2-сынып математикасы: Бірдей сандарды азайту тақырыбы бойынша қайталау сабағы

Пәні: Математика

Сыныбы: 2 класс

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың бірдей сандарды азайту тақырыбы бойынша алған білімдері мен білік - дағдыларын анықтау. Берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, әдемі жазуға баулу. 2. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке, шапшаңдылыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу. 3. Оушылардың ақыл ой қабілеттерін, логикалық ой ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой - өрістерін кеңейту.

Сабақтың көрнекілігі: Тірек - схема, дидактикалық материалдар, тақта, үлестірмелі қағаздар, компьютер, тест сұрақтары.

Сабақтың жүргізу әдісі: Ойын, сұрақ - жауап, тиянақтау, өзіндік және жұптық жұмыс, логикалық.

Пәнаралық байланыс : Музыка, өмірмен байланыс, әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы: І Психологиялық дайындық.

ІІ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ Білімдерін тексеру .

1. Математикалық диктант.

2 + 10, 65 - 53, 8 + 4, 78 - 64, 12 + 0,

2. Балалар, біздің диктанттымыздағы сандарды атап шығайықшы. Кәне, енді 0-ден 12 - ге дейін тура және кері санайық.

1 слайд

12 алманы 4 тәрелкеге тең бөліп салды. Сонда әр тәрелкеде неше алмадан салынды?

2 слайд

Әжей шарадағы 4 литр қымызды 4 кесеге тең бөліп құйды.

Әр кесеге неше литр қымыз құйылды?

3 слайд

Ойын «Кім жылдам?»

Әр кеседе тапсырма бар. Егерде тапсырманы тез және қатесіз орындасаң. Әжейдің қымызынан ауыз тиеді.

4 кеседе 14, 15, 16, 18, деген сандар бар. Осы сандардың нәтижесінде нөлге шығатындай етіп, бірдей сандарды азайт.

Мысалы: 12 - 6 - 6 = 0

12 - 2 - 2 - 2 - 2 - 2 - 2 = 0

4 слайд

Наурыз мерекесі туралы не білеміз? Мерекені есімізге түсірейік. Кімдер және қандай өнер көрсетіп еді? Міне, сол наурыз мерекесіне арналған есеп берілген. Есептің шартын, сұрағын оқып орында. (№4, 182 бетте)

5 слайд

Ойлан, тап!

Бірліктерін қосқанда, ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан шығатын екі таңбалы санның қосындысын жаз. Оның мәнін тап.

Мысалы: 29 + 29 = 58 58 - 29 = 29

6 слайд

Тақтамен жұмыс

34 + 19 = 53 - 18 = 5 + 9 - 6 =

72 - 18 = 50 - 17 = 17 - (12 - 5) =

46 + 25 = 71 - 24 = 90 - (13 - 6) =

ІҮ Қорытынды кезең

Үйге: №5, 183 бет

Бағалау: Өзін - өзі бағалау парағын толтырту.


Ұқсас жұмыстар
Саяхат сабағы: Қайталау - бірдей сандарды қосу және азайту
2-сынып математикасы: 5-ті қосу және азайту бойынша қайталау сабағы
1-сынып математикасы: 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту бойынша пысықтау сабағы
2-сынып математикасы: ондық бойынша 5-ті қосу және азайту - қайталау сабағы
5-сынып: Аралас сандарды қосу және азайту - қайталау сабағы
Ашық сабақ: 1 Д сынып математикасы - Қайталау, 1-10 сандарды қосу және азайту
2-сынып: Жазбаша қосу және азайту тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Қайталау сабағы: үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту
5-сынып математикасы: аралас сандарды қосу және азайту алгоритмдері мен практикалық тапсырмалары
2-сынып математикасы: Кестелік қосу және азайту амалдарын қайталау және білімді бекіту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz