Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақпараттық моделдің түрлерін ата

Тлегенова Камашат Жұмағазықызы
№16 орта мектеп Семей қаласы

Сабақ тақырыбы: Ақпараттық модельді құру: модельдеу мақсаттарын анықтау,
обьектінің құрылымдық талдауы,обьектіні зерттеу мақсаттары
Сабақ мақсаты: Ақпараттық модельді құру:модельдеу мақсаттарын анықтау,
обьектінің құрылымдық талдауы ,обьектіні зерттеу мақсаттарын таныстыру.
Білімділік: Ақпараттық модельді құру теориялық білімдерін
пысықтап,тексереді. Дағдылық: Ақпараттық модельді құруға дағдыланады.
Ақпараттық модельді құру дағдысын жетілдіреді. Баска пәннен алған
теориялық білімдерін модель құруда қолдана білуге үйренеді.
Дамытушылық: Оқушылар логикалық ой-өрісін,зейінін, есте сақтау қабілеттерін
жетілдіреді. Пәнге қызығушылығы артады.
Тәрбиелік: Алдыға мақсат қойып, соған жетуге талпынады,өз қызметіне талдау
жасауға,баға беруге тәрбиеленеді.Жұппен,өз бетімен жұмыс жасау мәдениетін
қалыптастырады.
Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақ түрі: Білім бекіту сабағы.
Әдіс-тәсілдері: Жеке, топпен жұмыс, өз бетімен жаңа білім алу,бекіту
жаттығулары.
Пәнаралық байланыс: Математика
Көрнектіқұралдар: Слайд-фильм,оқулық.Үлестірме тапсырмалар.
Техникалық құрылғы: Проектор,экран,компьютер.
Сабак барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Слайд1:Бүгінгі күн.
1.1 Сәлемдесу.Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.Журнал толтыру.
1.2 Бүгінгі сабактың мақсаты мен міндеттерін,барысын айтып өту.
Мұғалім сөзі: Слайд (3-8) Ақпараттық модельді құру:модельдеу мақсаттарын
анықтау, обьектінің
құрылымдық талдауы,обьектіні зерттеу мақсаттары.
Зерттеудегі обьект туралы қажетті ақпараттың бәрін қамтитын шамалар
жиынтығы-ақпараттық модель.Ақпараттық модельді қолмен ұстап, көзбен көре
алмаймыз. Себебі олар тек ақпараттардан ғана құралады. Мұндай модельдер
қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді, модель
обьектінің қасиеттерін, белгілерін, күйін толық көрсететіндей болуы қажет.
Обьектіні зерттеу үшін адам сол обьект жөнінде ақпарат жинақтайды.
Ақпараттың аса көп болуы міндетті емес, қолданылатын мақсатқа сай
болса, жеткілікті. Мысалы: мектепте сен қан айналымының ақпараттық
моделімен таныстырылады. Оқушы үшін бұл жеткілікті болғанымен, дәрігер
мамандығын қалағандар үшін осы білімді одан тереңдетіп, жетілдіру қажет.
Кейбір обьектілерге белгілі бір қасиеттер тән болғандықтан ол көзге
анық көрініп тұрады.Мысалы гүл түсінің сарылығымен,ал найзағай
жаркылдауымен ерекшеленеді. Осы обьектіге не себепті сол қасиеттердің тән
екнін білу үшін обьектіні толық зерттеу қажеттілігі туады. Модель құру
кезінде обьектіге зерттеу мақсатында,зерттеу құралдары мен адамның білім
дәрежесіне қарай әртүрлі ақпарат жинақталады. Мысалы:Өсіп тұрған гүл
жөнінде биология маманы,дәрігер және оқушының алатын мәліметтерін
салыстырайық.
Биология маманы гүлді өзі білетін гүлдермен салыстырып тамырына,
клеткалық құрамына, топырақта өсу ерекшеліктеріне коңіл бөледі.
Дәрігер өсімдіктің химимялық құрамын анықтап,оның денсаулыққа пайдалы
және зиянды жақтарын ашуға тырысады.
Ал оқушы гүлдің сыртқы көрінісіне,иісіне,үзілгеннен қанша уақыт
солмайтына көңіл бөледі.
Обьектінің қасиеттерін сипаттау үшін әртүрлі схемаларды,таңбалық жүйелерді
қолдануға болады.
Ақпараттық модельде объектінің параметрлері мен оның сандық, мәтіндік
және басқа да түрде беріледі. Ал зерттеу барысында іс-әрекеттер ақпаратты
өңдеу процесі түрінде көрсетіледі.
Ақпараттық модель адам өмірінде маңызды орын алады. Мектепте оқылатын
пәндер де құбылыстарды танып-білу мақсатында ақпараттық модель түрінде
беріледі.
Ақпараттық модель еш уақытта объектіні толық сиппаттай алмайды,бір объект
үшін әртүрлі ақпараттық модель құруға болады.
Ақпараттық модель модельдеудің алдағы жолын анықтайтын ойдың тууына
әсер етеді.
Слайд 9 Үлестірмелі тапсырма №1.
МЫСАЛ 1:
|Кірісі |А |1 |3 |7 |5 |
|Шығысы |Орындай |2 |4 |8 |6 |
| |алмаймын | | | | |

Мұнда атқарушы енгізілген санға 1-ді қосып отырады. Егер кіріс 4 саны
болса, онда шығыс 3-ке тең.
|Кірісі |16 |23 |34 |42 |57 |
|Шығысы |15 |24 |33 |41 |58 |

Осы мысалда былай тұжырымдайымыз: енгізілген тақ санға 1-ді қосады, жұп
саннан 1-ді азайтады.
МЫСАЛ 2.
|Кірісі |Қол |Серік |Қрқрқрқрқ |Kz |True |
|Шығысы |3 |4 |9 |2 |4 |

Атқарушы енгізілген сөздегі әріптердің санын санайды.
ЖАТТЫҒУЛАР.
Қара жәшіктің алгоритмін табу.
1.
|Кірісі |23 |5 |12 |21 |132 |
|Шығысы |2 |1 |0 |3 |1 |

Жауабы: «о» әрпі
4.
|Кірісі |25 |11 |7 |98 |34 |
|Шығысы |100 |44 |28 |392 |136 |

Жауабы: *4
5.
|Кірісі |Доллар |Зообақ |Бала |Ағаттық |Әдепті |
|Шығысы |1 |1 |0 |1 |0 |

Жауабы: қос әріпті
6.
|Кірісі |информатика |қағаз |Абай |қаламсап |атамекен |
|Шығысы |6 |3 |2 |5 |4 |

Жауабы: дауыссыз дыбыстар
7.
|Кірісі |26 |33 |21 |8 |123 |
|Шығысы |Болмайды |11 |7 |Болмайды |42 |

Жауабы: /3 (бөледі)
8.
|Кірісі |10 |13 |40 |100 |54 |
|Шығысы |4 |Болмайды |19 |49 |26 |

Жауабы: жұп сандарды /2-1

Жаңа сабақты бекіту:
1. Ақпараттық модель дегеніміз не?
2. Ақпараттық модельдерге мысал келтір
3. Ақпараттық моделдің түрлерін ата?
Үйге тапсырма: Дәптердегі конспекті оқу.
Бағалау. Қортындылау.

Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік модельдеу
Сабақтың барысы. Сабақ кезеңі
Ақпараттық модельдеу
Компьютерлік графика түрлері туралы
Презентациялар технологиясы
Нысанның түпнұсқасы
Белдемшені модельдеу
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру
Модель және модельдеу
Пәндер