Геометрия: жазықтықтар мен түзулерге арналған жартыжылдық бақылау жұмысы (1 және 2 нұсқа)

Геометрия
1 Жарты жылдық
1-нұсқа
1) А) α жазықтығында жататын және қиылысқан а және в түзулері берілген. с түзуі бұл түзулермен қиылысады. Осы түзулердің α жазықтығына қатысты орналасу жағдайының суретін салып көрсет.
2) а) а мен в айқас және в мен с айқас түзулер. А мен с түзулері де айқас деп тұжырымдауға бола ма?
3) а) Айқас екі түзудің бірін қиятын, ал екіншісіне параллель болатын барлық түзулер бір жазықтықта жататынын дәлелде.
4) а) АВС үшбұрышының А төбесі тік, осы төбесі арқылы оның гипотенузасы ВС-ға параллель жазықтық жүргізілген. В төбесінің биссектриссасы α жазықтығын N нүктесінде қиып өтеді . Егер ВС= 5дм, СА=3 дм болса, АN- нің арақашықтығын табыңдар.
5) а) Үшбұрыштың екі қабырғасы α жазықтығына параллель. Үшбұрыштың орта сызығының да осы жазықтыққа параллель болатынын дәлелде.
2-нұсқа
1) ә) а мен в түзулері М нүктесінде қиылысады. М нүктесінен өтпейтін с түзуі а, в түзулерімен қиылысады. А, в, с түзулері бір жазықтықта жатады деуге бола ма?
2) ә) а мен в айқас түзулер, ал а 1 мен в 1 сәйкесінше а мен в түзулеріне параллель түзулер. а 1 мен в 1 айқас түзулер бола ма?
3) ә) Әрбір екеуі қиылысатын төрт түзу берілген. Берілген түзулердің бір жазықтықта жататынын немесе бір түзуден өтетінін дәлелде.
4) ә) αжәне β параллель жазықтықтары берілген. Олардан тыс жатқан К нүктесі арқылы жазықтықтарды қиятын а және в түзулері жүргізілген. Олар α жазықтығын А 1 және В 1 нүктесінде ал β жазықтығын А 2 және В 2 нүктелерінде қиып өтеді. КА 1 =8дм. А 1 А 2 =12 дм, А 2 В 2 = 25 дм. А 1 В 1 -дің ұзындығын табыңдар.
5) ә) Трапецияның бүйір қыры α жазықтығына параллель . Трапецияның табандары мен трапеция жазықтығының осы жазықтыққа параллель екендігін дәлелде.