Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушылар жауабын бағалау

Өткізілу күні: 17.10.2014 ж
Мұғалім : Тәңірбердиева А.Ш
Сынып: 10 <<ә>>
Пән: биология

Сабақтың тақырыбы: Бактериялар тіршілік әрекетінің сан алуандығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды тірі ағзалардың ең көне түрі - бактериялармен таныстыру,анатомиясын,морфологиясын,қоректену,көбею және табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру,жаңа терминдерді түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін арттыра отырып,нақты және жылдам шешім қабылдауға,бақылау,сараптау және қорытындылай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: табиғатқа қатысты ғылыми көзқарас қалыптастыра отырып, бактериялармен күресу шаралары мен жеке бас гигиенасын ұстана білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, СТО ,тест
Көрнекіліктер : интерактивтік тақта, кесте,слайдтар, жасуша құрылысы муляж,микроскоп
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі- оқушылармен сәлемдесу арқылы олардың психологиялық ахуалын байқау,сыныптағы оқушыларды түгелдеу,сынып тазалығын және сыныптың сабаққа дайындығын бақылау. Жаңа сабақ барысымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасы
Ой шақыру
1. Қазіргі таңда ғылымға белгілі органикалық дүниенің қанша патшалығы бар?
2. Қандай құралдың көмегімен өсімдік,жануар,саңырауқұлақ жасушаларын,көзге көрінбейтін ағзаларды зерттеуге болады?
3. Осы оптикалық құралдың шығуы кімнің атымен тікелей байланысты?
4. Микроорганизмдер дегеніміз не?
5. Микробиология ғылымының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіңдер?
6. Цитология ғылымы нені зерттейді?
7. Тірі организмдерді ядросының жетілуіне байланысты неше топқа бөлеміз?

Жақсы , балалар біз сіздермен бүгінгі сабағымызға қажетті ақпаратты еске түсірдік.
Тарихи дерек.
Тарихи деректерге үңілсек,француз қолбасшысы Наполеон Пруст армиясымен шайқасқан кезде қарсылас армияның жауынгерлері белгісіз себептермен күннен - күнге әлсіреп,саны азая түседі.
Кездейсоқтық па?
Әдетте соғыс кезінде армияның жеңіс немесе жеңіліс табуы кей жағдайда қолбасшысының дарынына,яки болмаса жауынгерлердің дайындығынан емес,қандай да бір кездейсоқтықтарға байланысты болған.
Бүгінгі сабағымызда Пруст армиясының жауынгерлерінің санының азаюына не себеп болды, соны ашуға тырысайық. Жаңа материалды меңгере отырып жауынгерлердің санының азаю себебін ойланып,сабақ нәтижесінде түйіндеуге дайын отырамыз.
Демек сабағымыздың тақырыбы <<Бактериялар тіршілік әрекетінің сан алуандығы>>
ІІІ Жаңа сабақ
<< Қызығушылықты ояту>> кезеңінде оқушылар жаңа тақырып бойынша бактериялардың құрылысы, түрлері және табиғат пен адам өміріндегі маңызы туралы БҮҮ кестесін толтырады.
Білемін
Білгім келеді
Не үйрендім ?

1.Қысқаша мәлімет
Антони Ван Левенгук - нидерландық табиғат зерттеушісі,алғаш ұсақ ағзаларды ашқын ғалым. Левенгук тың ашқан жаңалығы микроағзалар дүниесін зерттеуге,микробиологияның дамуына жол ашты. Соның нәтижесінде бактериялардың табиғаттағы таралуын толық зерттеп білуге мүмкіндік туды. Бактерияларды облигатты паразиттер немесе космополиттер деп атайды себебі олардың түрлерін барлық құрлықтан кездестіруге болады. Бактерия - біржасушалы ағза,оның ірбір жасушасы қабықша мен цитоплазма және оқшауланбаған ядродан тұрады.
2. Бактериялардың көбеюі туралы - видео ролик
Қолайлы жағдайда (ауа,су,қорек жеткілікті болғанда) бактериялар бөліну арқылы көбейеді. Мұндайда бір жасуша екіге бөлінеді. Пайда болған жас жасуша әр 20 минут сайын бөлініп отырады.
3. Сергіту сәті
Есеп - геометриялық прогрессия;
Егер бактерия жасушасы кедергісіз әр 20 минут сайын көбейсе, 3 сағатта оның саны қаншаға жетеді?
(Жауабы : 3 сағатта бактерия саны -512 жасушаға көбейеді.)
ІҮ. Білімді бекіту
Ал оқушылар білімді бекіту үшін жаңа тақырып бойынша берілген терминдік сөздердің мағынасын ашу мақсатында қолымыздағы телефондар арқылы интернетті пайдаланайық.
> Эпидемия -
> Гоммоз -
> Бактериоз-
> Конъюгация -
> Трансдукция -
> Трансформация -
Жеке оқушылар тапқан мәліметті оқиды және дәптерлеріне анықтамасын жазып алады,сонымен қатар оқушылардың арнайы дайындаған қосымша мәліметтерін тыңдайық.
Ү. Сабақты қорытындылау:
<< Білдіру білмегенге білгенімді өзімнің деп білемін зор міндетім>> - деп М.Дулатов жырлағандай сабақтың басында қойылған сұраққа жауап алатын сәтке де жеттік.
Жауынгерлердің жаппай ауруға шалдығу себебі неде екен?
( жауабы: Пруст армиясының әлсіреуінің себебі әртүрлі жұқпалы ішек бактерия ауруына ұшырауы болатын, ал француз қолбасшысы өз армиясын арнайы күмістен жасалған қасықпен тамақтандырған болатын, себебі күміс антисептик немесе бактерияларды жоятын металл.)
ҮІ. Оқушылар жауабын бағалау.
Үй тапсырмасы мен жаңа сабақ барысында белсенділік танытқан оқушылар бағаланады.
ҮІІ. Үй тапсырмасы. §12 оқу және мазмұндау.

Ұқсас жұмыстар
Кері есептер. 3 сынып
Нигериядағы ұлтаралық қақтығыстар
Рационал сандарға амалдар қолдану жайлы ақпарат
Теріс сандарды қосу алгоритмін білу
Қысқа мерзімді жоспарлау. 7-класс. ет даму тарихы
Санның пайызын табу
Kurmangazy Sagyrbayuly
Оқушылардың жұмысы
Мәтін кейіпкерлері
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Пәндер