеді: іштік киімдер,сыртқы киімдер,сулық киімдер,ерлердің бас
киімдері,әйелдердің бас киімдері,аяқ киімдер.

Суреттің артындағы сұрақ.Киімдерге байланысты қандай салт-дәстүр мен
ырымдарды білесіңдер?

Тымақ-қасиетті бас киім саналады.Оны айырбастамайды,аяқ
тигізбейді.Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр
бар.Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды.Тымақ тастап кешірім
сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі.

Жейде.Ұзақ жасаған,халқына өте қадірлі болған,бақытты тұрмыс құрған
қариялардың жолын берсін деп,олардың жейде-көйлегін сұрап алып,ырымдап
киген.

Бас киімді іліп қояды,кез-келген жерге тастай салмайды,астыға басып
отырмайды.Олай жасаса,бастан бақ таяды.

Сандықтан шыққан 2-ші суретте зергерлік бұйымдар. Қазақ зергерлері
(парсы тілінен аударғанда зер-зар «алтын» деген мағынаны білдіреді.) жеке
дара жұмыс жасаған,ал шеберлік ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып отырған.Зергерлер
әйелдердің әшекей бұйымдары мен ұлттық киім тағыншақтарын,дене күтіміне
арналған бұйымдар мен асүй құралдарын,қару мен ат әбзелдеріне арналған
сәндік бұйымдарды жасаған.Қазақ ісмерлері зергерлік өнердің
қалыптау,нақыштау,бүршіктеу,ою,қаралау сынды күрделі техникаларын
меңгерген.Зергерлердің қолынан шыққан өнімдердің денін әйелдердің әшекей
бұйымдары құрайтын.

Зергерлер күміс пен алтыннан жүзік-сақина,сырға мен білезік,омырауға
тағатын әшекейлер жасады,халықтың бұл бұйымдарға деген сұранысы да жоғары
болатын.Қазақ зергерлері күмістен бұйым жасағанды ұнатқан.Ертеде қазақтың
әрбір әйелі күміс сырға,білезік,шашбау сынды әшекейлер тағынды,бұл металдан
жасалған бұйымдар бүгінгі таңда да ұлттық киімдерді толықтырып келеді.

Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі алты түрге бөлінеді:

1. Басқа

2. Мойын және кеудеге

3. Иыққа

4. Белге

5. Қолға

6. Аяққа тағылатын бұйымдар.

Суреттің артындағы сұраққа жауап(өнер,шеберлік жайлы нақыл сөздер)
беру арқылы сыныпқа қайту.

Қазақстанның көне зергерлік бұйымдары. Электронды оқулық.

Ү.Сарамандық жұмыс

Зергерлік бұйымның ішіндегі ең құндысы-білезік.Білезік дегеніміз-
білекке салынатын әшекейлі зергерлік бұйым.Білезік те жасалатын материалына
байланысты:алтын білезік,күміс білезік,жұмыр білезік,қос білезік т.б.
болып бөлінеді.

Білезікті бейнелеу

1-кезең
2-кезең

3-кезең
4-кезең

ҮІ.Сабақты бекіту.

Сәйкестендіру тесті

|нобай |Жансыз заттарды бейнелеу өнері |
|ожау |Жапсыру арқылы шығарма орындау тәсілі |
|Сәндік қолданбалы |Суреттің парақ бетінде әсерлі орналасуы |
|өнер | |
|палитра |Әр түрлі тұрмыстық бұйымдарды әшекейлеу өнері |
|натюрморт |Сусын құюға арналған сапты ыдыс |
|аппликация |Бояу араластыратын тақтайша |
|композиция |Дайындық суреттері |

ҮІІ.Қорытынды.

Қорытып айтқанда,қазақ шеберлері жасаған бұйымдар біздің ата-бабаларымыздың
он саусағынан өнері тамған жандар болғандығн паш етеді.

ҮІІІ.Оқушы еңбегін бағалау.

ІХ.Үйге тапсырма

-----------------------
ә

с

жж

ен

а

н

д

ы

ғ

ы

н

д

а

ғ

ы

қ

а

з

ы

н

а

Ұқсас жұмыстар
Қазақ әйелінің ұлттық киімі
Ұлттық киімдер, 7 сынып (сабақ жоспары)
Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақ халқының ұлттық сырт киімдерін ата
Қазақ халының ұлтық киімдері
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер. 7 сынып
Әйелдің сырт киімі
Тері өңдеу өнері
Театр костюмдерін дайындау өнері
Пәндер