Жігіт сұлтаны сайыс сабағы: мектепалды даярлық ұлдарына арналған тәрбиелік және шығармашылық бағдарлама

ЖІГІТ СҰЛТАНЫ

Сабақтың мақсаты: тәрбиеленушілерді отансүйгіштікке, батырлық пен батылдыққа баулу. Бойындағы өнерлерін көрсетіп, жеңіске жетуге талпыну. Мәдениеттілік пен әдептілікті бойларына сіңіріп, шығармашылықтарын одан әрі дамыта түсу.

Көрнекілігі: Әдемі безендірілген шарлар, плакатқа салынған суреттер мен мақал-мәтелдер.

Береке де осында,

Мереке де осында.

Болып жатыр той-думан,

Қырандардың қасында, -

дей келе, мектепалды даярлықкласс ұлдары арасында өткізгелі тұрған «Жігіт сұлтаны» сайысын ашық деп жариялаймыз.

Асқақтаған ән дайын,

Күмбірлеген күй дайын.

Ал, қанекей қырандар!

Босқа қарап тұрмандар.

Бастап жігіт өнерін,

Алыстарға самғаңдар, -

деп сайыскерлерімізді қошеметпен қарсы алу.

Сайысымыздың жоспарымен таныстыру:

І. «Мен қазақтың ұлымын» таныстыру.

ІІ. «Өерлінің өрісі кең» өнер көрсету.

ІІІ. «Адам көркі-шүберек» сән көрсетілімі.

ІV. Қорытынды.

Келді міне, бүгін сын алуға,

Сын алып үлкендерден үлгі алуға.

Салты бар өнерлі осы ортада,

Берер деп әділқазы әділ баға.

Әділқазы алқасымен таныстыру.

Сайыскерлер өз номерлерін анықтау.

Беташарын сайысымыздың бастайық,

Көрерменді бір серпілтіп тастайық.

Сайыскерлер таныстырып өздерін,

Білгірлерді ду қол соғып қостайық.

Таныстыру.

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Қонақтарды құрметтеп,

Би қимылын жасайық.

Би «Тентегім».

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

«Өнерлінің өрісі кең» байқауында,

Қол соғып, барша халық тамсаныпты.

Өнер көрсету.

Мың бұралып би билеп,

Шығамыз біз ортаға.

Бүгінгі той тамаша,

Қуанамыз балаша.

Би «Көбелектер ».

Білім оймен арымыз,

Рухани нәріміз.

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз бәріміз.

Сән көрсетілімі.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

Ән: «Ел қорғауға әзірміз».

Ат өнері білінбес,

Бәйгеге түсіп жарыспай.

Ер өнері білінбес,

Қоян-қолтық алыспай.

Мың бұралып би билеп,

Ән де салып береміз.

Осылайша шаттықпен,

Біздер өсіп келеміз.

Би: « Қазіргі заман биі».

Әділқазы ларға сөз. Марапаттау.

Қорытынды:

Бүгін міне, оң болып әр сөзіміз,

Жоғары боп күш-жігер намысымыз.

Осылайша қуанышпен думандатып,

Аяқталды халайық сайысымыз.

Алтыншоқы орта мектебі

Сайыс сабақ

Сихимбаева Рымхан Абилхайдаровна.

0-класс


Ұқсас жұмыстар
Жігіт сұлтаны: мектепішілік ұлттық тәрбиеге арналған сайыс сценарийі
Мектепалды даярлық сыныбының Сыныптағы жігіттің сұлтаны тәрбие-өнер сайысының мақсаты, бағдарламасы және бағалау жүйесі
1-сынып оқушыларына арналған Жігіт сұлтаны сайысының сценарийі
Жігіт сұлтаны сайысының әдістемелік және ұйымдастырулық сценарийі
Кішкентай сәнқойлар 2012: Наурызға арналған мектепалды даярлық тобының тәрбиелік-сайыс бағдарламасы
Жігіт Сұлтаны 2014 байқауының сахналық сценарийі және өткізу бағдарламасы
Бастауыш сынып тәрбие сағаты: Жігіт сұлтаны сайысының мақсаты, шарттары және сценарийі
2-сынып оқушыларының Жігіт сұлтаны: ұлттық дәстүрлер мен өнер сайысы
Мектепалды даярлық тобына арналған тіл дамыту сабағы: Көктем
Көрікті көктем: мектепалды даярлық тобына арналған экология сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz