Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дала зонасы

Қаратөбе мектеп-гимназиясының
география пәнінің мұғалімі
Сүлейменова Ләззат Батырбекқызы
Орманды дала және дала зоналары
Мақсаты: а) Қазақстанның орманды дала және дала зоналары
тақырыбы
бойынша оқушыларға осы екі зонаның
жер бедері мен климаты
табиғат зоналарының қалыптасуына
қалай әсер ететінін түсіндіру.
Табиғат компоненттерінің өзара
байланысы табиғат зоналарының
дамуына қалай ықпал ететіні
жөнінде мағлұмат беру;
б) Оқушылардың жаңа технологиямен жұмыс
жасау дағдыларын
одан әрі қалыптастыру, өз бетінше
жұмыс жасай білуге
дағдыландыру;
в) Орманды дала және дала зоналарының
табиғатын ұқыптылықпен
сақтап, тиімді пайдалану жолындағы
көзқарастарын қалыптастыру;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, жинақтау, анықтау
Көрнекілігі: электронды оқулық, зоналар бойынша кеппешөптер,
өсімдік және жануарлар әлемі (суретті энциклопедиялар), буклеттер
Пәнаралық байланыс: биология, өлкетану, жаратылыстану
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың орманды дала және дала зоналарының айыра
алуы, картадан табиғат зоналарының шекарасын нақты анықтай білуі
Не арқылы: салыстыру, карта бойынша анықтау, сәйкестендіру,
жинақтау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1) Сұрақ-жауап
1. Қазақстанда кездесетін өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуна климаттың қандай әсері
бар?
3. Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері «Қазақстанның Қызыл
кітабына» енгізілген?
4. Өсімдіктер мен жануарлар жазықтарда және тауларда қалай таралады?
5. Табиғат зонасы дегеніміз не?
6. Ол қандай компоненттерден тұрады?

2) Қазақстанның табиғат зоналарының картасына қарап, Қазақстан
территориясына қандай табиғат зоналары тән екенін анықтаңыз.
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Оқушылар электронды оқулықтан жаңа сабақтың мәтімен танысады.

|қ/с|Табиғат |Климаттық |Топырақ |Өсімдіктері |Жануарлары |
| |зоналары |жағдайлар |түрлері | | |
|1 |Орманды дала |Жазғы шілде |Орманның |Бетеге, боз, |Саршұнақ, |
| |(Қазақстан |+180-+200 |сұр |бидайық, |сұртышқандар,|
| |территориясының|қаңтардың |топырағы, |арпабас, қайың,|егеуқұйрық, |
| |0,4%-ын алып |орташа |қара |қоңырбас, |қосаяқтар, |
| |жатыр) Жалпы |температурас|топырақ |құлпынай, |тышқандар, |
| |жер көлемі 1 |ы -170-190 |(қалыңдығы |қарағай, қияқ, |түлкі, елік, |
| |млн га. |кейде |75 см). |ебелек, |қасқыр, |
| |Қазақстанның |-510-530. |Солтүстікте|жоңышқа, |сусар, бұлан,|
| |солтүстігінде |Жауын- |9% шірінді,|қояншөптер. 10 |тоқылдақ, |
| |орналасқан. |300-350 мм |оңтүстікте |млн га ауданды |көкек, |
| |Батыс Сібір |мөлшерінде |6% шірінді.|алып жатқан |күйкентай, |
| |жазығы мен | | |ормандарында |қараторғай. |
| |Жалпы Сырт | | |қайың, емен, |Ормандарында |
| |қыратының | | |жөке, |тиін, құр, |
| |азғана бөлігін | | |қандыағаш, |сұңқар. |
| |қамтиды. | | |көктерек және |Көлдерінде |
| | | | |қарағайлар бар.|тырна, үйрек,|
| | | | |Дуброва, Мамлют|қаз, шағала, |
| | | | |қорықшасындағы |ондатр. |
| | | | |ормандар | |
| | | | |қорғауға | |
| | | | |алынған. | |
|2 |Дала |Климаты |Қара және |Боз, бетеге, |Саршұнақ, |
| |(республиканың |континентті.|қызыл |атқонақ, |қосаяқ, |
| |жер көлемінің |Шілдеде |қоңыр; қою |еркекшөп, |алақоржын, |
| |29%-ын алып |+180+230 |қызғылт |жайшөп, жусан; |қасқыр, |
| |жатыр). Жалпы |кейде |кейде |Емдік қасиетті |борсық, суыр,|
| |жер көлемі 77 |+200+240, |сортаң |итмұрын, |қарсақ, |
| |млн. га. Зонаға|қаңтарда |топырақты |меңдуана, |ақбөкен. |
| |Батыс Сібір |-160-тан |жерлер |жанаргүл, |Безгелдек, |
| |жазығының |-180-қа |кездеседі. |бидайық, қияқ, |тырна, |
| |оңтүстік шеті, |дейін. |Топырағында|құрақ, шайшөп, |бозторғай, |
| |Торғай |Жауын-шашын |6 шірінді |дәрілік |бүркіт, |
| |үстіртінің |– 300мм. |бар. Бұл |валериандар. |батпақ |
| |солтүстігі, |(220-310мм) |зонаның |Наурызым және |құстары, қаз,|
| |Мұғалжар тауы | |басқалардан|Қорғалжын |шағала, |
| |түгелдей | |ерекшелігі,|қорығы бар. |үйрек, |
| |дерлік, Жалпы | |28 млн га | |аққұтан, |
| |Сырт сілемдері,| |жер | |қызыл үйрек, |
| |Каспий маңы | |1954-59ж. | |сары ала қаз,|
| |ойпатының | |Тың және | |аққу, торғай.|
| |солтүстік | |тыңайған | |16 кг салмақ |
| |жартысы, Орал | |жерлерді | |беретін |
| |етегі, Жем | |игеру | |дуадақ құсы |
| |үстірті, | |мақсатында | |бар. |
| |Сарыарқаның | |жыртылған. | | |
| |солтүстігі мен | | | | |
| |орталық | | | | |
| |аудандары | | | | |
| |жатады. | | | | |

ІІІ. Бекіту тапсырмалары:
1) Сан және әріптерді пайдаланып, әр табиғат зонасына тән белгілерін
көрсету.

|Зоналардың белгілері |Зоналар |
|Батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге |А – орманды дала зонасы |
|созылған кең алқапты қамтиды, |Ә - дала зонасы |
|шамаман 540-550 с.е. аралығында | |
|орналасқан. | |
|Қазақстан жеріне тек оңтүстік шеті | |
|сүйірленіп кіреді. | |
|Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт | |
|қыратының азғана бөлігін алып жатыр.| |
| | |
|Топырағы қара және қызыл қоңыр | |
|типіне жатады. | |
|Бұл зонада Дуброва, Мамлют | |
|қорықшалары орналасқан. | |
|Тың және тыңайған жерлерді игеру | |
|жылдарында зонаның 28 млн га жері | |
|жыртылған. | |
|Шөптесін өсімдіктерден боз, бетеге, | |
|атқонақ, еркекшөп, қаңбақ өседі. | |
|Зонада құстардан дуадақ бар. | |
|Кейбіреуінің салмағы 16 кг-ға | |
|жетеді. | |
| | |
| |А – |
| |Ә - |
| | |

2) Орманды дала және дала зоналарын салыстырыңыз.
|Орманды дала зонасы |Ұқсастығы |Дала зонасы |
| | | |
| | | |

3) Тест жұмысы.
1. Қазақстанның дала зонасының кеміргіш жануарлары:
А) Саршұнақ
В) Қарсақ
С) Қасқыр
Д) Борсық
Е) Қоян
2. Қазақстанның Солтүстігінде таралған орманды дала топырағы:
А) Құмлы-сазды топырақ
В) Қара топырақ
С) Құм топырақ
Д) Күлгін топырақ
Е) Ферралит топырақ
3. Қазақстанның дала зонасының көлемі. (%)
А) 26%
В) 28%
С) 23%
Д) 25%
Е) 29%
4. Орманды дала зонасында Қазақстнның ... бөлігі орналасқан.
А) Батыс шекарасында
В) Солтүстік-батыс
С) Оңтүстік
Д) Солтүстік
Е) Оңтүстік-шығы

5. Қызыл қоңыр топырақ аймағы:
А) Таулы аймақ
В) Дала
С) Шөл
Д) Орман
Е) Орманды дала
6. Дала зонасы топырағында өсетін өсімдіктер.
А) Қайың, ақтерек, сәбізшөп, тошала
В) Жантақ, сексеуіл, қоңырбас, көкнәр
С) Қайың, тошала, жантақ, изен
Д) Изен, ебелек, көкбек, жатаған
Е) Боз, бетеге, бидайық, арпабас
7. Қазақстанның орманды дала зонасында өсетін өсімдіктер.
А) Жолжелкен, жауқазын, қызғалдақ
В) Қараот, ебелек, түйеқарын
С) Мия, құм акациясы, адыраспан
Д) Жусан, изен, теріскен, көкпек
Е) Арпабас, бидайық, жабайы құлпынай
8. Даланың 16 кг-дық құсы:
А) Тырна
В) Қаз
С) Дуадақ
Д) Шағала
Е) Гагара
ІҮ. Үй тапсырмасы:
1) § 38 Орманды дала және дала зоналары
2) Кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіру.
3) Орманды дала және дала зоналарындағы Қызыл кітапқа енген өсімдіктер
мен жануарлар дүниесінің тізімін жасау.

Әдебиеттер:
1) Ә.Бейсенова, Қ.Карпеков, Қазақстанның физикалық географиясы 8 сынып
2) Б.Асубаев, Г.Сүлейменова, Қазақастанның физикалық географиясы, Оқыту
әдістемесі.
3) Қазақстанның физикалық географиясы, хрестоматия
4) Қазақстанның өсімдіктер дүниесі (суретті энциклопедия)
5) А.А.Иващенко, Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы,Қызыл кітап
беттерінен (энц)
6) Животный мир Казахстана , энциклопедия

Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы

Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік америка материгінің табиғат зоналары
Шөл зонасы. 7 сынып
Солтүстік америка материгі
Еураияның халқы және елдері
Географиялық белдеулер. 10 сынып
Қазақстан қорықтары
Сабаққа презентация
Оңтүстік американың халқы және елдері жайлы ақпарат
Оңтүстік Американың табиғат зоналары. Материктер мен мұхиттар географиясы
Қазақстандағы топырақ типтері. 8 сынып
Пәндер