Диалект сөздер

Төлеуова Айнаш Иманалина- «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжінің оқытушысы.
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы.
Қазақ тілі пәні бойынша.
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Өткен материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді қалыптастыру;
- Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін
дамытуда, оқушы сезіміне әсер ететіндей, сабаққа деген ынтасын арттыру үшін кестелер жәнее т. б. құралдар пайдалану.
- Тәрбиелік: Ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу, Абай өлеңдері арқылы сөз өнерін құрметтеуге, тіл құрметін сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ, топпен жұмыс.
Сабақтың типі: Білімді қорыту және жүйелеу.
Сабақтың әдістері: Талдау, жинақтау, жаттығу. Сұрақ жауап, қайталау.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу өнері.
Сабақ көрнекілігі: Тірек сызбалар, дидактикалық үлестірме материалдар, слайд, проектор.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Психологиялық дайындық.
- Сайыс шарттары:
- Таныстыру
- Зерделі сұрақ, дәлелді жауап
- Талдау - табыс кілті
- Ойын ой-өрісті дамытады
- Мақал - сөздің мәйегі
- Қызықты сабақ - қиялға қанат
- Шығармашылық жұмыс
- Қорытынды
- Үйге тапсырма.
- Білімді бағалау.
- Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың сабаққа қатысуын, даярлығын тексеріп, назарларын сабаққа аудару;
- Бүгінгі сабақ - ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Сол кісілерге ілтипатымызды білдіріп қояйық.
- Үйге берілген тапсырманы сұрау. (Тест арқылы тексеру, бағалау)
- Психологиялық дайындық:
Алыстан сермеп,
Жүректі тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған.
Толғау тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл, - дей келе көркем де, сұлу қазақ тілімізге арналған сабағымызды ұлы Абай Құнанбаевтың өлеңімен бастаймыз.
- Сабақтың мақсатымен таныстыру:
- Білімділік: Өткен материалдарды теориялық тұрғыдан қайталай отырып, практикалық тұрғыдан жүзеге асыра білуді қалыптастыру;
- Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, ойлау қабілетін
дамытуда, оқушы сезіміне әсер ететіндей, сабаққа деген ынтасын арттыру үшін кестелер ж/е т. б. құралдар пайдалану.
- Тәрбиелік: Ана тілін сүйуге, қадірлеуге баулу, Абай өлеңдері арқылы сөз өнерін құрметтеуге, тіл құрметін сезіне білуге тәрбиелеу.
- Сабақтың барысы:Сайыс сабақ, топпен жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлеміз:
1 топ - Омоним
2 топ - Синоним
3 топ - Антоним
- Сайыс шарттарымен танысу:
1шарт - «Таныстыру»
- Әр топ өзінің атымен таныстырады.
Сабағымызда «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын » пайдаланып отырғанымыздан орындайтын шарттарымызды стратегияға бөлеміз:
«Ой қозғау» стратегиясы . (Экраннан)
Эпиграф :
«Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез»
Абай
2 шарт- «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы . (Экраннан)
Эпиграф :
«Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын,
оны да ойла».
Абай
деп Ұлы Абай айтқандай, лексикология тереңіне үңілейік.
- Әр топ жеке тапсырма алады.
1 топ-
- Сөздің тура ж/е ауыспалы мағынасы;
- Тұрақты сөз тіркесі;
- Жаңа сөздер;
2 топ-
- Көп мағыналы сөздер;
- Мақал-мәтелдер;
- Көнерген сөздер;
3 топ-
- Диалект сөздер;
- Кәсіби сөздер мен терминдер;
- Кірме сөздер;
2 шарттың қорытындысы:
3 шарт - «Талдау - табыс кілті»
Эпиграф :
«Білгенге маржан,
Білмеске арзан».
Абай
Карточкалармен жұмыс:
1 топ- «Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр»
(1. Синоним сөздерді табу.
2. Толық систаксистік талдау)
2 топ- «Біздің қарамызды көрген соң, олар қолын бұлғап шақырды»
(1. Омоним сөздерін табу.
2. Толық систаксистік талдау жасау)
3 топ- «Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады»
(1. Антоним сөздерді табу.
2. Толық систаксистік талдау)
1 топ- Байлықтың атасы-еңбек, анасы - жер. Өнерлінің өрісі кең. Аузы күйген үріп ішер. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.
1. Мақал - мәлелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз.
2 топ- Өткірдің жүзі , кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас (Абай) . Арық атқа қамшы ауыр тиеді.
1. Асты сызылған сөздердің омонимін табыңыз.
3 топ-Түймедей затқа өкпелесең, . . . . . . . . . . көретініңіз қалмаған, мырза. Қорлық . . . . . . . . . . ерлік өлім артық. Ақымақ бұзуға бар, . . . . жоқ.
1. Көп нүктенің орнына тиісті аАнтоним сөздерін тауып қойыңыз.
3 шарттың қорытындысы:
4 шарт - « Ойын - ой дамытады »
Тақтаға қоржын алып ілінеді . Қоржынға сыйлықтар салынған. Ол сыйлықтарға ие болу үшін сұрақтарға жауап беру керек:
1сыйлық- қаламсаптар (4-еу)
Ондағы сұрақ: сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Тақтаға семантикалық карта ілініп, 1 топтан 1оқушы ашық көзді толтырып жатқанда сол топтан тағы 1 оқушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады:
2 сыйлық - сызғыштар (4-еу)
Ондағы сұрақ : көнерген сөздер мен неологизмдер. Тірек сөздер беріледі, сол бойынша оқушылар шағын мәтін құрайды. 1 оқушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады:
3 сыйлық - дәптерлер (4-еу)
Ондағы сұрақ: тұрақты тіркестер. «Бір сөзбен шеш» ойыны. 1 білім алушыдан тапсырмаға байланысты ереже сұралады:
- Қой аузынан шөп алмайды -момын
- Жүрек жалғау-
- Төбе шашы тік тұру-
- Қас пен көздің арасында-
- Бетінен оты шықты-
- Қырғи қабақ болу-
- Бармағын тістеу-
- Аузына құм құйылу-
- Ит өлген жер-
- Тайға таңба басқандай-
- Ат ізін салмау-
- Пейілі тар-
4 шарттың қорытындысы: «Кім жылдам?» ойыны. 3 топқа химиялық, физикалық және математикалық терминдер жазу тапсырылады:
Математикалық терминдер:
Химиялық терминдер:
Физикалық терминдер:
5 шарт- « Мақал-сөз мәйегі »
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы . (Экраннан)
Эпиграф :
«Арттағыға сөзің мен ісің қалсын».
Абай
3 топқа тапсырма беріледі: антоним, омоним және синоним сөздерді пайдаланып мақал-мәтелдер айтып жарысу.
Вен диаграммасы: мақал мен мәтелдің айырмашылықтары.
6 шарт- « Қызықты сабақ-қиялға қанат »
Эпиграф :
«Кемді күн қызық дәурен тату өткіз
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз».
Абай
- Тұрақты сөз тіркестері туралы суреттер.
- Табуға көрініс.(Ауыл, келін көл жағасынан қасқырдың қойларға шауып жатқанын көріп, үйіндегілерге айтуға жүгіреді. Үйде қайын атасы-Қасқырбай, қайын ағасы-Көлбай, қайын інісі - Қойбай бар еді. Келін оларға бұл істі қалай түсіндіреді?) .
7 шарт- « Шығармашылық жұмыс »
Эпиграф :
«Мақсатым тіл ұстартып
Өнер шашпақ».
Абай
- Әр топқа жеке тапсырма беріледі (өлең жолодары немесе қара сөз) . Өз ойларын жазбаша немесе ауызша білдірулері керек.
«Ой қозғау» стратегиясы . (Экраннан)
Абайдың аңсағаны қандай азамат? Синонимдер.
Ойлы,
сезімді
Үлгі алу, көңілденіп,
тұщынып, ынтасымен ұғу
Ұғымтал, білімді,
зерек
Жаман қылықтардан
аулақ болу
8 шарт- « Қорытынды »
Эпиграф :
«Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегін кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға».
Абай
Рефлексия.
Тест тапсырмалары:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz