Өктемшіл, демократиялық және делегирияшыл көшбасшылық стильдерінің салыстырмалы талдауы

№1 карточка. Өктемшіл көшбасшылық . Өктемшіл көшбасшылық кезінде көшбасшы мен топ арасында анық аралық байқалады. Ол шешімді өзі қабылдайды, топпен сирек ақылдасады, себебі ол топтың жұмысынан қандай нәтиже алғысы келіп тұрғанын өзі біледі. Оның басты қаруы «қатаң талап». Былай қабылдаған шешімнің креативтігі аздау және бұл стильде бақылау мен өктемдік басым. Егер тапсырманы шұғыл арада орындау керек болып, уақыт аз болса немесе көшбасшы өз тобын жақсы білетін болған жағдайда, өктемшіл көшбасшы қолайлы болады.
№2 карточка. Сыйласымдық (демократияшыл) көшбасшылық. Зерттеушілердің ойынша, мұндай көшбасшылықтың түрі тиімдірек. Демократияшыл көшбасшылар топ мүшелерін бағыттай отырып, олардан идея мен кеңестер алып отырады. Әр қатысушының ой-пікірі сапалырақ болуымен ерекшеленеді. Демократияшыл көшбасшы топ мүшелерінің барлығының қатысуын қадағалайды және кеңейтеді; бірақ соңғы шешімді көшбасшы қабылдайды. Топ мүшелері жұмыс барысына белсенді түрде тартылады және шығармашылықтың жоғары көрсеткішін көрсетеді.
№3 карточка. Делигирияшыл көшбасшылық. Делегирияшыл көшбасшы ешқашан топтың жұмысына араласпайды. Ол өзінің қол астындағыларға толық ерік береді. Яғни, небір шешімдер мен толық ерік береді. Делегириялық әдіспен жұмыс жасағанда, қай салада болсын, жұмысының біліктілік танымы өте жоғары болуы керек. Делегириялық әдістің жаман жері: егер көшбасшы жоғары деңгейдегі маман болмаса қызметкерлермен ұсынылған әдістің тиімділігін қадағалау қиынға соғады.