Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Хан батыры

Қазақ батыры Қаракерей Қабанбай» тақырыбын сыныптан тыс жұмыстарда өткізу
Сыныбы: 5 «» сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ батыры - Қаракерей Қабанбай.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ батыры – Қаракерей Қабанбайдың өмірі, саяси
қызметі, ерлік істері туралы мәлімет беру, тарихи тұлғаның психологиясын
ашып көрсету оның ерлігі жайында кеңінен мәлімет беру, қазақ тарихындағы
батырдың алатын орнын анықтау.
Дамытушылық: Тұлғаның өмірін оқыту арқылы логикалық, аналитикалық
ойлауды дамыту және бабамыздың ерлігіне тарихи тұрғыдан баға бере білуге
дағдыландыру, танымдық қабілеттерін арттыру
Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырларының
ерлігін үлгі етуге, құрметтеуге үйрету.
Сабақтың түрі: Тарихи танымдық сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс, тірек сызбаларымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қ.Р. картасы, әдеби кітаптар, тақырыпқа байланысты
плакаттар.
Сабақтың өту барысы:
Жоспар:
1. Кіріспе Мұғалім сөзі.
2. Қабанбай батыр туралы деректер.
3. Қабанбай батырдың шыққан тегі.
4. Есімдері
5. Негізгі жорықтары.
6. Соңғы дем.
7. Қорытындылау

Сабақтың барысы:
Мұғалімнің сөзі:
І) Он сегізінші ғасыр – халқымыздың азаматтық тарихындағы қыры мен
сыры мол аса бір шатқалды кезен. Сайда саны, құмда ізі жоқ бытырап жүрген
елінің басын қоссам деп ниеттенген асыл азаматтардың тарих көшінің қым –
қуыт, аласапыран, ирімді тұстарында жарқ етіп, халық есінде мәңгі қалып
қойғаны анық. Қаракерей Қабанбай батыр – қазақ халқының жоңғар
басқыншыларына қарсы Азамат соғысында атамекен жері үшін, ар – намысы
үшін аянбаған санаулы қолбасылардың ең көрнектілерінің бірі. Осы батырымыз
жайлы халық аузында сақталып, біздің заманымызға жеткен, ел аузынан
жазылып, қағаз бетіне түскен жыр, әңгімелер лебі бар. Енді біз осы бабамыз
жайлы не білеміз және батырдың қазақ тарихынан алатын орнынақандай. Қандай
да бір болмасын тарихи тұлғанның өмірі жайлы басты мәліметтерді тарихи
жазба ескерткіштері береді деуге болады. Осы тұрғыдан алғанда
мектебіміздің кітапханасындағы сөрелерден алынған Батыр бабамыз жайлы
жазылған әдебиеттерге назар аударайық.
ІІ) «Кітап бұрышы»: Кішігірім кітап көрмесімен таныстырып өтеді. Яғни,
Көрмеге қойылған кітаптар:
1) Қабдеш Жүмәділов. «Дарабоз» І-ІІ томдары.
2) Шәкен Күмісбайұлы «Қаракерей Қабанбай» аруна баспасы.
3) Аманжан Жақыпов «Хан батыр Қабанбай»
4) Қайым Мұхаметқанов «Қаракерей Қабанбай»
5) Тағы да басқа мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мәліметтер
және т/б.
Өздерің байқағандай бұл кітаптар арқылы батыр бабамыздың өмірі мен оның
жүріп өткен жолы жайлы көптеген мәліметтер алуға болады. Ал негізінен
алғанда Қабанбай батыр бабамыздың жүріп өткен ізін зерттеудің негізгі үш
жолы бар, яғни олар:
1. Ауызша жеткен көркем сөз үлгілері (ақын – жыраулардың толғаулары,
аңыз - әңгімелер, өлең – жырлар)
2. Шежірелер (генеологиялық аңыздар)
3. Тарихи құжаттар.
Міне, осыларды бір – бірімен сабақтастыра қарастырғанда ғана тарихи
шындықты толығырақ тануға мүмкіндік ашылмақ.
ІІІ) Қабанбайдың шыққан тегі Найман тарихынан бастайды. Найман елі
Алтайдан Балхашқа дейінгі кең байтақ жерді мекендеген. Найман
мемлекеттінің орталығы Орхон өзенінің бйындағы Қарақорым қаласы (Қарабалық
қаласы). Бұл қала кейін Моңгол империясының астанасы болған. Ал Қабанбай
батырдың шежіресіне келсек, жоғарыда айтылғандай Найман руынан тарайды.
Найман руы – тоғыз таңбалы болып тарайды. Олар: Қаракерей, Садыр, Матай,
Төртуыл, Бағаналы, Ергенекті, Кетбұға, Келбұға.
Қаракерей Қабанбай батыр Байыстан тарайды. Мәмбет – Қожақұл, одан Қабанбай
батыр туылған. Ерасылдың /Қабанбайдың/ әкесі Қожағұл...сонау Жалаңтөс
баһадүр (1576-1656 ж.) дәуіріндегі, аса көрнекті де, аты әйгілі
батырлардың бірі болған.
Ал енді Батыр бабамыз өзінің ұзақ ғұмырында бірнеше есімдермен аталғаны
белгілі. Оның есімдері жайлы не білеміз. (тақтаға ілінеді)
1) 1 – ші оқушы «Ерасыл» - 1691 жылы етегі Алакөлге малынып жатқан
Тоқта-Барлық тауының маңында, Барқытбелдің күнгей жағына орналасқан
Мәмбет ауылында Ерасыл (Қабанбай) дүниеге келген. Оның азан шақырып
қойған есімі Ерасыл болған.
2) 2- ші оқушы. «Нар бала» - Оның бала кезінде дене бітімінің ерекше
тұлғалылығынан жеңгелері Нар-бала деп те атаған. Өйткені, ,ол он үш
жасар кездерінде үйретіп мінген тайлары, тіпті мөңкімек түгіл,
қайқаң қағып, қайысқан күйі тәлтіректей теңселіп әзер көтеретін
көрінеді. Ерасылдың аяқтары, мініп келе жатқан тайының еңселілігіне
қарамай, жер сызып отырады екен. Батыр бабмыздың женгелері еркелетіп
қойған есімі Нар бала.
3) 3 – ші оқушы. Ерасыл жездесінің қолында жылқыға көмектесіп, тазы
жүгіртіп серуен құрады. Күндер өте келе әлгі тауып алған сұр күшігі
өте жүйрік, ізшіл, қыран тазы болып жетіледі. Түлкіні із қуып
ұстауға, өте шебер болғандықтан тазы – «Ізбасар» деп аталады.
4) 4 – ші Оқушы. «Кеке атануы». Бірде жоңғарлар шауып, жылқы бағып
жүрген Ерасылдың ағасы Есенбайды өлтіреді. Осыдан Ерасыл алғашқы
ерлігін жасап ағасының кегін алады. Осыдан болар Оны жұрт кекшіл
кеке атаған екен.
5) 5 – ші оқушы. «Қабан, Қабанбай» - Қабанбайдың нағашысының ауылында
жүрген кезі болса керек, бір күні сол ауыл көшіп бір көлдің
жағасынан өткенде шошқаның қалың қабаны көшті жүргізбей қояды. Осы
кезде он неше жастағы Ізбасар қолына найза алып қалың қабанмен
айқасады да оның олайғысын олай, бұлайғысын былай жайратып, көшті
бастаап аман – есен өте шығады. Бала жиенінің батырлығғына сүйсінген
нағашысы Ізбасарға батасын беріп, « ай, қарағым – ай!» Қабаным – ай
– деп атайды. Содан бастап Ізбасар деген ат қалып Қабанбай аталып
кеткен екен.
6) 6- шы оқушы. «Дарабоз» - Қазақ жерлерін жоңғарлардан босату үшін
болған ірі соғыстарда асқан ерлік көрсеткен үшін Абылай хан
жарлығымен Дарабоз батыр атанған.
7) 7 – ші оқушы. «Хан батыры». Ал хан батыры атағы оның ханнан кейінгі
екінші тұлға, маңызды адам екенінің көрсетеді. Жұртшылық батыр
бабамызды Хан батыры деп те атаған екен.
Міне балалар өздерін көріп отырғандай Қабанбай батыр бабамыз өзінің
ұзақ та мәнді мағыналы ғұмырында бірнеше есімдермен аталып жұртшылық
аузында қалғанын көрдік.
ІҮ. Ал ендігі кезектте батыр бабамыздың тұлғалық жағынан мықты батыр,
ержүрек болып қалыптасуына әсер еткен орта жайлы сөз қозғасақ. Өздеріне
белгілі ол өзінің өмірінде жүзден астам шайқасқа қатысып, ондаған жекпе
жекте қарсыластарына дес бермеген. Олай болса Батыр бабамыздың қатысқан
ең маңызды шайқастары туралы не білеміз.

Қабанбай батырдың негізгі қатысқан шайқастары:

Бұланты Аңырақай Іле
Шаған Шорға
1726 ж 1730 ж 1730
ж 1745 ------ 1755 ж. ж.

1 – ші оқушы - 1726 жылы Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары,
Тайлақ батыр, Саурық батыр бастаған әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік
шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында "Қара сиыр" деген жерде
қалмақтарға қарсы соққы берді. Бұл Ақтабан шұбырынды жалдарының алғашқы
жеңісі еді. Бұл шайқас кейін тарихта «Қалмақ қырылған» соғысы деп
аталды.
2- ші оқушы - 1729 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс
басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сияқты батырлар бастаған қазақ
жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп
аталып кетті. «Аңырақай» шайқасы соғыстың тағдырын шешіп бергендей
болды, басымдық қазақ жасақатры жағына ауысты.
3 – ші оқушы - 1745-1755 жылдар арасында бірнеше ірі шайқастар
болады. Сондай шайқастардың бірі Шорға соғысы. Сексен күнге созылады,
екіншісі Шаған шайқасы бір жарым жылға созылады. Шаған шайқасы жөнінде
ерекше атап өткен жөн болады, себебі бұл шайқас қазақ пен қалмақтың
шешуші бас шайқасы ретінде ұғынылып, екіжақтан да бұл соғықа ірі
дайындықтар жүргізіледі.Қазақ халқының тағдыры үшін Қабанбайды
қолбасшылық өз абырой аруағы үшін бұл шайқастың маңызы өте зор.
Міне, 1716 жылдан 1757 жылға дейінгі 41 жылдық соғыста Қабанбай
бабамыз қан кешіп аттан түсіп бел шешпей, үнеміжортуыл үсінде халқын
жаудан қорғады. Қабанбайдың қанаты болған қасиетті пырағы Қуас аттың
тұйағы тимеген бұрыш сірә қазақстан өңірінде кемде – кем шығар.
Қабанбай жүрген жолдың картасын сызсақ Сыр бойы: Түркістан, Кіші жүз,
Есіл – Нұра, Көкшетау, Ертістің жоғарғы төменгі бойы, Еміл – Барлық,
Тарғыбатай – Іле, Балқаш, Қырғыздың Сырбелі болып кете барады. Ол өз
өмірінде соғысқа 103 кіріп, соның басым көбінде абыройлы жеңіске жетті
дейді халық зердесін оқыған тоқыған көнекөз қариялар. Өмірінің соңғы
кездерінде де жорық машығы Қабанбайды төсегінде бел шешіп еркін жатқыза
қоймапты.
Ү. Ал енді Қабанбай бабамыз Нашар жатқанда келген дана Бұқар жыраудың
айтқан сөзін С. Зұлқымардан естіп көрейік.
Қарт белдерiм үзiлiп,
Кемсеңдедiм егiлiп,
Айналайын, Қабанбай,
Кiретiн жауға тайсалмай,
Жау келгенде жарағым,
Асқынып елге дау келсе,
Баса-көктеп жау келсе,
Түрулi едi құлағың.
Кеше түсте естiдiм,
Қабанбай ауру дегендi,
Құлазып көңiлiм, қобалжып,
Жетiмсiреп жыладым.
Арғыннан айттым жүз кiсi,
Найманнан айттым жүз кiсi,
Үйсiннен айттым жүз кiсi
Үш жүз кiсi болар ма,
Басындырмас пырағым.
Айналайын Қабанбай
Құрбаныңа атаған қара мойын лағың,
Бұл дүниенiң қарты едiң,
әулиенiң арты едiң,
Батырлардың мәртi едiң
Сонымен Батыр бабамыз 1769 жылы дүниеден өтті. Ол өзінің артында мәңгі
өшпес із қалдырды. Оның ерлік істері бүгінгі таңда сендерге арқау болар,
тәрбиелік мәні басым сара жол, дана жол, дара жол.
Қорытынды: Қаракерей Қабанбай батыр қазақ халқының жоңғарларға қарсы
азаттық күресінің негізгі басшыларының бір ретінде төл тарихымыздың асқақ
тұлғаларының бірі. Осы тұлғалардың өмірі мен қазақ халқының қамы үшін,
жанқияр ерлік істері бүгінгі ұрпақ, біздер үшін қайталанбас тәлімдік
тәрбие, халқымыздың бай мұрасы. Қаракерей Қабанбай батырдың тарихымыздан
алатын орынын айқындау бүгінгі біздің сабағымыздың негізгі мәні мен
мазмұны болды. Ендігі кезекте осынау Батыр бабамыздың игі істерін
дәріптеу, ойға түйю өздерініздің еншілерінізде. Сабағымызды Нұрбектің
шығарған өленімен аяқтасақ деймін. Зейін қойып тындағандарынызға көп
рахмет.

-----------------------
Қаракерей Қабанбай

Хан батыры

Ерасыл

Ізбасар

Нарбала

Қабан

Кеке атануы

Дарабоз

Ұқсас жұмыстар
Абылай ханға Бөгенбай батырдың өлімін естірткен қай жырау
Қазақтың хас батыры-- Қарасай
Қазақ халқының ерлік істері
Исатай батыр
Парпария батыр
Деңгейлік тапсырмалар
Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз атты зияткерлік сайыс
Қазақ халқының ХVIII-XX ғасырлардағы ұлт – азаттық көтерілістері
Қазақ батырларының жоңғарларға қарсы.отан соғысы
Абылай хан (1711-1781жж). 5 сынып
Пәндер