Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көңілді болу



Тілеуқабылова Әлия Қанатқызы
М.Горький атындағы №16 орта мектеп психологы

ТРЕНИНГ САБАҚ
Тақырыбы: ДОСТЫҚ
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін
сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету,
коммуникативті өрісті дамыту.
Міндеті: 1. Адам қарым – қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік
беру;
2. Оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал
ету.
3. Оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа,
адалдыққа тәрбиелеу.

БАРЫСЫ:
І. Сәлемдесу.
Оқушылар хормен: Үлкенге де «Сіз»,
Кішіге де «Сіз».
Бар адамға құрметпен,
Бас иеміз біз.
ІІ. Шаттық шеңбері.
- Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-бірімізге бүгінгі
күніміздің тамаша өтуіне арнап жақсы тілектер айтайық. (Оқушылар «Досыммен
бірге» ойыны арқылы бір-біріне бүгінгі күннің көңілді өтуіне арнаған
тілектерін айтады.)

Тренинг ережелерімен таныстыру.
1. Кешікпеу.
2. Өз уақытында бастау.
3. Бір-бірін сыйлау.
4. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
5. Көңілді болу.
Танысу тренингі.
Өз есіміңізге сын есім қосып танысайық.

Әдепті - Әлия Үлпілдеген - Үміт
Жағымды – Жұлдызай Мейірімді – Мәди
Нұрдай – Нұрлыбек Аяулы - Ақсамал
Аққудай - Аружан Оқымысты – Оңалбек
Ынталы – Ықылас Ажарлы - Асыл
Айбатты – Аяжан Айдай - Аружан
Жақсы – Жаңабек Ғажайып - Ғасырбек
Айымдай – Аружан Жайдарлы - Жалғас
Нұрлы – Нұржігіт
ІІІ. Кел, ойланайық, пікірлесейік.
- Енді, балалар, мына өлеңді тыңдап көрелік.

Дос көп еді жүретін сыр ақтарып,
Жандарынан тұратын шуақ тамып.
Домбырамның үні де естіледі,
Достарымның сырлары сияқтанып.
Дос жүрегі қашанда аңсағаным,
Соларменен қосылып ән саламын.
Ақ пейілді аңсаған достарымды,
Қуанышпен күлімдеп қарсы аламын.
Көңіл – дария, толқыған асылдарым,
Сендер менің жылдарым,ғасырларым.
Тіршіліктің тұздығы – достық екен,
Достарымнан ештеңе жасырмадым.
Шын достықтың оттары жалындайды,
Дос қамалдар ешқашан алынбайды.
Дос көңілдер есепке бағынбайды,
Дос үректер өсекке бағынбайды.
Күн шығады дүниені нұрландырып,
Достар әні өшпейтін бір мәңгілік.
Дос көңілі сияқты шашырайды.
Күннің өзі көктегі тұрған күліп.

1. Достық дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Шын досты қалай білуге болады?
3. «Досы көпті жау алмайды» деген сөзді түсіндіріңдер?
4. Достары көп болу үшін адам қандай болуы қажет?

IV. Мәтінмен жұмыс. Екі дос (Ел аузынан)

Ертеде ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде қазақтың екі
жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында қос тігіп дамылдапты. Тұтқиылдан
жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Малды айдап, мүліктерін тиеп кетіпті.
Қолға түскен азаматтарды айдап әкетіпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына
түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара
суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған
жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын
өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің
оған айырбастап берер малым-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің
өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, - дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір
бөлшегін ғана берсең болады, - дейді.
- Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек? – дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып
аламын.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат, - дейді.
Жігіт бұл сыннан сүрінбей өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі
қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан
келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға
соғады.» деп түйеді. Сөйтіп өз әскерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.

1. Екі жауынгер қалай дос болыпты?
2. Қазақ жауынгері досын тұтқыннан құтқару үшін не деді?
3. Қосбасы оны қалай сынамақ болды?
4. Қолбасының өз әскерлерін алып кетуіне не себеп болды?
5. Бұлар қалай достасты?

V. «Достық.Бірлік.» үйін салу.
- Балалар, біздің адал достарымыз әлде де көп болу үшін, үлкен үй
салуымыз керек. Сол үлкен үйді бәріміз бірге салып көрейік.
Мақал-мәтелдер
1. Шын дос үшін қалайда,
Тік қатерге басыңды.
Айыра біл алайда,
Досыңменен қасыңды.
2. Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас.
3. Досың мың болса да – аз,
Дұшпаның біреу болса да – көп.
4. Досыңменен дос болғанға шаттан
Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан.
5. Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық.
6. Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.
7. Өрге жүзген өнегелі ісіңмен,
Адал дос тап тең құрбыңның ішінен.

VI. Тыныштық сәті.
- Балалар, орындарыңызға емін-еркін жайғаса отырыңыздар. Енді көзімізді
жұмып, әркім өзінің досы, оның жалқы қасиеттері туралы ойлаймыз. (2-3
секунд)
- Балалар, достарымызды ойлап болсақ, көзімізді ашайық. Параққа аты-
жөнімізді жазып, ойлаған досымыздың есімін жазайық.

VII. Дәйек сөз.
- Енді балалар, бүгінгі тақырыбымызға сай мына дәйек сөзді жаттап,
дәптерімізге жазып алайық. «Шын дос – таусылмас қазына»

VIII. Социометрия әдісі.
Мақсаты: Балалар ұжымдағы өзара қарым-қатынасты анықтау, алынған
мәліметтерді оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану, топ ішінде

психологиялық қолайлы жағдай орнату.
Нұсқау: Балалар, сіздерге қазір сұрақтарқойылады. Сол сұраққа осы өз
кластастарыңнан үш адам есімдерін жазасыңдар.
1. Кіммен дос болғың келеді?
2. Партада кіммен бірге отырғың келеді?
3. Мерекелерде кімге сыйлық бергің келеді?

IX. Жүректен-жүрекке жылы лебіз білдіру.
- Балалар шаттық шеңберіне келе қойыңыздар. Енді қасымыздағы адамға
жүрегіміздегі жақсы жылы лебізді білдірейік. Мұғалімдерге жүрекке жылы
сөздер жазып беру.

X. Қорытынды.
1. «Қоршаған ортамен қарым-қатынас» тесті
- Адамдар тек қана бір-бірімен дос болып қана қоймайды, қоршаған ортамен
де дос болады екен.

|№ | |Достар-ме|Табиғат-п|Құстар-ме|Кітап-пен|Жануар-ла|Көше-мен |
| |Қоршаған |н |ен |н | |рмен | |
| |орта | | | | | | |
| |Сұрақтар | | | | | | |
|1 |Сіз кіммен | | | | | | |
| |доссыз? | | | | | | |
|2 |Мониторинг | | | | | | |

2. Өміршеңдік ережесі.

Әр адамның ережесі - өз жүрек қалауымен жүру және батыл әрекет жасау.
Сол сияқты иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен іштей табысқа жетуге
талаптанып, өміршеңдік ережелерін айтайық.
1. Жігер деген – Мен
2. Күш деген – Мен
3. Махаббат деген – Мен
4. Кешірім деген – Мен
5. Құдірет деген – Мен
6. Жасөспірімдік деген – Мен
7. Жастық шақ деген – Мен
8. Денсаулық деген – Мен
9. Адалдық деген – Мен
10. Жарқындылық деген – Мен
11. Бар ғажайып деген – Мен
Хормен: Бәрі маған байланысты,
Бәрі менің қолымда.

3. «Ризамыз» әнін айту

Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз бүгінге біз.
Ризамыз бүгінге біз,
Ризамыз қазірге.
Ризамыз3 бүгінге біз,
Ризамыз3 қазірге.

4. Үйге тапсырма.
«Жүректен шыққан» деген күнделік арнау. Күнделікті кімнен жақсы сөз
есіттің, кімге жақсы сөз айттың, сол жақсы жылы сөздерді жазып жүру.

Сабаққа қатысқан оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар бүгінгі сабақтан
алған әсерлерін жазып күнге жабыстырады.

-----------------------

Қамқоршы

Ұқыпты

Шыншыл

ДОС

Білімді

Қайырымды

Адал

Мейірімді

Көмектеседі

Жанашыр

Ұқсас жұмыстар
Көңілді эстафета спорттық сайыс
Тақырып - Қыс қызығы
Көңілді тапқырлар туралы ақпарат
А.құнанбаев. «жаз» өлеңі. 3-сынып
Брейн-ринг
Сенімді адам
Дербес компьютердің архитектурасының қазіргі заманғы даму тенденциялары
Графикалық редактордың сурет салу құралдары
Алғашқы гүлдер
Қызықты көңіл, студенттік өмір!
Пәндер