Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Дене бұлшық еттері

Бұлшық еттер,бұлшық ет типтері, олардың құрылысы мен маңызы.

Астана қаласы
№34 орта мектептің
биология пәнінің мұғалімі
М .А .Сағындықова

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға бұлшық еттің негізгі топтарын,

бұлшық еттердің маңызын
түсіндіру .

2. Бұлшық еттердің атқаратын қызметін салыстыра

отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін
қалыптастыру.
3. Адамгершіліке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс –тісілі: топпен жұмыс , СТО жобасының элементтері.

Құрал –жабдықтар: интерактивтік тақта, үлестірме қағаздар,
маркер, ватман.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география, салауаттану, сурет.

Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқушыларды топқа бөлу.

Үй жұмысын тексеру:
Үлестірме қағаз арқылы үй тапсырмасын тексеру.
1. Адам қаңқасы қанша сүйектен құралған? (200 ден аса)
2. Кеуде қуысында қандай ішкі мүшелер болдады? (Өкпе, жүрек)
3. Сүйектің пішініне қарай атап жаз?А (жалпақ) Ә (Ұзын) Б (Қысқа)
4. Сүйектің қозғалмалы байланынысы ... дейміз (буын)
5. Сүйектер байланысының түрлері А (Қозғалмалы) Ә (Қозғалмайтын)
Б (Аз қозғалатын)
6. Сүйек қандай ұлпадан тұрады? (Дәнекер)
7. Тірек – қимыл апаратын не құрайды? (Сүйек, бұлшық ет)
8. Қысқа сүйектерді ата (Омыртқа, білезік, алақан)
9. Жалпақ сүйектерді ата (жауырын, бас сүйектің ми және бет сүйектер,
қабырғалар, жамбас)
10. Ұзын сүйектерді ата (жіліктер)
11. Сүйек тұтастығының бұзылуын не деп атайды? (сыну)
12. Сүйек сынуының түрлерін ата? (ашық, жабық)

І Қызығушылығын ояту

Бұлшық ет деген сөзді естігенде ойымызға не түседі?
(әр оқушы жеке жұмыс жасап, дәптерлеріне түсіреді және жұппен, топпен
талқылайды)

Бұлшық ет туралы не білгіміз келеді? сұрағына жауап жазады.

|Білемін |Білгім келді |Үйрендім |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |

ІІ Мағынаны тану
Мәтінмен жұмыс
І. Мәтінді бөлікке бөлу
1. Жеке жұмыс
2. Жұппен жұмыс
3. Топпен жұмыс
4. Ортаға ой салу
Бұлшық еттердің маңызы.
Біздің организміміздің енжар бөлігі – қаңқаны бұлшық еттер қимыл –
қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттер тірек – қимыл жүйесінің белсенді бөлігін
құрайды. Олар біздің денемізді тік бағытқа ұстайды және денеміздің әр түрлі
қалыпқа келуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері ішкі мүшелерді
бірқалыпты ұстайды және қорғайды. Көкет (диафрагма) кеуде қуысын құрсақ
қуысынан бөледі. Көлденең жолақты бұлшық еттер көз алмасының қозғалуын,
жұтуды; қабырғааралық бұлшық еттер тыныс қозғалыстарын т.б. қамтамасыз
етеді. Адамда 600 –ден астам қаңқа бұлшық еттері бар және олар көлденең
жолақты ұлпадан түзілген.
Бұлшық еттің құрылысы
Біріңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек (миокард)
бұлшық еттері болады.
Біріңғай салалы бұшық еттер көптеген ішкі мүшелер, тамырлар қабырғасын
құрайды. Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді
жасушалардан тұрады. Олар арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге
асырылады.
Көлденең жолақты (қаңқа) бұлшық еттер көлденең жолақты талшықтардан тұрады.
Талшықтар ішінде нәруыз жіпшелері өтеді, оларға байланысты бұлшық еттер
жиырылады .Талшықтардан бұлшық ет шоғырлары, ал бұлшық ет шоғырларынан
бұлшық ет түзілген. Бұлшық еттер сіңірге айналатын дәнекер ұлпасымен
жабылған. Олар сіңір арқылы сүйек ойысына, төмпешігіне бекиді және қаңқаны
қозғалысқа келтіреді. Бұлшық еттерде көптеген қан тамырлары болады. Олар
арқылы бұлшық еттер қоректік заттармен және оттекпен қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар осы тамырлар арқылы алмасу өнімдері – тіршілік әрекетінің
зиянды заттары сыртқа шығарылады.
Бұлшық еттердің негізгі топтары. Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және
мойын, дене және аяқ – қол бұлшық еттері деп бөледі.
Бас бұлшық еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау
бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасады.
Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке, екінші жағы бас сүйектеріне бекиді.
Олардың жиырылуына байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы
жақ сүйектері қозғалады.
Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс – мимика береді: көз және
ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері. Олар теріге, не бір
ұшы теріге, екінші ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді.
Мойын бұлшық еттері басты тепе – теңдікте ұстайды, бас пен мойын
қозғалысына, сондай – ақ жұтуға қатысады.
Дене бұлшық еттері. Қабырғааралық бұлшық еттер және көкет тыныс
қозғалыстарын қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін өзгертеді. Құрсақтың
алдыңғы қабырғасы құрсақ бұлшық еттерінен түзілген. Бұл бұлшық еттер
жиырылып омыртқа жотасының иілуіне, тыныс алу қозғалыстарына, ішкі
мүшелердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар құрсақ қуысының мүшелерін
қорғайды. Арқада бас, кеуде қуысы мен қолдың қозғалуына қатысатын арқаның
трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері орналасады.
Аяқ – қол бұлшық еттері. Дельта тәрізді бұлшық еттер иық белдеуінде қолды
қозғалысқа келтіреді. Бицепс (екі басты бұлшық ет) қолды шынтақ буынында
бүгеді, ал трицепс (үш басты бұлшық ет)қолды жазады.
Сан арқылы тігінші бұлшық еті өтеді. Бұл – ең ұзын бұлшық ет. Санның
алдыңғы жағында санның төрт басты бұлшық еті - – тізе буынын жазатын
бұлшық ет орналасады. Ол сонымен қатар санды жамбас – сан буынында бүгуге
қатысады.
Мәтінмен танысып, қорғап болған соң кестені толтырады.

ІІІ Ой толғаныс
Мақалдың жалғасын табу
І топ
Шымиырдың сезім..... (Сергек)
ІІ топ
Білім баста
------------------ (Күш білекте)
ІІІ топ
Білек сүріндіре алмағанды
----------------------- (Білім сүріндіреді)
ІҮ топ
Білегі күшті бірді жығады
-------------------------------- (Білімі күшті мыңды жығады)
Тест арқылы білімдерін бекіту
Үйге тапсырма: § 27 95 кесте
Бағалау: Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау

Ұқсас жұмыстар
Жоғары сынып оқушыларының дене тәрбиесінің ерекшеліктері
Күлкі-көңіл ажары. Оқушылармен тренинг-сабақ
Деформацияланған денені қалпына келтіретін қандай күш
Интерактивті тапсырма
Баскетбол сабақ жоспары
Бастауыш сынып оқушыларының денсаулығын сақтай отырып білім беру
Ақ сұлама-жалпақ құрттар өкілі,сыртқы құрлысы,тіршілігі
Физика пәнінен қауіпсіздік техника ережелері
Спорттық жүгіру
Қарынның құрылысы және астың қорытылуы
Пәндер