Жылу берілуінің түрлерін ата

С. Серіков атындағы орта мектеп
Тақырыбы: «Ішкі энергия» тарауын қайталау
Өткізген: Сейтығалиева Рыскүл Молдағалиқызы
2011 жыл
Сабақтың тақырыбы: «Ішкі энергия» тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушының оқу қабілеттерін, білім-білік, таным ерекшеліктерін арттыру. Білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау. Алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, танымдық әрекетін, ой-өрісін, танымдық әрекетін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, төзімділікке, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта.
Түрі: Модульдік технологияның «Бақытты сәт» ойыны түріндегі сабақ.
Типі: Білімді тексеру, сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: Химия, география, математика, технология, информатика пәндерімен.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа қатысып отырған оқушыларды түгендеп, сыныпты екі топқа бөліп ұйымдастыру.
ІІ. Мұғалімнің сөзі.
ІІІ. І-гейм. «Бой сергіту». Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.
А-тобына берілетін сұрақтар:
1. Жылу берілудің қай түрі қатты денелерді қыздыруға негізделген?
- Жылу берілудің қай түрі энергияның тасымалдануы негізінде жүзеге асады?
- Ауа мен алюминийдің қайсысының жылуөткізгіштігі жоғары?
- Ағаш ұнтағы мен мыстың қайсының жылуөткізгіштігі төмен?
- Қай кастрюлдегі сұйық жылдам суиды: қақпағы жабық кастрюлдегі ме, әлде қақпағы ашық кастрюлдегі ме?
- Ауасыз кеңістікпен бөлінген денелер арасында болатын жылуберілу түрін анықта.
- Ағаш есік пен оның темір тұтқасы қандай температурада бірдей қыздырылған тәрізді көрінеді?
- Егер қанша энергия шығарып, соншалықты энергияны жұтатын болса, дене температурасы қалай өзгереді?
- Металдарды дәнекерлеу мен балқытап пісіру процесі қандай құбылысқа негізделген?
Б-тобына берілетін сұрақтар:
- Сұйықтарда жылу берілудің қай түрі жүзеге асады?
- Конвекцияның түрлерін ата?
- Болат пен ағаштың қайсысының жылуөткізгіштігі аз?
- Темір мен мақтаның қайсысының жылуөткізгіштігі жақсы?
- Құм мен ауаның қайсысында жылу берілу конвекция түрімен беріледі?
- Қандай температурада ағаш есікке қарағанда металл тұтқаның температурасы салқындау көрінеді?
- Жылу берілуінің түрлерін ата?
- Егер көп энергия шығарып, аз энергия жұтатын болса, дене температурасы қалай өзгереді?
- Тәжірибе жасау үшін пайдаланылатын жез және болат өзекшелердің қайсысының жылуөткізгіштігі жоғары?
ІІ-гейм. « Бөшкеден шыққан бас қатырғылар». « Команда мүшелері бөшкеден шыққан шарлардың нөмірлеріне сәйкесті сұрақтарға жауап береді.
А тобы
- Массасы 300г болат бөлшекті 400С дан 12400С ға дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет.
- Массасы 500г қорғасынды 270С дан 470С ға қыздыру үшін 1140 Дж жылу мөлшері қажет. Қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығын табыңдар.
- Массасы 0, 9кг алюмий шәйнекті массасы 4 кг суды қайнату үшін қанша жылу мөлшері қажет. Судың бастапқы температурасы 220С.
Б тобы
- Массасы 0, 8кг мыс кесегін 2820С дан 320С ға салқындату үшін қанша жылу мөлшері бөлінеді.
- Массасы 5, 5кг торфты жаққанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
- Температурасы 100С болатын 8кг салқын суды температурасы 850С, массасы 4 кг ыстық сумен араластырды. Қоспаның температурасын анықтаңдар.
ІІІ- гейм. «Сен - маған, мен - саған». Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды.
(Үй тапсырмасы)
IV -гейм. « Жұмбақтас». Сұраққа жылдам жауап берген команда ұтады. Дайын болса қолдарын көтеру керек.
- Кеседегі ыстық шәйді стөлден сөреге алып қойды. Осы жағдайда шәйдің ішкі энергиясы қалай өзгереді?
- Автомобиль қозғалғанда өзінің жылдамдығын 36 км/сағ - тан 90 км/сағ -қа өзгертті. Осы жағдайда оның ішкі энергиясы қалай өзгереді?
- Массалары тең екі мыс шар бірдей биіктіктен құлады. Біріншісі - балшыққа құлады, екіншісі - тасқа құлап, серпіліп көтерілгенде біршама биіктіктен қолмен ұстап алды. Осы шарлардың қайсысы ішкі энергиясын көбірек өзгертті?
- Автомобиль қашан көп жанармай жұмсайды: аялдамасыз жүргенде ме, әлде аялдамаға тоқтап жүргенде ме? Неге?
- Құрлықта күндіз ыстық, ал түнде температураның 00С қа дейін төмендеуі неге байланысты?
- Жаздыгүні өте үлкен су қоймаларына жақын жерлерде, одан алыс жерлерге қарағанда онша ыстық болмау себебі неде?
V- гейм. «Көсемдікке ұмтылу»
А тобы
- Берілген екі нақты заттың қайсысының меншікті жылусыйымдылығы көп екендігін қалай тексеруге болады?
- Ауа жылуды қалай өткізеді?Оны экспериментті түрде қалай
көрсетер едің?
Б тобы
- Металдар жылуды қалай өткізеді? Оны экспериментті түрде қалай өрсетер едің?
- Сұйықтар жылуды қалай өткізеді? Оны экспериментті түрде қалай өрсетер едің?
ІV. Сабақты қорытындылау: Оқушыларды бағалап, үйге тапсырма беру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz